Материалдар / 8 сынып арасында өткізілген Блиц-турнир
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

8 сынып арасында өткізілген Блиц-турнир

Материал туралы қысқаша түсінік
Еркінжан Саянұр 8 сынып ᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠᅠ ᅠ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
219
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

А. Соловьева, Б. Ибраимова

Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына
арналған оқулық

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
сарапшыларымен келісілді

Алматы «Атамұра» 2018

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях

1–3459согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 28.0я72
С 64
Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
бекіткен негізгі орта білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына
арналған «Биология» пәнінің жаңартылған мазмұндағы
Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды.

Шартты белгілер:
– есіңе түсір
– қосымша материал
– зертханалық жұмыс
– тірек сөздер
– сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақтың мақсаты


Соловьева А.Р. және т.б.
С 64 Биология: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арнал­ған оқу­лық/
А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. – Алматы: Атамұра, 2018. – 288 бет.


ISBN 978-601-331-115-9
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 28.0я72

ISBN 978-601-331-115-9

© Соловьева А.Р.,
Ибраимова Б.Т., 2018
© «Атамұра», 2018

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Алғы сөз
Сендер осы оқу жылында жаңартылған мазмұндағы типтік оқу
бағдарламасының 8-сыныпқа арналған «Биология» пәнін оқып-үйренесіңдер.
Жаңа оқулықтағы материалдың едәуір бөлігі адам ағзасын, оның
құрылысын және қызметін оқып-білуге арналған. Сонымен қатар
тіршілік әрекеттерінің өзара байланысы, олардың әртүрлі факторларға
тәуелділігі, саламатты өмір салтын қалыптастыру механизмдері мен
аурулардың алдын алу қарастырылады.
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында әртүрлі жанды (тірі)
нысандардың ерекшеліктерімен танысып, өз ағзаларыңның қызметін
зерттейсіңдер. Олар зертханалық жұмысқа біріктіріліп, оқулықтың
соңында берілді. Мәтінде зертханалық жұмысқа сілтеме жасалған және
реттілігі оқулық мазмұнында бар.
Мәтінді оқыған кезде иректеліп немесе қарайтылған әріппен берілген
сөздерге мән беріңдер. Бұ­лар – бүкіл оқу жылында кездесетін биологиялық
терминдер. Бұрыннан білетін немесе жаңа термин сөздер негізгі мәтіннен
соң тірек сөздер ретінде берілді. Тақырыпты оқып болған соң, олардың
мағынасын қаншалықты меңгергендеріңді тексеріңдер. Егер қиындық
туындаса оқулық соңында берiлген түсіндірме сөздікті (глоссарий)
қараңдар.
Оқулықтағы суреттерге мән беріңдер, олардың атауларын ғана емес,
элементтердің белгіленуін, яғни экспликациясын (лат. explicatio –
түсіндіру) оқыңдар.
Ұсақ әріптермен ерекшеленген қосымша мәтін танысып шығу үшін
берілді.
Параграф соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар күрделілік деңгейіне
қарай құрастырылған. Білуге және түсінуге, әрі қолдануға арналған
тапсырмаларды оқушылардың барлығы міндетті түрде орындауы тиiс.
Талдау, синтез және бағалауға арналған сұрақтарды іріктеп беруге болады. Сыныпта пікірталас мұғалімнің шешімімен өткізіледі. Топтық
конкурстық ойынға сабаққа дейін дайындалу керек. Сыныпта тақырыпты
талқылау барысындағы пікірталасқа алдын ала дайындалудың қажеті
жоқ.

3
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

1-бөлім. Жасушалық биология
§1. Прокариот және эукариот
жасушаларының құрылысы
Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыру
Өсімдік және жануар жасушалары қандай үш бөліктен тұрады? Прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан қандай айырмашылығы
бар? Оларға қандай ағзалар жатады? Жасуша қабығы, ядро, вакуоль мен
пластидтер не үшін керек? Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан
қандай айырмашылығы бар?

Жасуша – тіршіліктің негізгі құрылымдық және қыз­мет­тік бірлігі.
Барлық ағзалар жасушалардан тұрады. Әрбір жасушаға тірі ағза­лардың
қасиеттері: көбею, өсу, зат алмасу, тұқымқуалаушылық пен өзгер­
гіштік, қартаю және т.б. тән. Тірі ағзалардың барлық жасушалары өзара
химиялық құрамы мен құрылысы бойынша ұқсас. Бактерия жасушасында ядро жоқ, тек қабық­шасы мен цитоплазмасы болады. Сондықтан
оларды прокариоттар – ядросы қалыптаспаған (ядро түзілгенге дейін
пайда болған) деп атайды (1-сурет). Өсімдік, саңырауқұлақ және жануар
жасушалары үш бөліктен: қабықша, цитоплазма мен ядродан тұрады
(2, 3-сурет).
прокариоттар мен эукариоттар. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей
цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі

