Материалдар / « Оқушыларды білім беру үрдісінде құзіретті тұлға ретінде дамыту үшін инновациялық әрекет енгізудегі ӘБ-нің рөлі »
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

« Оқушыларды білім беру үрдісінде құзіретті тұлға ретінде дамыту үшін инновациялық әрекет енгізудегі ӘБ-нің рөлі »

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік бірлестік жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2021
527
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қазақ тілін оқытуда мұғалімдер мен оқушыларды білім беру үрдісінде құзіретті тұлға ретінде дамыту үшін инновациялық әрекет енгізудегі ӘБ-нің рөлі »

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.Осы мәселені шешу-білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру.Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.

Бүгінгі күні білім беру саласына «құзіреттілік», «құзырлық» сөздері кеңінен қолданылуда.

Психологиялық сөздіктерде «құзіреттілік»- жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген.

Сонымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. Демек, құзіреттілік ұғымы «білім, білік, дағды» сияқты ұғымдармен қатар, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесінде көрінеді.


Қазіргі уақытта «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізсем? Сабақ кезінде оқушының жетістіктерін,қызығушылықтарын туғызсам?» деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Олай болатын себебі, әрбір жаңашыл ұстаз шәкірттерінің шығармашылық жетістіктерін, сабаққа деген қызығуларын арттыруды мақсат етеді.Бұл кездейсоқ емес. Өйткені, мектепке деген талаптар күшейді.Ең бастысы, қазіргі заманда оқытудың негізгі мақсаттары-оқушыға белгілі бір шамада білім беріп қоймай, сонымен қатар білім, білік, дағдыларын жетілдіріп, жеке тұлға етіп қалыптастыру болып отыр. Ендеше мұндай жағдайда оқушының белсенділігімен қоса мұғалімнің де белсенділігі қажет. Демек, баланы өзіндік белсенділікке, оқуға деген құштарлықққа тәрбиелеу-бүгінгі күнннің басты міндеттерінің бірі.

Қазіргі кезде заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды мультимедиа, интернет жүйесі арқылы пайдалану ерекше дамыған. Инновациялық технологияларды қолдану оқушыға оқыту үрдісінде пайдасын тигізеді. Цицерон айтқандай, «тыңдаушының көзі есушінің көзінен де жайнай түседі» демекші, инновациялық технологиялардың сабақ барысында беретін әсері мол.


Пән мұғалімдерінің жаңашыл, ізденісті жұмысы ең алдымен ӘБ жұмысынан бастау алатыны барлығымызға белгілі. Осы мақсатта ӘК жұмысын мұғалім-оқушы құзіреттілігін дамытуға бағыттаймыз. Ол келесі бағыттардан тұрады:

- Әдістемелік отырыстар

- Сыныптан тыс шаралар (тіл мерекесі, байқаулар)

- Семинарлар, ашық сабақтар (қалалық «Қазақтың бас ақыны», облыстық «ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдісі мен тәсілдері» тақырыптарында )

- Басқа білім мекемелерімен байланыстар (семинарларға бару)

- Үйірме жұмыстары

- Оқушылардың, мұғалімдердің ҒПК –ға қатысулары

- Мұғалімдер байқауына қатысу

- Мұғалімдердің авторлық жұмыстары(Рахимбаева Г.«Қазақ тілі грамматикасы бойынша оқу материалдарын «ықшамдау» жүйесі» дидактикалық құрал, Кикабаева С «Тілдік талғам-заман талабы».


Қазақ тілін басқа ұлт өкілдерінің оқушыларына саналы меңгертіп, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан мемлекеттік тілді оқытуда мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: оқушылары қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алатындай деңгейге жеткізу үшін қандай технологияларды қолдану керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн? Міне, осы сұрақтар төңірегінде баяндамалар оқылып, пікір алмасып, ұстаздар қауымы қиындық туғызған мәселелерді ортаға салуда.


Әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық және модульдік технологияларды пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылатына көзіміз жетті. Осы технологиялар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерің дамыта отырып, тұжырымдау, пайымдау, дәлелдеу, салыстыру дағдыларын дамыта аламыз.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық және модульдік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:

- психологиялық ахуал туғызу пәнаралық байланыс өзін-өзі танумен «шаттық шеңбері», «жүректен жүрекке» әдістері арқылы оқушылардың коммуикативтік құзіреттілігін дамытады;

- оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;

- сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу;

- орындалатын жұмыстардың қызықты болуы;

- деңгейлік тапсырмалар дайындау;

- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды, шығармашылық сипаттағы материалдар дайындау;

- оқушылар өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, пікір алысуға мүмкіндік жасау;

ӘБ отырыстары әртүрлі формалар арқылы жүзеге асырылады. Соның бірі ретінде «Оқытудың тиімді әдістері» атты дөңгелек үстел. Модульдік оқыту технологиясымен жұмыс істеуде ұстаздар арасында технологияның тиімді, тиімсіз жақтары да қарастырылып, ортаға салынды.

Тиімді жақтары:

-Оқу материалы қысқаша, нақты есте қаларлықтай түсіндіріледі.(сызба,график,кесте)

- барлық тақырыптар бойынша тест,сынақ,бақылау жұмыстары алынып отырады.

- Диалогтық қарым-қатынастар негізінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерінің қалыптасуына жол ашылады.

- Жеке оқушылармен жұмыс қамтылады.

- Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Қиыншылықтары:

-Топтардың тұрақты болмай,ауысып тұруы уақытты көп алады және сынып оқушылары арасында кей жағдайда келіспеушіліктер тудырады.

-Барлық оқушылардың деңгейлері әртүрлі болғандықтан, әр уақытта бір-біріне түсіндіруге жағдай бола бермейді.


Әрине, осы айтылған мақсаттарға жету, әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім сабақтың тақырыбына сай мақсатын айқын құрып, негізгі мәселені бөле көрсетуі, материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуын қадағалнады. Сабақта ӘБ тарапынан технологияларды қолдану барысында оқушыларға құнды идеялар беруіліп, үнемі жаңалықтар енгізіп отырылуы қадағалануы тиіс.

Жаңа технологияны күнделікті сабаққа енгізген кезде мұғалім алғашқыда көп қиындыққа тап болады. Себебі ол күнделікті әрбір сабақ тақырыбына арнаған тапсырмаларды іріктеп, сыныптан тыс оқу құралдарынан жеке кітапхана жасап, оларға картотека жасақтап отыруы тиіс. Қазіргі шығарылған әдістемелік әдебиеттер мен басылымдарды үнемі алып, пайдаланып отыруға тура келеді. Кеңестік кезеңдегі оқыту материалдарын, қазіргі тестік тапсырмаларға қосымша ретінде пайдалануға тиімді. Әрбір пәннің әр тақырыбына арналған, сонымен қатар тарау соңындағы бақылау тестілерін жасақтау керек. Әр мұғалім компьютерде және интерактивті тақтада жұмысқа дайын болуы және т.б. талап етіледі.

Қысқасы, педагогикалық технология пән мұғалімдерінен өз пәні бойынша жоғары деңгейдегі біліктілікті және жауапкершілікті, ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білуді талап етеді.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!