Материалдар / • Оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділіктерін дамыту, қалыптастыру және орындау шеберлігін арттыру.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

• Оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділіктерін дамыту, қалыптастыру және орындау шеберлігін арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
• Ата-бабадан қалған рухани мол байлығымызды. Ұлттық құндылықтарымызды үйрете отырып тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2021
330
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми жоба тақырыбы: «Ұлттық ойындар қазақ би қойылымында»



Жобаның авторы: Токтамысова Дамен Айтказовна

Жобаның жетекшісі:Омарова А.А

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Аягөз аудандық өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны хореография бөлімінің мұғалімі.


Түйіндеме:

Қазақтың ұлттық ойын түрін саралай келе, сабақта ойын технологиясын пайдаланудан кейін туындаған ой. Сабақта оқып үйренген материалдарды қолдану арқылы би қойылымы көрсетілді. Қазақ халық ойынының ерекшелігін біліп, оны орындауды меңгерді. Ұлттық ойын түрлерінің ерекшеліктерін би өнерінің қимыл-әрекеттері арқылы көрсетуді меңгертілді. Биді музыкамен көркемделіп, музыкалық және хореографиялық мәдениетке тәрбиелеу іске асырылды.

Жобаның мақсаты:

  • «Би» және «ойын» екі ұғымды біріктіру және би қойылымын қою.

  • Оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділіктерін дамыту, қалыптастыру және орындау шеберлігін арттыру.

  • Ата-бабадан қалған рухани мол байлығымызды. Ұлттық құндылықтарымызды үйрете отырып тәрбиелеу.

  • Атадан қалған мұра сабақтастығын жалғастыру.

Жобаның міндеті:

  • Үйренген қимыл-қозғалыстарын ұлттық ойын арқылы көрсету.

  • Қазіргі заман технологияларын қолдану.

  • Оқушылардың техникалық қабілеттерін дамыту.

Жобаның маңыздылығы:

  • Балаларға ұлттық ойынды үйрету арқылы, насихаттау.

  • Алған білімдерін өмірде қолдана білу.

Зерттелетін нысан:

Балалар би қойылымы.

Жобаның болашағы:

Ұлттық ойын түрлерін би қойылымдары арқылы көрсетуі

Мазмұны:

І. Таңдалған тақырыптың негізділігі.

ІІ. Халық ойындары туралы деректерге сүйеніп, ойын түрін таңдау.

ІІІ. Ұйымдастыру жоспары:

1.Музыка таңдау

2.Идея

3.Қимыл-әрекеттерді ойластыру

4.Би суреттерін құрастыру

5. Киім үлгілерін жасау

6.Экспозиция

7.Завязка

8.Развитие действие

9.Кульминация

10.Қойылым

Күтілетін нәтиже:

Қазақ ұлттық ойын түрлерінің тарихын біледі және би өнеріндегі қимыл-әрекеттерімен байланыстырып, орындай алады.


Көрнекі құралдар:

Ойынға қатысты бұйымдар:

  • Қамшы

  • Сақина

  • Белбеу

  • Сүйек

  • Орамал

Жұмыстың мақсаты: Ұлттық ойын түрлері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Би өнері арқылы оны насихаттау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:  Егер, қазақтың ұлттық ойын түрілері би өнері арқылы өз дәрежесінде танытылып, көрсетілсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухы, ұлттық өнер, салт-дәстүріне деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Ұлттық құндылықтарды ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған би қойылымы болашақта қазақтың ұлттық ойындарына қызығушылықтарын арттырып, әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

Қазақ ұлттық ойындарының би түріндегі қимыл-әрекеттер арқылы терең таныстырылды;

- Қазақтың ұлттық ойындарын би қимылдары арқылы көрсетілуіне аса мән берілді

Жұмыстың орындалу әдістері. Ұлттық ойындарымен танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу.


Кіріспе.


Зерттеудің өзектілігі: Қазақ халқының би мәдениеті ежелден ақ белгілі болған. Би халқымыздың іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпымен бірге дамып отырған. Би халқымыздың өнер сүйгіштігін, тапқырлығын,болмысын жан-жақты аша түседі. Қазақ билері ата-бабаларымыздан қалған мұра. Көшпелі өмір салтын бастан кешірген қазақ халқы табиғатпен мейілінше етене болған. Табиғат аясындағы таным-тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған.


Қазақтың ұлттық ойыны «Ақсүйек» биі арқылы көрсетілді.

Жігіттер мен қыздар жиналып ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойын түрі.

Музыкасы: Қазақтың халық күйі «Келіншек» күйі таңдалды.

Көрнекілік: қағаздан қиып жасалған қойдың ортан жілігінің макеті.

Киім үлгілері:

Қыздар: бүрмелі қос етек көйлек, камзол, мәсі, үкілі тақия

Ұлдар : оюлы қазақи шалбар, ою жағалы көйлек сыртынна оюлы бешпет, тақия.

Қимыл-әрекеттер:


Аяқ қимылдары:

«қарапайым негізгі жүріс», екі тізені орташа бүгіп, кеудені тік ұстап екі табанды толық басып жүру.

«өкшелеп жүріс», тура және емін –еркін жағдайда өкшелеп ауыспалы негізгі жүріс жасай жүру.

«Сүйретпе жүріс». Салмақ салған бір аяқты тізеден орташа бүгу арқылы тізеден созылған екініші аяқты сүйрете жүріп жылжу

«бұраң бел» қыздар жүрісі алдыңғы аяқтың артын ала жанына созылған аяғына денені қатты ию.

Қол қимылдары:

«қос мүйіз», екі қолдың алғашқы ұсталу қалпы 3- түрдегідей, білезікпен саусаққа дейінгі бөлігі төмен қарай бүгіліп, саусақтар желпуіш тәрізді ашылады.

«қызғалдақ», бір қол алғашқы ұсталу қалпынан 5- түрінде болады, екінші қол алақанды бір бүйірден алыстата жоғары көтеріледі, бірақ шынтағымен төменгі қолға тиіп тұрады.

«білезік», екі қолдың білезіктен бүгілген екі басы саусақтарды төмен қарата бағыттаған бойда кеуденің алдында ұсталады.

«өрнек» екі қол жанында шынтақ төмен түсіріледі қолдың басы білезік буыннан бүгіліп, екі алақан жоғары қаратылып, саусақтар мықынға қарай бағытталынған.

Иық қимылдары:

Екі иықты ілгері- кейін алма –кезек қимылдату

Екі иықты бір мезгілде жоғары-томен қимылдату (ұлдар) қимылы

Кейін қарай шалқая бүгілі орташа тізені бүге отыру.


Пайдаланған әдебиеттер:

Б.Тотенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994ж

Ізім Тойған «Қазақ биін оқып-үйренудің теориясы мен әдістері» Алматы 2009ж















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!