5
7
1

6
5
1

4

3 4
1

5
6

3
2

3

2

4
2

1-сурет. Бактерия жа­
сушасының құ­ры­лы­сы:
1 – ДНҚ-ның сақинасы;
2 – мембрана; 3 – шы­
рыш­ты капсула не­месе
жа­су­ша қабыр­ғала­ры;
4 – ци­то­плазма;
5 – ри­бо­­со­ма­лар

2-сурет. Өсiмдiк жасу­
шасы:
1 – жасуша қабырғасы; 2 –
мембрана; 3 – вакуоль; 4 –
ядро; 5 – хлоропласт; 6 –
митохондрия; 7 – бұдыр
эндоплазмалық тордағы
рибосомалар

3-сурет. Жануар жасу­
шасы:
1 – жасуша мембранасы;
2 – ядро; 3 – лизосома;
4 – митохондрия;
5 – Гольджи жиынтығы;
6 – бұдыр эндоплазмалық
тордағы рибосомалар

4
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе
бірнеше талшықтар атқаруы мүмкін. Прокариот жасушасы плазмалық
мембра­намен жа­был­ған, оның сыртында жасуша қабырғасы, көбінесе
шырышты қабықша (капсула) болады. Қабықша бактерия жасушасын
қорғайды. Прокариот жа­сушасында міндетті түрде ұсақ рибосомалар және
ерекше мембрана қат­па­ры­ болады. Сонымен, онда хлорофилл немесе
энергия алуға қатысатын басқа да маңызды заттар болуы мүмкін.
Эукариоттар – құрамында ядросы бар ағзалар. Ядро және басқа
да құрылымдары жа­суша цито­плазмасында болады және олар
органоидтер деп аталады. Барлық органоидтер белгілі бір қызмет
атқарады. Ядро бүкіл химиялық үде­ріс­­терді нәруыздар-ферменттер
синтезі арқылы бақылап, жасуша тіршілігін басқарады. Олар көбінесе
жасуша орта­лы­ғында болады. Бірақ қартайған өсімдік жасу­ша­сында
барлық дерлік жасуша кеңістігін орталық ірі ва­куоль алып жатуы
мүмкін. Сонда цитоплазма қалдығы бар ядро жа­суша қабықшасына
жақын орналасады.
Ядро – цитоплазмадан саңылауы бар екі мембрана арқылы бөлінген
органоид. Ядро­ның ішінде хромо­сомалар мен ядрошық жүзіп жүретін
ядро шырыны – кариоплазма болады. Хромосомаларда нәруыздардың
құрылысы туралы тұқым­қуалаушылық ақпарат сақталады. Эритроциттер
мен тром­бо­циттер сияқты ядросы жойылған эукариот жасушалары көбею
қабілетінен айырылады.
Жасуша мембранасы мен жасуша қабырғасы қорғаныш қызметін
атқарады. Барлық жасушалар сыртқы мембрана­мен жабылған. Бірақ
саңырауқұлақтар мен өсімдіктерде және көп­теген бактерияларда
мембранадан басқа сыртында жасу­ша қабырғасы да болады. Ол жасушаға
беріктік қасиет береді және пішінін сақтайды. Са­ңы­рауқұлақтардың
жасуша қабырғасы хитиннен, өсім­дікте целлюлозадан, ал бактерияларда
муреиннен тұрады.
Жасуша органоидтері. Пластидтер – тек өсімдік жа­сушасының
органоидтері. Олардың үш типі болады. Хло­ро­пластарда жасыл пиг-­
мент – хлорофилл болады, ол фотосинтез үдерісін жүзеге асырады.
Фотосинтез үде­рісі хлоропластың ішкі мембранасында, қатпарларда –
гра­наларда жүреді. Лейкопластар – ақ немесе түссіз плас­тидтер. Олар
крахмалда – қоректік заттар қорын жинайды. Хромопластарда қызыл,
сары немесе қызыл сары пигменттер болады. Олар қоректік (сәбізде,
қызылшада) немесе зиянды (күзгі жапырақтарда) заттарды жинайды.
Гүлдердің күл­телеріне ашық түс беріп, жәндіктерді еліктіреді. Пластидтер
бір-біріне айналуы мүмкін.
5
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Митохондриялар – жасушаның энергетикалық стансысы. Ол барлық
эукариоттарда бар. Органикалық заттардан (нәруыздар, майлар немесе
көмірсулар) оттек әсерінен су мен көмірқышқыл газы түзіледі, ал
бөлінген энергия АТФ түрінде қорға жиналады. үдеріс кристаларда –
ішкі мембрана өсінділерінде жүреді.
Рибосомалар нәруыз биосинтезін жүзеге асырады – аминқышқылдарын нәруыздарға біріктіреді. Олар барлық тірі жасушаларда, тіпті
прокариоттарда болады.
Гольджи­ жиынтығы заттардың жасушаішілік тасымалын, майлар
мен көмірсулардың модификациясы мен синтезін, лизосомалардың
түзілуін жүзеге асырады. Ол ядроның қасында қуыстар мен цистерналар
түрінде ретті орналасқан мембраналардан тұрады. Олардан үнемі
мембрана көпіршіктері бөлініп отырады. Онда сыртқа бөлінетін немесе
ұзақ уақыт сақталатын заттар болуы мүмкін. Көпіршіктердің бір бөлігі
лизосомаларға айналады.­
Лизосомалар – асқорыту вакуольдері – асқорыту ферменттеріне
толы мембрана көпіршіктері. Олар зиянды немесе қоректік заттарды
ыдыратады. Өзін-өзі қорытуды – автолизді жүзеге асырады. Жануарлар
мен саңырауқұлақтарда болады.
ЭПТ­ (эндоплазмалық­ тор) – цитоплазманың ішіндегі мембрана
түтікшелері (өзекшелері). Тегіс ЭПТ (рибосомасы жоқ) майлар мен
көмірсулардың синтезін, ал бұдыр ЭПТ (рибосомалары бар) – күрделі
нәруыздар биосинтезін жүзеге асырады. Барлық ЭПТ Гольджи жиынтығымен бірге заттардың жасушаішілік тасымалына қатысады.
Нағыз­вакуоль тек өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда болады. Бұл –
жасуша­ шырынына толы мембрана көпіршігі. Онда зиянды немесе
қоректік заттар концентрлі ерітінді түрінде сақталады. Сонымен қатар
вакуольдер өсімдік жасушасында жасушаішілік қысымды сақтайды.
Қабықша,­цитоплазма,­ядро,­эукариоттар,­прокариоттар,­рибосомалар,­ митохондрия,­ Гольджи­ жиынтығы,­ ядрошық,­ хромосомалар,­ кариоплазма,­ пластидтер,­ автолиз,­ лизосомалар,­
ЭПТ,­вакуоль,­жасушалық­шырын.

