Материалдар / 9 мамыр Жеңіс күні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

9 мамыр Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2019
789
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Елін сақтап қалды ерлер... : Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған әдістемелік құрал / С.Бегалин атындағы МРБК Құраст. Ш.Мұқашева.- Алматы, 2005.- 55 б.






Кіріспе



Шүйінші, халқым, шүйінші!

Шүйіншіге сүйінші!

Шаттан, ата-анамыз,

Шаттан, аға-бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен,

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той-мереке.

(Т. Жароков)

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.

Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.

Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

Шығанақ Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?!

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан

еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқырмандармен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына байланысты шаралар өткізу барысында балалар кітапханашылары төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алулары керек:

  • Соғыс “саясатының” негізінде қандай мақсат болғанын талқылаудың қажеті жоқ. Біздің міндетіміз балаларға сол жылдардағы адамдар мен тарихи оқиғалар туралы әңгімелеу;

  • Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу;

  • Ұлы Отан соғысының халықтық екенін, ол үлкен зұлмат пен қиыншылық екенін түсіндіру;

  • Оқырмандарды соғыс тақырыбына жазылған көркем әдебиеттермен жете таныстыру қажет. Әсіресе, қазақстандық жазушылар мен қазақ батырлары туралы;

  • Бұл тақырыппен жұмыс істеу барысында оның ауқымдылығын ескере отырып, әр жастағы балалардың жас ерекшелігіне қарай шара ұйымдастыру керек.

Қазіргі кезде әрбір кітапхана соғыс тақырыбын қамтитын баспа, аудио-бейне басылымдарға өте бай. Біздің міндетіміз оларды оқырманға насихаттау және жеткізу.

Балалар кітапханаларында Жеңістің 60 жылдығын лайықты атап өту барынша үлкен дайындықты қажет етеді.

Наурыз-сәуір айларында кітапханаларда «Кітап оқып, өткенді еске алу...» атты шығармалар байқауы ұйымдастырылуы керек. Байқаудың мақсаты балаларды Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған поэзия мен прозаларды оқуға тарту. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты плакат, газет немесе балалардың шығармашылық жұмыстарынан да әртүрлі байқау, сайыстар ұйымдастырған жөн. Бұл шаралардың тақырыбын “Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады”, “Біз бейбітшілікті қалаймыз” немесе “Соғыс және балалық” деп алуға болады.

Ұлы Отан соғысы тақырыбын оқырмандарға толық және дұрыс түсіндіру мақсатында кітапханашы үлкен шайқастар мен соғыс операцияларының маңыздылығын ашатын “Ұлы Отан соғысының күнтізбесін» жасауына болады:

« 1941-1945 жалынды жылдары:

1. Соғыстың басталуы- 22 маусым 1941 жыл

  1. Брест қамалын қорғау- маусым 1941 жыл

  2. Ленинградты қорғау- 1941- 1944 жылдар

  3. Москва үшін шайқас - 30 қыркүйек 1941- 20 сәуір 1942 жыл

  4. Сталинград үшін шайқас- 17 шілде 1942- 2 ақпан 1943 жыл

  5. Курск шайқасы- 5 шілде- 23 тамыз 1943 жыл

  6. Днепр үшін шайқас- тамыз- желтоқсан 1943 жыл

  7. Берлин операциясы - 16 сәуір- 8 мамыр 1945 жыл

  8. Жеңіс күні- 9 мамыр 1945 жыл».

Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру кітапхана қызметкерлерінің міндеті.

Ұлы Жеңістің 60жылдығына арналған мейрамға орай, ашық суретті кітап көрмесін ұйымдастыру керек. Көрме балаларды құжаттық, мемуарлық, көркем-әдебиеттермен толыққанды таныстырады. Көрмені “Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің...”, “Тарих беттері”, “Ел мен ердің жемісі”, “Қаһарман ұрпаққа тағзым”, “Ұлы Оан соғысы – халық соғысы”, “Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында” т.б. атауға болады.

Көрменің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ірі шайқастарына арналған бөлімдері болу керек. Бұл жерде біз әрине, қазақстандықтардың үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдарды мүмкіндігінше мол қамтуымыз қажет.

Бұл үлкен атаулы күнге байланысты өткізілетін шараларды ауқымды өткізу қажет және алдын-ала дайындық керек. Сондықтан осы тақырыпты жан-жақты қамтитын “Еске алу” апталығын ұйымдастырған дұрыс. Апталық барысында балалардың жас ерекшеліктеріне орай “Бұл қалай болған еді”, “Халықтың жадында”, “Отты жылдар өрендері” атты әдеби-музыкалық кеш, сауалнамалар, әңгіме, сұрапыл жылдары елін жаудан қорғаған ақын-жазушыларымыздың өлең-жырлары бойынша «Қаруын қаламға айырбастап» поэзия сағатын т.б. ұйымдастыруға болады.

Екінші дүние жүзілік соғыстағы әйелдердің ерлігі ерекше. Олардың ішінде қазақ әйелдерінің ерлігі туралы “Арулар отты жылдарда”, “Соғыстың қатыгез бейнесі” деген атпен батыр қыздардың ерліктерін паш ететін шаралар ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.

