ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІ
АРҚЫЛЫ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Байтуғанова Қарашаш
Төлеуқызы
Директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ
базасындағы Тірек мектебі (РО)КММ
Қарағанды облысы, Жаңаарқа
ауданы
Қазақстан Республикасының орта
білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі
оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай
әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім
алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық
шабытының тууына жағдай жасау.
Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты,
жан – жақты маман болу мүмкін емес.Сондықтан оқыту
әрекетіндемұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар
күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи
мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық
жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік
көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті
қалыптастыруға болады. Мен өз жұмысымда интербелсенді оқыту
технологиясының (ИОТ) тиімділігі туралы айтып тәжірибеммен
бөлісуді жөн көрдім. Интербелсенді оқыту моделін пайдалану —
өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды,
мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда
бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар
аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге
адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. Әр ұстаз өз
бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады.
Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін,
жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі
қолданылады.
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып
табылады.
Білім беру саласының барлық
жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу
жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік
кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда. Себебі
интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды
өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Мұнда балалардың бұған
дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып
табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа
түседі:
1) мұғаліммен (сұраққа жауап берген
кезде);
2) өзге балалармен (қосақталып
жұмыс істеген кезде);
3) шағын топтармен ( топпен
жұмыс істеген кезде);
4) белгілі бір
топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)
5) кейбір техника түрлерімен
(компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
Интерактивті әдістің
ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі,
көбірек оқып, тәжірибе жинай біледі. Интерактивті әдістеме білім
алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік
береді:
1) олар мол мағлұмат алып,
өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын
болады;
3) мәселені талқылаған кезде
бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана
алады;
4) бір-бірінен жаңа
мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра
алады;
5) шындыққа көз жетуі үшін
дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
Бұл әдіс осылай жастарды жеке
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен
оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып
отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы:
ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б.
пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің
субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу
әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу
керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды
белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа
шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.Сонымен, интербелсенді оқыту
технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық
қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген
процесс. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда
интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін
тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының,
педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп
есептеймін. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте
жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім
беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың
біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану
саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне
айналды.
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін
жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді
ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып
компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында
мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға
пайдаланылады. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір.
Біріккен ұлттар ұйымының
шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп атады. Заманымызға
сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін
ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша
көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Ақпараттық қоғамның
негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу Бұл
бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу
бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық –
техникалық кешен болып саналатын интерактивтік тақта болып
табылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда,
интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте
зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол
жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті
материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны
бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда
интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.
Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай
жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік
тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап
қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта
түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Оқу
материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз
сабағымда пайдалану арқылы өз уақытымды үнемдеймін. Өз тәжірибемде
байқағанымдай сабақ оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы)
болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивті
тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір
сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан
ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану
арқылы жетуге болады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе :
сабақ алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар
жылдам түсіндіріледі. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше
материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және
т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана
сабақ қойылған мақсатына жетеді; сабақ кезінде сақталған файлдар
оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін
материалдарды қайталау және толықтыру үшін
қолданылады.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру
реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап
көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды
талап ететіндігін көрсетеді.
Демек,заман талабына
сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті
білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай
іздеу-әр ұстаздың міндеті.
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
«Интерактивті
оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы, 2014
жыл
-
«Электорнды
мектеп» оқу-әдістемелік журнал. «Білім беруде білім мазмұнын
жетілдірудің жаңаша әдістерін қолдану» А.Ракишеваның
мақаласы.