Білу және түсіну:
1. «Прокариоттар» және «эукариоттар» деген түсініктерге анықтама
беріңдер. Мысалдар келтіріңдер.
2. Жасуша органоидтерін атаңдар.

6
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Қолданылуы:
1. Жасуша қабырғасы мен ағзалардың қасиеттері арасындағы байланыс­
ты анықтаңдар.
2. Гольджи жиынтығы, тегіс және бұдыр ЭПТ рөлін салыс­тырыңдар.
Талдау:
1. Өсімдік және жануар жасушаларындағы әртүрлі органо­ид­тердің
қалыптасу себептері туралы пікірлеріңді айтың­дар.
2. Суретті қарап, түсіндіріңдер.
Синтез:
1. Жасуша типтерін, олардың органоидтерін, қабықша ерек­­шелігі мен
ядроны сызба түрінде бейнелеңдер.
2. Ядроның рөлін бағалаңдар.
Бағалау:
1. Жасушалардың қандай құрылымынсыз олардың тіршілігі мүмкін
болмас еді? Неліктен бактерияларда рибосомалар мен мембраналар
айқын көрінеді?
2. Әртүрлі типті жасушалар арасындағы туыстықты анықтап көріңдер.
Олардың органоидтерін білу арқылы анықтауға бола ма?

Пікірталас:
Вирустар жасушадан тыс тіршіліктің болу мүмкіндігін дәлелдей ме?
Осы тұжырымға «иә» және «жоқ» деп дәлел келтіріңдер.

§2. Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу
Өсiмдiктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу
«Камбий, ксилема, флоэма, қабық, сүрек, эпидермис, эпиблема» дегеніміз не
екенін еске түсіріңдер. «Ұлпа» түсінігіне анықтама беріңдер.

Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша
ұқсас жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде
қалыптасты. Ұлпалар түзілгенге дейін тек төменгі сатыдағы өсімдіктер
(балдырлар) мен қарапайым жануарлар (біржасушалылар немесе колония құрып тіршілік ететіндер) тіршілік етті. Жоғары сатыдағы өсімдік
және жануар ағ­зала­ры әртүрлі ұлпа типтерінен құрылған (1, 2-сызбалар).
Ұлпалардың әрбір типі тип тармақшаларынан тұрады. Өсімдіктерде
ұлпалардың 6 типі: түзуші, негізгі, жабын, механикалық (тірек),
өткізгіш және бөліп шығарушы болады (4, 5-суреттер).
Түзуші ұлпа бірінші болып пайда болады. Тұқым ұрығының жасушалары осы ұлпадан тұрады. Ол барлық ұлпалар мен мүшелерді түзеді.
7
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

1

2

4
3

4сурет. Өсімдік ұлпалары:
1 – сабақ ұшындағы түзуші ұлпа; 2 – ағаш қабығындағы жабын ұлпа;
3 – жапырақ жұмсағындағы негізгі (фотосинтездеуші) ұлпа; 4 – сабақтың
өткізгіш ұлпалары