Соғыс жылдарындағы балалар тағдырына, жауынгер-бала, партизан-бала туралы немесе мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің тылдағы еңбегі, олардың ауыр тағдырлары туралы айтылуы керек. Кіші мектеп жасындағы балалармен әңгіме өткізу барысында “Кеңес Одағы”, “Одақтас республика”, “Кеңес Одағының астанасы” деген сөздер түсініксіз болуы мүмкін, сондықтан әңгімені алдымен Кеңес Одағының тарихынан бастаған жөн.

Жұмыс барысында Республикалық балалар кітапханасының Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап шығарған биобиблиографиялық “Қаламдарын қаруға айырбастап”:Қазақстан жазушылары Ұлы Отан соғысы жылдарында, “Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...: әдебиеттер тізімін және бұрындары шыққан әдістемелік құралдарын пайдаланыңыздар. Сіздердің назарларыңызға “Ерлікпен жеткен жеңіске тағзым ет, парызың” атты әдістемелік құралды ұсынады.


...Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер


Әңгіме

Ежелден ер тілегі-ел тілегі,

Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.


Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.

Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді...

Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен ...

Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 60 жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Содан бері зымырап 60 жыл өте шықты.

Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттың өкілі бар (бұлардың 3 мыңдайы қазақстандықтар) Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ер жүректілік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар еді.

Өжеттік пен ерлікке бару кездейсоқтық емес. Отаны мен артында қалған елінің алдында жауынгерлік борышты өтеуде болаттай берік тәртіпке бойұсыну еді. Алматыда жасақталған генерал-майор И.Панфилов атындағы сегізінші қазақстандық гвардияшы атқыштар дивизиясы Кеңес Одағының астанасы – Москваны қорғау күндерінде Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі өшпейтін ерлік беттерін жазды. Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды халқы ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады.

Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды.

Севастополь үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-қиямет соғыс бейнеленген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіров, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовтың, жау “жолбарысына” қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атайды. Бұлардың бәріне Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Кеңес Одағының Батыры атағын екі реттен алған, даңқты сұңқарларымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздың мәңгі есінде. Белорусс ормандарында Әди Шәріповтың басқаруындағы партизан отрядтары жауға қарсы шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры С.Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болған еді.

Біз 900 күн қоршауда қалған ленинградтықтардың рухын көтеріп, қажырын жаныған Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» атты жалынды жырын жадымызда ұстаймыз.

Республика ұлы жеңіс үшін орасан үлес қосты. Қазақстан майданға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай ақ, республикамыз 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.

Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емшектегі баласын жөргекке орай салып, кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын, туыстарын, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара алады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да, тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбылға дейін отандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Қазақстандықтар Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын туған жеріндей жанқиярлықпен қорғады, Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдавияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. Ленинград қаласына қауіп төнгенде Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» атты жүрек жарды, жалынды жырын майдандағы «жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір» жауынгер балаларына жолдады. Кейіннен қаланы қорғаушы жауынгерлердің бірі: «Бұл сәлемді көзге жас, көңілге қуаныш толы сезіммен оқымауға болмайды... Біз күшімізді еселей түсіп ұрысқа аттандық»,-деп еске алды.

Қазақстандықтар Варшаваны, Софияны, Белградты, Праганы азат етушілердің қатарында болды. 151-қазақстандық бригада негізінде құрылған 150-Идриск атқыштар дивизиясы жауынгерлері «ұялы қасқырдың» ордасы Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагтың күмбезіне жеңіс туын тігуге қатысты. Алқызыл туды биікке көтеріп, алғаш болып жеңіс дабылын қаққандардың қатарында қазақ Рахымжан Қошқарбаев болды.

Ұлы Жеңіске жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан жасақтары да үлес қосты. Зерттеулер бойынша Белоруссия мен Украина ормандарының партизан отрядьтарында 3 мыңнан аса қазақтар шайқасқан. Партизан отрядтарына командир, комиссар болған, есімдері ел аузында аңызға айналып, кейінгі ұрпаққа жеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин есімдері көзі қарақты көпшілікке мәлім.

Қазақстандықтар қанішер жаумен қасық қанын аямай осылай шайқасты. Олардың бәрін ортақ іске, жеңіске, отанына деген сезім біріктірді. Дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. «Правда» газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында «Қазақтар» деген мақала жаияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия туралы еді. Осы бір жеңіс күндері көрнекті совет жазушысы И.Эренбургтың 1942 жылы жазған «Қазақтар» деген мақаласында: «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім...» деді. Фрицтер көп нәрсені білмеуші еді. Оларға Ресейдің үлкен екенін ғана айтып, ал ол елде көптеген халық тұратынын айтпаған.Шығыстың кең даласында ежелден қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығында көндіккен ержүрек адамдар тұрады. Бұл елдің ақындары Қазақстанның даңқты батырлары жайлы сыр шертеді. Ал бұл елдің батырлары ең алдымен арын ардақтаған. Ер Тарғын алты кез алдаспаннан қолына алып, алты мың жауға жалғыз өзі қарсы шабуылға шығып тұрып: «Маған бәрінен де арым қымбат!» деп айғай салған!...

