Материалдар / "5 сыныптың бейімделуі" тренинг сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"5 сыныптың бейімделуі" тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
психолог маманы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2020
5378
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен 5 сыныптамын» тренингі

СҚО, Уәлиханов ауданы, Елтай орта мектебінің педагог-психологы Айтмаганбетов М.Х.

Мақсаты: оқушылардың 5 сыныпта бейімделуін анықтау.

  1. Тренинг. «Өзіңді мақта» оқушыға доп беріледі, кімге доп лақтырылса, сол оқушы өзін мақтайды. Мысалы, Мен-ақылдымын, әдептімін, әділмін....»

  2. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы. Оқушыларға сөйлемді тізімнен алып, жалғастыру тапсырылады. (ауызша). Мысалы,

  • «Менің ойымша мен....»

  • Басқалар мені... ойлайды.

  • «Мен... болғым келеді»

Сөздер тізімі: ұқыпты, белсенді, қонақжай, тәртіпті, білімді, жауапты, еңбекқор, кешірімді, шыдамды, батыл, сенімді, қарапайым, мәдениетті, қамқор, сабырлы, жылы жүзді, сыпайы, білімге құштар, кішіпейіл, кеңпейіл, таза, төзімді.

  1. «Ой қозғау» (ауызша). Оқушыларға көзді жұмып, 1-4 сыныпта оқығанын еске түсірткізу.

  • Бастауыш мектепте саған бәрінен де есте қалғаны не?

  • 5 сыныптан не күтесің?

  • 5 сыныпқа келгенде қиындықтар болды ма? Қандай қиындықтар? (Оқушыларға стикер тарату, қиындықты оқушылар жазады. Стикерді бүктеп, себетке лақтырады)



  1. Психогимнастика. ( қимылдармен көрсету)

Гүлдің ашылуын;

Бал жинаған араларды,

Жел соғып қозғалған теректерді

Күн шығып күлімсіреген күнді

Шөпте секірген шегірткені

Тор тоқыған өрмекшіні

Жылы жаққа ұшып бара жатқан құстар



  1. Сауалнама.

  2. «Менің сыныбым». Оқушыларға түсті қағаз бен қайшы таратылады. Оқушылар жұлдызды салып, оны қиып алу керек.

  • Біз барлығымыз аспандағыдай жарқыраған жұлдызбз. Осы жұлдызшаға өз сыныптарыңа тілек жазыңыздар













Сауалнама

5 сынып оқушыларының бейімделуі

  1. Мен тез шаршаймын (иә, жоқ)

  2. Меніңше, басқа балаларға қарағанда менің жағдайым жақсы (иә, жоқ)

  3. Мен өзімді еркін сезінемін (иә, жоқ)

  4. Менің бойымда бас айналу, жүрек айну, шаршау пайда болғандай (иә, жоқ)

  5. Мұғалімдер маған риза емес (иә, жоқ)

  6. Өз-өзіме деген сенімділік жетіспейді (иә, жоқ)

  7. Мен өзімді қауіпсіздікте жұргендей сезінемін (иә, жоқ)

  8. Мен қиындықтан қашамын (иә, жоқ)

  9. Мен тез енжіп, тез жылап қаламын (иә, жоқ)

  10. Мен жиі қақтығысқа түсемін (иә, жоқ)

  11. Мен үшін үй тапсырмасы күннен күнге қызықты болып бара жатыр (иә, жоқ)

  12. Мен мұғалімдердің айтұандарын түсінбеймін (иә, жоқ)

  13. Мен көпке дейін болған істі уайымдаймын (иә, жоқ)

  14. Менің ұйқым қанбайды (иә, жоқ)

  15. Бастауышты оқытқан мұғалімдер 5 сыныпта да бергенін қалаймын (иә, жоқ)



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!