Түзуші ұлпаның жасушалары ұсақ, қабықшасы өте жұқа және бір-біріне
тығыз орналасқан. Оларда хлоропласт болмайды және көптеген ұсақ вакуольдерге ие.
Түріне қарай түзуші ұлпалар сабақтың, тамырдың негізгі және
бүйірлік өстерінің ұштарында, жас жапырақтың негізінде және т.б.
кездеседі.
Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қап­тап жатады және оларды кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдай­ларынан қорғайды.
Бұл ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.
Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Ол – жапырақ,
гүлдің, көптеген өсімдік жемісінің, шөптесін өсімдіктің сабағы мен
сүректі өсімдіктің жас өркенінің алғашқы жабынды ұлпасы.
1

2

3

5сурет. Өсімдік ұлпалары
1, 2 – жаңғақ сүйегіндегі тірек ұлпалар; 3 – жапырақ түктеріндегі бөліп шығарушы ұлпалар

8
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

1-сызба

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

9
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Тоз – көпжылдық өсімдіктерде болады. Жасушалары алғашында
тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, түсі қоңырлау өлі
жасушаларға айналады.
Қыртыс – ең соңында түзілетін қабат. Ағаш діңінде, бұтақтары мен
тамырында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Ол жыл сайын
тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.
Негізгі ұлпа ірі, негізінен, домалақ пішінді, қабықшасы жұқа, жа­
сушааралық кеңістіктері кең жасушалардан тұрады. Ат­қа­­ратын қызме­
тіне байланыс­ты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жи­­нау­шы және
т.б. деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ұлпа – бұл жапырақтың жасыл жұмсағы, жас
өскін және т.б. Олар бағаналы және борпылдақ жасушалар деп бөлінеді.
Қор жинаушы ұлпалар су жинаушы (кактустың саба­ғында, алоэның
жапырағында және т.б.), ауа жинаушы (тұңғиықтың жапырағында) және
қор жинаушы қоректік заттарға (жемістер, тамыр жемістер, тұқымдар)
бөлінеді.
Өткізгіш ұлпа – су (ағаш сүрегі және трахеидтер) және қоректік
заттарды (сүзгілі түтіктер) өсімдіктің бір мүшесі­нен екінші мүшесіне
өткізеді.
Механикалық немесе тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет береді.
Оның жасушалары тірі (қабық талшығы) немесе өлі (сүрек талшығы) болуы мүмкін. Олар әрқашан берік және қатты жасушалық қабырғаға ие.
Ешқашан құра­мында хлоропласт болмайды.
Бөліп шығарушы ұлпалар алуан түрлі. Жасуша қабық­шасы тірі және
жұқа күйінде ұзақ сақталады. Оларда түрлі заттар түзіледі. Бөлінген
иісті және тәтті заттар тозаңдандыратын жәндіктерді өзіне еліктіреді, ал
эфир майлары малға жем болудан сақтайды.
Жануарларда ұлпалардың 4 типі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет,
жүйке ұлпалары болады.
Эпителий ұлпасының жасушааралық заттары аз және бір-бірімен
тығыз орналасқан. Олардың қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы
жетілген. Бұл ұлпа атқаратын қызметіне байланысты төмендегі типтерге
бөлінеді (6-сурет).
Жабынды эпителий – терінің үстіңгі қабатын, көз, мұрын, ауыз,
асқазан қуысы, тікішек және т.б. шырышты қабығын түзеді. Ол
көпқабатты (тері, ауыз қуысының шырышты қабығы) немесе бірқабатты
(бүйрек өзекшелері) болады. Оның негізгі қызметі – қорғаныш және
бүйрек пен ішекте заттарды сіңіру.
10
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Ағзадағы барлық бездер (тер, май, сілекей, бауыр) безді эпителийден түзілген. Оның қызметі биосинтез және түрлі бөлінділерді (сілекей,
жас, тер, сөл және т.б.) бөліп шығару. Кірпікшелі немесе тербелмелі эпителий кірпікше тәрізді өсінділерге ие. Тыныс жолдарында орналасқан.
Олар шаң-тозаң бөлшектерін ұстап қалады.
Дәнекер ұлпалары бір-біріне мүлдем ұқсамайтын бірнеше типтен
тұрады. Бірақ олар жалпы шығу тегі бойынша және жасушааралық
заттарының көп болуымен бір топқа біріктірілген (7-сурет).
Жасушааралық заттар қасиетіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қанда ол сұйық, сүйекте – қатты, шеміршекте серпімді, созылмалы
болады. Борпылдақ дәнекер ұлпасынан теріасты май жасұнығы түзілген.
Тығыз дәнекер ұлпасы – байлам, сіңір, қан тамырлары қабырғасының
негізін құрайды.
Бұлшық ет ұлпасы ұзынша келген (талшықтардан) миоциттерден тұрады. Миоциттер өседі, бірақ олар жарақат алған кезде ғана
(кесіп алғанда) көбеюге қабілетті. Бұлшық ет ұлпасына тән қасиет
– жиырылғыштық. Бұлшық ет ұлпасы 2 топқа бөлінеді: көлденең
жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттер (8-сурет). Қаңқа мен
жүректің бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан
тұрады. Көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті сүйекке бекініп, ағзаны
қозғалысқа келтіреді. Жүрек бұлшық етінің жасушалары бір-бірімен
өзара бірігіп тұтасып кеткен. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары
асқазан, тікішек, қуық, ірі қан тамырлар және т.б. іші қуыс мүшелердің
адам еркінен тыс жиырылуын қамтамасыз етеді. Оның жасушалары бір
ядролы және қажымайды.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Одан ми, жұлын
және ағзадағы бүкіл жүйелер тұрады. Жүйке ұлпасында жасушалардың

