Материалдар / : Энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері. Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар 10 cынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

: Энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері. Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар 10 cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші - дайындық, екінші - оттексіз, үшінші - оттекті кезең. Энергетикалыц алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында (лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды. Бұл кезеңде аз мөлшерде бөлінген энергия қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. Энергетикалық алмасудың оттексіз (анаэробты) кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген карамайым ағзалық қосылыстардың одан әрі ыдырауына оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл сатысын кейде ашу кезеңі деп те атайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2018
9071
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Күні: 15.11.2017жСыныбы: 10 БCабақтың тақырыбы: Энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері. Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға энергиялық алмасудың негізгі кезеңдерін, тыныс алу және жану процесін салыстырмалы түрде түсіндіре отырып, олардың айырмашылығына көз жеткізу2. Дамытушылық: өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру3. Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: ДәстүрліСабақ типі: АраласСабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару;3.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тақырып бойынша оқушылардан сабақ сұрауІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. Сұрақтар қою арқылы қорытындылау: 1. Ғаламшарымыз биосфераның қай үдерісі арқасында сыртқы көздерден энергия алады ?2. Метоболизм дегеніміз не ?3. Анаболизм дегеніміз не ?4. Катаболизм дегеніміз не ?ІV. Жаңа сабақты меңгерту:Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші - дайындық, екінші - оттексіз, үшінші - оттекті кезең. Энергетикалыц алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында (лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды. Бұл кезеңде аз мөлшерде бөлінген энергия қоршаған ортаға жылу күйінде таралады.Энергетикалық алмасудың оттексіз (анаэробты) кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген карамайым ағзалық қосылыстардың одан әрі ыдырауына оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл сатысын кейде ашу кезеңі деп те атайды.Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі (гр. аеr- «ауа») жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27 ккал, оттекті кезеңінде 674 ккал энергия бөлінеді. Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі өте тиімді.1 г көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде 17,2 кДж энергия бөлінеді. Ал 1 г май ыдыраған кезде 39,1 кДж энергия бөлінеді. Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты ағзалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тынысалуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Адам жұмсаған энергиясының орнын осылай толықтырады.Аэробты тыныл алу ерекше органоид – митохондрияда жүреді. Оны жасушаның энергетикалық стансасы деп атайды. Митохондриядағы аэробты тынс алу екі процестен тұрады. Бірінші процес оттектің қатысуынсыз жүреді және осы циклді ашқан ағылшын ғалымының құрметіне Кребс циклі д.а. Ағылшын биохимигі Митчелл АТФ синтезін түсіндіретін хемио-осмостық теория ұсынды. Энергетикалық маңыздылығы бар тағы да бір органоид - хлоропласт. Бұл сопақша пішінді ірі органоид жасыл жапырақтардарда болады. Жасушаның энергетикалық органоидтері – хлоропласт және митохондрияның жеке генетикалық жүйелері болады. Автотрофты және гетеротрофты организмдер. Зат алмасудың барлық реакциялары ферменттердің қатысуымен жүреді. АТФ – жасушадағы барлық энергетикалық процестерді қамтамасыз ететін негізгі зат. Энергетикалық алмасу процесінде энергияны қорға жинайды және пластикалық алмасу процесі энергияны береді. Қоректену әдісіне, энергия мен органикалық заттарды алу көзіне байланысты организмдер автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді. Автотрофты организмдер күн жарығының энергиясын пайдаланып, фотосинтез процесінде бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газы, су, меинералды тұздар) органикалық заттарды синтездейді. Оларға барлық өсідіктер, көк жасыл балдырлар (цианобактериялар) жатажы. Гетеротрофты организмдер дайын органикалық заттарды автотрофтардан алады. Энергия көзі энергетикалық алмасу (катабализм) процесінде ыдырайтын әрі тотығатын органикалық заттар болйп табылады. Оларға жануарлар, саңырау құлақтар, көптеген бактериялар жатады.

V.Алған білімдерін бекіту: 1. Гликолиз дегеніміз не ?2. Гликолиздің қандай сатылары бар?3. Энергетикалық алмасу дегеніміз не?4. Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалды?5. Жасушада тыныс алу температурасы?6. Энергетикалық маңызы бар органоидттарды атаңдар?7. Автотрофты организдерге қандай организдер жатады?8. Гетеротрофты организдерге қандай организдер жатады?

VI. Қорытынды: Қорыта айтқанда, жасушаның тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергия көзі гликолиз процесі кезінде АТФ түрінде синтезделеді. Сондықтан бұл процесті энергетикалық алмасудейді. VII. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.VIII.Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!