Материалдар / "7 санына көбейту және бөлу кестесі" сабақ жоспары 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"7 санына көбейту және бөлу кестесі" сабақ жоспары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2019
2682
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚМЖ

Пәні: математика

Мектеп: "Өзін-өзі тану" гимназиясы

Сынып: 3

Мұғалім: Джунусова Айнур Асановна

Күні:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

7 санына көбейту және бөлу кестесі

Осы сабақ арқылы қол жеткізетін оқу мақсаттары:

3.1.2.4 6, 7, 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

Бөлім:

1.Сандар мен өлшемдер Кестелік көбейту және бөлу

Бөлімше:

1.2. Сандармен амалдар орындау

Ортақ тақырып:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар:

  • 2 ден 6 ға дейінгі көбейту және бөлу кестесін жатқа айтады.

  • Көбейту және бөлу кестесі бойынша амалдар құрастырады,мәнін табады.

Көптеген оқушылар:

  • 7-ге көбейту және бөлу кестесін құрастырады және бөлу амалын пайдаланып кері амалдар орындайды.

  • Көбейту амалын есептемей қандай жағдайда салыстыратынын ұжымда талқылайды.

  • Өрнектердің жауабын есептеп, құпия сандықшадағы сандармен салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • Есептің қысқаша жазылуын пайдаланып, кері есептер шығарады, тапсырма мен сұрақтар құрастырады.

Сөздік қор:

Масса, тауар, құны

Құндылықтарды дамыту:

Білімнің салтанат құруы

Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану

Бастапқы білім:

Көбейту және бөлу кестесін біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресустар




Сабақтың басы:

5 минут


Қазір қай сабақ?

Математика сабағын бастамай тұрып не айтатын едік?

Жеті бірдей өренбіз,

Жеті шумақ өлеңбіз.

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз,

Жеті санын қастерлеп,

Саяхатқа шығамыз.

Бүгінгі сабағымызды саяхат сабақ ретінде өтеміз.

Саяхат сабағымызды бастамай тұрып, қоржындағы асықтарымызды алып сұрақтарына жауап берейік.

Критерий:

  • 2 ден 6 ға дейінгі көбейту және бөлу кестесін жатқа айтады.

«Қоржындағы асықтар» әдісі

Асықтағы сұрақтар:

  1. Екінің көбейту кестесін айт?

  2. Екінің бөлу кестесін айт?

  3. Үштің көбейту кестесін айт?

  4. Үштің бөлу кестесін айт?

  5. Төрттің көбейту кестесін айт?

  6. Төрттің бөлу кестесін айт?

  7. Бестің көбейту кестесін айт?

  8. Бестің бөлу кестесін айт?

  9. Алтының көбейту кестесін айт?

  10. Алтының бөлу кестесін айт?

Дескриптор

  • 2 ден 6 ға дейінгі көбейту және бөлу кестесін айта алады

Енді сұрақтарына жауап беріп болсақ астындағы жасырынып тұрған қағазды ашамыз. Асықтардың үшеуінде 7 қасиеті жасырынып тұрады сол бойынша топқа бөлініп отырады.

І топ: Жеті нан

ІІ топ: Жеті күн

ІІІ топ: Жеті жетекші

Өз топтарына байланысты не білетіндерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланады.

Топ ережесін еске түсіру «7Т» әдісі

  • Тәртіп

  • Тыңдау

  • Тиянақтылық

  • Тұрақтылық

  • Турашылдық

  • Таласпай

  • Толық

Кемеге мініп 7 сандар әлеміне саяхатымызды бастаймыз.

ҚБ «Басбармақ»
















ҚБ «Қол шапалақтау»

Сабақтың ортасы:

30минут








































































7 жоқ аралы

7 керемет аралы

7 қазына аралы

7 ата аралы

7 жетім аралы

Аралдар картасы

1−аралы. 7 жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ.Аспанда тіреуіш жоқ. Таста
тамыр жоқ.Тасбақада талақ жоқ.Аллада бауыр жоқ. Аққудасүт жоқ.Жылқыда өт жоқ.