а

ә

б

6-сурет. Эпителий ұлпалары:
а) безді эпителий; ә) кірпікшелі эпителий;
б) жабынды эпителий

ә

а

б

7-сурет. Дәнекер ұлпаларының түрлері:
а) тығызталшықты; ә) шеміршекті;
б) сүйекті дәнекер ұлпалар

11
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

ә

а

2

2

б

1

1
1

8-сурет. Бұлшық ет ұлпаларының түрлері:
а) қаңқаның көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы; ә) жүректің көлденең жолақты
бұлшық ет ұлпасы ; б) асқазанның бірыңғай салалы бұлшық еті: 1 – жасуша ядросы;
2 – көлденең сызғылану

2 түрі бар. Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Қосалқы
жасушалары – нейроглия немесе глия (серік-жасушалар). Олардың саны
едәуір басым. Глиальды жасушалар нейрондарды қоршап, қоректік,
қорғаныштық қызмет атқарады.
Әрбір нейрон дене және өсінділерден тұрады (9-сурет). Қысқа
тармақталған өсінділер – дендриттер – жүйке импульсін жасуша
денесіне өткізеді. Ұзын өсіндісі біреу, оны аксон деп атайды. Ол импульсті
жасуша денесінен өткізеді. Дендриттер мен жасушаның денесі мидың
сұр затын, ал аксон ақ затты түзеді. Жүйке ұлпасының жасушасы
көбеймейді, бірақ өсуге және «тармақталуға» қабілетті.
Дендриттер
Ядро

Нейронның
денесі

Àêñîí

Ñèíàïñтар

à

ә

9-сурет. Нейронның құрылысы және оның
ұлпалармен байланысы:
а) бұлшық ет ұлпасы;
ә) эпителий ұлпасы;
б) жүйке жасушасы
Бағдаршамен → қозудың өту бағыты көрсетілген.

б

12
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

2-сызба
Адам ұлпалары
Эпителий ұлпасы
Атқаратын қызметі
1. Қорғаныш
2. Заттарды синтездеу
3. Шаң-тозаң бөлшектерін
және т.б. заттарды ұстап
қалады

Типтері

қасиеттері
1. Жоғары дәрежеде
қалпына келу
2. Қозғыштық

1. Жабынды
2. Безді
3. Кірпікшелі

Дәнекер ұлпасы
қасиеттері
Жасушааралық
заттары өте көп

1.
2.
3.
4.
5.

Атқаратын
қызметі
1. Қорғаныш
2. Тірек
3. Заттардың және
О2-нің тасымалдануын
қамтамасыз етеді
4. Қоректік

Типтері
Тығызталшықты
Шеміршекті
Сүйекті
Борпылдақталшықты
Сұйық (қан мен лимфа)