Далада салт атпен жүруге үйренген қазақ. Егер қажет болса еңбектей де алады, жүгіреді де, таулы жерде шыңға қарай өрмелейді, батпақ болса белуардан саз кешіп те жүре береді. Әйтеуір, қазақтарды ешнәрсе де тоқтата алмайды...

Қазақтар орыстармен қатар тұрып ұрыс салуда. Біз бірге қайғы кештік, бірге жаумен шайқасып жүрміз, жеңістің алғашқы таңын да бірге қарсы алып, бірге қуанатын боламыз!» -деп жазды.

Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды.»- дегенді айтады.

От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Келешек үшін, дүние жүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ өнері

сауалнама


1.Соғыс жылдарында Алматыға көшіп келіп, республикамыздағы музыка мен көркемөнердің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан көркем фильм студиялары (Москва мен Ленинград)

2. Соғыс жылдарында Алматыда өмір сүрген атақты бишіні атаңыз? (Галина Уланова)

3. Ю.Завадский басқаратын Моссовет театрының қазақтың академиялық драма театрында қойған атақты комедиясы (В.Шекспирдің «Асауға тұсау»)

4. 1942 жылы Фрунзе (Бішкек) және 1944 жылы Ташкент қалаларында өткен Орта Азия және Қазақстанның музыка өнерінің онкүндігіне қатысып, ел ықыласына бөленген Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрін басқарған музыкант (Ахмет Жұбанов)

5. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ композиторлары (Рамазан Елебаев, Мәлік Жаппасбаев, Смағұл Көшекбаев, Әли Базанов және т.б.)

6. Соғыстың ауыр жылдарында республикамыздың өзінде жоғары білімді мамандар даярлау мақсатында Алматы консерваториясы қай жылы ашылды? (1944)

7. 1941 жылы Москва түбінде ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровқа арналған ән қалай аталады және авторы кім? (“Жас қазақ”, әні Р. Елебековтікі, сөзі Ғ.Елебаевтікі)

8. Қарт домбырашы Дина Нүрпейісованың майданда жүрген қазақтар сүйіп тыңдайтын күйі? («Ана бұйрығы»)

9. Ұлт композиторлары қолынан шыққан тұңғыш қазақ операсы сол жылдары жазылған қазақ операларының ішіндегі шоқтығы биік туынды (“Абай”, авторлары А.Жұбанов, Л.Хамиди)

10. Майдандағы жаппай ерлік, тылдағы адамдардың жанқиярлық еңбегі туралы жазылған әскеи-патриоттық «Найзағай», «Панфиловшылар жыры», «Мәлік Ғабдуллин туралы жырдың» авторы кім? (Бақытжан Байқадамов)

11. 1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім? (Жамбыл)

12. Соғыстың ауыр жылдарында қазақ өнер қайраткерлері госпитальдар мен әскери бөлімшелерде концерттер қойған, майданның алдыңғы шебіне барып, жерасты үйлерінде, палаткаларда, орыс ормандарында «Ах, Самара, городок» әнін бірнеше мәрте шырқап, көпшілік көңілінен шыққан әнші? (Роза Бағланова)



Ару қыздар – алаулап от кешкендер

Әдеби-музыкалық композиция


Безендірілуі:

Сахнаның ортасында «Отан – ана шақырады» деген плакат ілініп тұрады. Плакаттың екі жағына суреттер ілінеді. Бірінде: гранатамен танкке қарсы бара жатқан солдат бейнеленген. Екінші суретте жанып жатқан өрт ішіндегі пилоткалы мейірбике – солдат қыз бейнеленген.

Үстел үстінде санитарлық сөмке, каска, атылған оқ және қалампыр гүлі жатады.

Кеш өту барысында мерекелік-байсалды әуен және «Священная война» өлеңінің аудиобаспасы (өлеңі В.Лебедев-Кумачтікі, әні: А.Александровтікі) керек болады.


Қатысатындар: Жүргізуші

Оқырмандар 1-11

Пилотка және гимнастерка киген қыздар: 1-8

Ақ шашты ана!

Саптан шықпай нық басып келесің бе?

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар – алаулап от кешкендер.

(Ф.Оңғарсынова)


Әйел атын атағанда ең бірінші, біздің аузымызға «мейірімділік» деген сөз түседі. Сонымен қатар «апа», «қарындас» деген де сөздер бар.Бәрінен жоғарысы «ана» сөзі. Әйел өмірге ұрпақ әкеледі, оларға өмір береді. Сондықтан қазақ халқы да әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Олар аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды, «тіл» әкелді. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді.

Қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен қаһармандығын әлем алдында әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыста мыңдаған әйел халқы жауынгер атанды..

..Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы қалмай атқа қонғанын бәріміз де жақсы білеміз. Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.

Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз. Қос батыр қыздың Отаны –Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз келіншектердің барлығы дерлік майданға өз еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан-жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді. Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез-ақ меңгеріп, аса қабілеттілік көрсетті.

Б

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!