1 есеп. Критерий:

  • Көбейту және бөлу кестесі бойынша амалдар құрастырады, мәнін табады.

1.Біздің сынып бүгін дәлізде кезекшілік атқарды. Олар бір – бірінен аралары 7 қадам болатындай қатарға тұрды. 7−ден сана.

7−ге көбейту және бөлу кестесін құрастырып, 4 бағанға жаз.

7*7=49 49:7=7

7*8=56 8*7=56 56:7=8 56:8=7

7*9=63 9*7=63 63:7=9 63:9=7

Неге 7*7 жағдайынан бастап жазылады?

Дескриптор

  • Көбейту және бөлу кестесі бойынша амалдар құрастырды, мәнін тапты.

ҚБ «Қол шапалақтау»

2−аралы. Қазақстанның 7 кереметі.

  • Қожа Ахмет Яссауи кешені

  • Тай қазан

  • Айша бибі мазары

  • Тамағалы кешеніндегі жартаста салынған сурет

  • Алтын адам

  • Домбыра

  • Күлтегін ескерткіші

2 есеп.Критерий:

  • Көбейту амалын есептемей қандай жағдайда салыстыратынын топта талқылайды.

І топ ІІ топ ІІІ топ

3*7*7*3 3*7+24*7*3+73 7*(3+6)*7*3+6

7*7*8*7 7*7+20*7*8+20 (7+2)*3*7+2*3

Дескриптор

  • Көбейту амалын есептемей қандай жағдайда салыстыратынын топта талқылады.

ҚБ «Басбармақ»

3−арал. 7 қазына

Ер жігіт.Сұлу әйел. Білім-ақыл. Жүйрік ат. Қыран бүркіт.

Берен мылтық. Жүйрік тазы.

3 есеп. Критерий:

  • Есептің қысқаша жазылуын пайдаланып, кері есептер шығарады, тапсырма мен сұрақтар құрастырады.

Топтағы ұжымдық жұмыс

І топ Кесте бойынша есептер құрастырып, оларды шығар

1 жәшіктің массасы (кг)

Жәшіктің саны(дана)

Жалпы массасы(кг)

?

6

18

6

7

?

9

?

54

?

6

42

ІІ топ

Тауар

Бір жәшіктің массасы

Жәшіктің саны

Жалпы массасы

Алмұрт

6 кг

7дана

?

? ? кг

Алма

8 кг

6дана

ІІІ топ

Б)Есептің қысқаша жазылуын толықтырып, оны шығар.

Ө рік -9 кг-нан ____жәшік ? кг

Шабдалы -8кг-нан ____жәшік

Дескриптор

  • Кесте бойынша заттың массасын, санын, жалпы массасын тапты, шешті.

ҚБ «Қол шапалақтау»

Сергіту сәті:

Көбелектер тұрып ертемен,

Күлімсереп керілді

Бір дегенде тұрды

Екі дегенде шықпен бетін жуды.

Үш дегенде шыр айналып бұрылды

Төрт дегенде еңкейіп жерге жетті

Бес дегенде ұшып кетті.

Алты дегенде қонды

Жеті дегенде жазды

4−арал. Жеті ата

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене

Критерий:

  • Сандардың көбейтіндісінен өрнектер құрастырады, мәнін табады.

Жеке жұмыс.

7 *7

8 *7

7 *9

6 *7

+

5 *3

6*4

7 *0

9 *2



Дескриптор

  • Сандардың көбейтіндісінен өрнектер құрастырды, мәнін тапты.

5−арал. Жеті жетім.

Тыңдалмаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу қазсыз көл жетім.

Жерінен айрылған ер жетім,

Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.

Критерий:

Өрнектердің жауабын есептеп, құпия сандықшадағы сандармен салыстырады.

7 есеп.

63-21:7=48-8:2=

(90-34):7=(2+5)*7=

2+5*7=8:4*7=

3*3*3=(18+3):7=


Дескриптор

  • Өрнектердің жауабын есептеді, құпия сандықшадағы сандармен салыстырды

ҚБ «Басбармақ»


























578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!