Бұлшық ет ұлпасы
Қасиеттері

Миоциттер

1. Қозғыштық
2. Жиырылғыштық
3. Қажу

Ұлпаның
типтері

Атқаратын қызметі
Қимыл-қозғалысты
қамтамасыз ету

Көлденең жолақты
Қаңқа бұлшық еті
Дене және оның
бөлімдерінің
қимыл-қозғалысы

Жүрек
бұлшық еті
Жүректің
жиырылуы

Бірыңғай салалы
Іші қуыс мүшелердің,
ішектің және т.б. жиырылуы

Жүйке ұлпасы
Жасушалар типі
Қасиеттері
1. Қозғыштық
2. Өткізгіштік
3. Тежелу

Нейрондар
1. Дене
2. Дендриттер
3. Аксон

Нейроглия –
қосалқы жасушалар
1. Тірек
2. Қоректік
3. Қорғаныш

Атқаратын
қызметі
Ағзаны басқару,
мүшелер жұмысын
үйлестіру

13
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Өсімдік­ ұлпалары:­ түзуші,­ негізгі,­ жабын,­ тірек,­ өткізгіш,­
бөліп­ шығарушы;­ жануарлардың­ ұлпа­лары:­ эпителий,­ дәнекер,­
бұлшық­ет,­жүйке;­дендриттер,­аксон,­нейроглия.
Білу және түсіну:
1. «Ұлпа» түсінігіне анықтама беріңдер.
2. Өсімдіктерде қанша ұлпа түрлері бар?
3. Жануарларда қанша ұлпа түрлері бар?
қолданылуы:
1. Өсімдіктердің жабын ұлпасының қызметін сипаттаңдар.
2. Жануарлардың бұлшық ет ұлпасының қызметіне сипаттама беріңдер.
3. Өсімдіктердің негізгі ұлпасының қызметін сипаттаңдар.
4. Өсімдіктердің өткізгіш ұлпасының қызметіне сипаттама беріңдер.
Талдау:
1. Өсімдіктер мен жануарлардың жабын (эпителий) ұлпасының қызметін
салыстырыңдар.
2. Өсімдіктердің өткізгіш және тірек ұлпасының қызметі мен
жануарлардың дәнекер ұлпасының қызметін салыстырыңдар.
3. «Ұлпа қызметі» деген сызба сызып, өсімдіктер мен жануарлардың
ұқсас қызмет атқаратын ұлпаларын бейнелеңдер.
Синтез:
1. Өсімдіктерде қандай ұлпалар қалыптаспайтынын талқылаңдар.
2. Жануарларда қандай ұлпалар қалыптаспайтынын талқылаңдар.
3. Ұлпаны түзетін жасушалар қызметі мен олардың пішіндерінің өзара
байланысы туралы эссе жазыңдар.
Бағалау:
1. Өсімдік тіршілігіндегі ұлпалардың әрбір типтерінің рөлін бағалаңдар.
2. Қосымша ақпарат көздері мен өткен оқу жылындағы биологиядан
алған білімдеріңді пайдаланып, реферат жазыңдар. Жоғары сатыдағы
өсімдік топтарының (мүктер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар) пайда болуына қарай өсімдіктердің әртүрлі
ұлпа типтерінің қалыптасуының эволюциялық ретін көрсетіңдер.
3. Қосымша ақпарат көздері мен өткен оқу жылындағы биологиядан
алған білімдеріңді пайдаланып, реферат жазыңдар. Көпжасушалылар
топтарының: губкалардың, ішекқуыстылардың, жалпақ құрттардың
пайда болуына қарай жануарлардың әртүрлі ұлпа типтерінің
қалыптасуының эволюциялық ретін көрсетіңдер.
№1 зертханалық жұмыс. өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу. 246-бетті
қараңдар.
№2 зертханалық жұмыс. Жануарлардың ұлпаларын жіктеу. 247-бетті
қараңдар.

14
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

2-бөлім. Молекулалық биология
§3. Жасушаның органикалық заттары:
полимерлер мен мономерлер
Биополимерлер мысалында мономерлер мен полимерлердің арасындағы
айырмашылықтарды сипаттау
Жасушаны құрайтын заттар қандай екі үлкен топқа бөлінеді? Бейорганикалық
және органикалық заттарға қандай заттар жатады?

Тірі ағза құра­мында бейорганикалық зат – су бәрінен көп болғанымен,
олардың: зат алмасу мен айналымын, өсу, көбею, тұқымқуалаушылық
пен өзгергіштік, тітіркенгіштік пен өзін-өзі реттеу және т.б. қасиеттерін
органикалық заттар қам­тамасыз етеді.
Органикалық заттар – тіршіліктің химиялық негізі. Барлық тірі
ағзалар органикалық заттардан тұрады. Құрамында органикалық заттар
болмайтын бірде-бір тірі жасуша жоқ. Табиғатта тек тірі ағзалардың
құрамында кездесетіндіктен, олар органикалық заттар деп аталады. Егер
де органикалық заттар топырақ құрамында немесе көмір, мұнай, батпақ не
көл лайы түрінде кездессе, онда олар тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің
нәтижесінде жинақталған.
Негізгі органикалық заттарға көмірсулар, нәруыздар, майлар мен
нуклеин қышқылдары жатады. Сонымен, дәрумендер, гормондар және
кейбір басқа заттар да орга­никалық заттар болып табылады. Бірақ бұлар
жасушаның құрылыс заттары емес.
Полимерлер мен мономерлер. Органикалық заттардың құрамы
күрделі, яғни бірнеше элементтен тұрады. Барлық органикалық заттардың құрамына көміртек, сутек пен оттек кіреді. Нәруыздардың құрамында
міндетті түрде азот болады. Сонымен қатар нуклеин қышқылдарының
құрамында фосфор бар.
Құрылысына қарай органикалық заттар едәуір қарапайым және
едәуір күрделі заттарға бөлінуі мүмкін. Егер олар бір қарапайым
молекуладан тұратын болса, қарапайым деп аталады. Бірақ органикалық
заттар көбінесе химиялық байланыспен тізбекке қосылған қарапайым
молекулалар­дың үлкен санынан тұруы мүмкін. Олар – полимерлер.
Полимер­лер – бұл мономер (грек. монос – бір + мерос – бөлік) буындарынан тұратын молекулалардың ұзын тізбегі.
Полимердің көрнекті мысалы­на моншақ немесе шынжыр жа­тады
(10-сурет).
Бұл жағдайда мономер – бір моншақ немесе тізбектің бір буыны.
Бірақ моншақта немесе шын­жырда мономерлер механи­калық түрде
15
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

а

ә
10-сурет. а – тармақталмаған
полимерлі тізбектер;
ә – тармақталған

байланысқан – бір жіпке өткізілген немесе
өзара дәнекерленген. Ал полимерлер құрамындағы мономерлер әрқашан белгілі бір
химиялық байланыспен байланысады.
Полимерлердің қасиеттері. Полимерлердің
маңызды қасиеттерінің бірі – мономерлерге ыдырап, қайтадан полимерлерге бірігуі.
Адамның және жануардың асқорыту жүйесінде
асқорыту ферменттерінің әсерінен полимерлер
мономерлерге дейін ыдырайды. Сосын ішекте
мономерлер қанға сіңіп, ағзаның барлық
жасушасына тасымалданады. Әрбір жасушада түскен мономерден дәл осы ағзаға қажет
полимерлер қайта синтезделуі мүмкін.

Ретті және ретсіз полимерлер. Егер полимерлерде барлық мономерлер
бірдей болса немесе олардың реті қатаң қайталанатын болса, оларды
ретті­ поли­мерлер деп атайды. Олар түсі бірдей моншақтардың қайталанып отыруына ұқсайды. Мысалы, қызыл, сары, жасыл, қызыл,
сары, жасыл және барлық тізбек осындай болады. Ретті полимерлерге
мысал ретінде крахмал мен целлюлоза сияқты ерімейтін көмірсуларды
келтіруге болады.
Ретсіз­ полимерлерге мономерлердің реті мен мөлшері әртүрлі болатын полимерлер жатады. Олар түрлі түсті, кез келген ретпен жиналған
моншақтардан тұрады. Жасушадағы маңызды ретсіз полимерлерге
нәруыздар мен нуклеин қышқылдары жатады.

Полимерлер,­ мономерлер,­ органикалық­ заттар,­ көмір­сулар,­
нәруыздар,­майлар,­нуклеин­қышқылдары.
Білу және түсіну:
1. Органикалық заттарды атаңдар.
2. Полимерлер дегеніміз не?
3. Қандай органикалық заттар полимерлер, қайсысы полимерлер емес?
қолданылуы:
1. Полимерлердің құрылысын сипаттаңдар.
2. «Полимер» және «мономер» деген түсініктердің арасындағы
айырмашылықты анықтаңдар.
3. Ретті және ретсіз полимерлерді салыстырып, мысалдар келтіріңдер.

16
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Талдау:
1. Табиғатта полимерлердің түзілу себептері туралы пікір­леріңді
айтыңдар.
2. Суретті қараңдар. Полимер және полимер емес заттардың таңбаларын
табыңдар. Қайсысы ретті, қайсысы ретсіз полимерлер?

А

Ә

Б

3. Полимерлердің молекулалық массасы полимер емес
молекулалық массасынан көп болатынын дәлелдеңдер.

заттардың

Синтез:
1. Ретті және ретсіз полимерлерді сызба түрінде бейнелеңдер. Ретті полимерлерге мономерлердің 5 типін, ал ретсіз полимерлерге 3 типін
пайдаланыңдар. Полимер тізбегі 10 мономерден тұрады деп алыңдар.
2. Табиғаттағы органикалық заттардың рөлін бағалаңдар.
Бағалау:
1. Екі жағдайдың қайсысында әртүрлі полимерлер санын түзуге болатынын талқылаңдар:
1) мономердің тек 3 типі бар, ал полимер тізбегіне 5 мономер кіреді;
2) мономердің тек 5 типі бар, ал полимер тізбегіне 3 моно­мер
кіреді.


§4. Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті
мен қызметі
Көмірсулар мен липидтің құрылымы және биологиялық
қызметтерін сипаттау
Көмірсулар мен майлардың рөлі қандай екенін естеріңе түсіріңдер. Өсімдік
ұлпаларындағы крахмалды немесе майды қалай анықтауға болады? Олар
өсімдіктің қандай мүшесінде кездеседі?

Көмірсулар фотосинтез үдерісінде жасыл өсімдік жа­суша­ларында
түзіледі. Ең кең таралған көмірсу – глюкоза С6Н12О6 (11-сурет). Ол
фотосинтез барысында түзіледі. Өсімдік жасушалары глюкозадан
крахмал, қант, целлюлоза немесе басқа заттар түзуі мүмкін. Глюкоза
өсімдік жасушасында да, жануар жасушасында да болады. Адам қанының
құрамында шамамен 0,12% глюкоза бар.
2–3459

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

17

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

11-сурет. Глюкозаның
молекуласы – моносахара

12-сурет. Сахароза – бұл дисахарид

Көмірсулардың қасиеті мен қызметі. Жай (қарапайым) көмірсулар
(моносахара) суда жақсы ериді және дәмі тәтті. Олар да глюкоза сияқты
негізгі энергия көзі болып табылады.
Кейбір көмірсулардың молекулалары моносахаридтердің екі
молекуласынан түзілген. Оларды дисахаридтер деп атайды. Мысалы,
сахароза – қызылша немесе қант қамы­сының қанты, не лактоза – сүт
қанты. Сахароза моле­куласы глюкоза мен фруктоза молекулаларынан
түзіледі (12-сурет). Сахароза суда жақсы ериді, глюкозаға қарағанда
құра­мында атом саны көп. Сондықтан өсімдіктің сүзгілі түтікшелері
арқылы жапырақтан тамырға және басқа мүшелеріне көбінесе саха­роза
ерітіндісі тасымалданады.
Күрделі полимерлік көмірсулар – полисахаридтер – глю­козаның
бірдей молекулаларынан түзіледі. Оларға крахмал, целлюлоза, гликоген,
хитин жатады. Олар суда ерімейді және қоректік қор немесе құрылыс
қызметін атқарады (13-сурет).
Крахмал – өсімдіктердегі негізгі қоректік көмірсу (тұ­қым, картоп
түйнегі).
Гликоген – адам және жануардың негізгі қордағы көмір­суы (бауыр,
бұлшық ет).
Целлюлоза – өсімдіктердегі негізгі құрылымдық көмірсу (жасуша
қабырғасы – сүрек).
Хитин – жануарлардың негізгі құрылымдық көмірсуы (бу­ын­аяқ­
тылардың – шаян, өрмекші, жәндіктердің және са­ңы­­­рау­құ­лақтардың
сыртқы қаңқасы (жасуша қабырғасы).
Муреин – бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер.

13-сурет. Глюкозаның 4 молекуласынан тұратын полисахарид
молекуласының көрінісі

18
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Майлар мен липидтердің қасиеттері және олардың қызметі.
Жануар және өсімдік жасушаларында майлар болады. Олар үшатомды
спирт – глицериннің бір молекуласынан және май қышқылдарының үш
моле­ку­ласынан тұрады (14-сурет). Өсімдік жасушасында орташа құрғақ
массасының 5–15% мөлшерін май құрайды. Адам және жануардың май
ұл­пасының жасушаларында майдың мөлшері 90%-ға жетуі мүмкін. Олар
сұйық (өсімдіктерде) және қатты (жа­нуарларда) болады.
Майлар – энергияның қордағы көзі. Олар ыдыраған кезде нәруыздар
мен көмірсулар ыдырағанға қарағанда екі есе­дей көп энергия бөлінеді.
Майлар суда ерімейді және жылуды нашар өткізеді.
Жасушаларда майлардан басқа майтәрізді заттар – липид­тер
болады. Молекуласында май қышқылының бір молекула­сын фосфор
қышқылының қалдығы алмастыратын күрделі липид­тер фосфолипидтер
деп аталады (15-сурет). Олар жа­суша мембранасының негізін құрайды.
Майлар мен липидтер басқа да көптеген қызмет атқарады. Кейбір
жануарлардың (кит, морж, итбалық және т.б.) теріастындағы май
жасұнығында жинақталып, жылу оқшаулау қызметін атқарады. Аю
және т.б. жануарлар үшін теріастында жиналатын май қоры қысқы
ұйқы кезінде су және энергия көзі болып табылады. Себебі майлар
тотыққан кезде энергия ғана емес, су да түзіледі. Түйенің өркешіне
жиналған май қоры шөл даладан өткен кезде аштық пен шөлге төзуге
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар май тәрізді заттарға дәрумендер, гормондар да
жатады. Олар жүйке жасушаларын қаптап, жүйке им­пульсі көрші
ұлпаларға таралуына жол бермейді. Бұдан басқа да көптеген қызмет
атқарады.
май
қышқылы

май
қышқылы

май
қышқылы

май
қышқылы

май
қышқылы
14-сурет. Глицерин және үш карбон (май)
қышқылдарынан май молекуласының
түзiлуi

15-сурет. Фосфолипидтiң түзiлуi

19
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ

Балауыз – су өткізбейтін қасиетке ие май тәрізді заттар тобы. Төмен
температура кезінде балауыз қатаяды, ал температура жоғарылағанда
едәуір иілімді (пластикалық) болады. Олар омыртқалы жануарларда және
адамда бауырдың май ұлпасы мен ми жасушаларында түзілуі мүмкін.
Баларасы және жабайы ара сияқты жәндіктердің арнайы балауыз
бездерінде түзіледі. Оны ара ұясын (кәрез) салу және денесінің қорғаныш
жабынын түзу үшін пайдаланады. Өсімдіктердің жапырағы мен жемісінің бетінде балауыз болады. Ол өсімдік мүшелерін кеуіп кетуден,
ультракүлгін сәуледен, бактериялардан және т.б. қорғайды.
Моносахаридтер,­ глюкоза,­ дисахаридтер,­ сахароза,­ лактоза,­
полисахаридтер,­ крахмал,­ целлюлоза,­ гликоген,­ хитин,­ май­
қышқылы,­глицерин.
Білу және түсіну:
1. Жай көмірсуларға мысалдар келтіріңдер.
2. Полимер көмірсуларға мысалдар келтіріңдер.
3. Майлар мен липидтерге мысалдар келтіріңдер.
қолданылуы:
1. Жай көмірсулардың қасиеті мен қызметін сипаттаңдар.
2. Көмірсулардың полимер түзуі мен олардың суда ерігіштігі арасындағы
байланысты анықтаңдар.
3. Майлар мен липидтердің құрылысы және
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!