×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

" Тәжірибедегі рефлексия" тақырыбындағы курсқа рефлексиялық есеп

Автор:Муриева Нұргүл Нұрғалиқызы
Бағыты: Барлық пәндер
Бөлімі: Тренерлерге
Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-05-14

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Рефлексиялық есеп жазуға көмек

ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – жай сабақ беріп кете беруді көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс. Күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бүкіл ғұмыр еншісіндегі мәселе, міне, сол себепті де тәжірибеге үнемі ерекше назар аударылатын болса, мұғалімдер қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра бермек. Осы орайда «Мектептегі тәжірибе» жалпы мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы аясындағы білімнің біздерге - мектеп тренеріне берер жаңалығы мол болып отыр. Ондағы біздің басты рөліміз мыналар екен: Бұл сындарлы оқытып жатқан мектептің дамуы үшін өте маңызды мәселелер екенін заман өзі көрсетті. Курс барысында бағдарлама материалдарымен танысып, оны талдай отырып та осыған көз жеткіздім. Әріптестермен өзара талқылау, оны тәжірибеде қолдану біздерге маңызды болды, ынтымақтаса отырып жұмыс жасау, өзара сенімділік пен қолдау жүзеге асты. Топта жұмыс жасай отырып, тәжірибе жүзінде түрлі дағдыларымыздың қалыптасуын өте жоғары бағалап отырмын, біз оқыту жоспарын жасауда түрлі ой қозғау мен мағынаны тану әдістерін үйрене отырып, сабақ бөлімдерін ықпалдастыра жоспарлаудың маңызды екені анықталды. Жоспарлау барысында оқыған тақырыптарымызды кіріктіріп, тәжірибе жүзінде оны іске асырып көрдік, бірге оқыған әріптестер мен тренеріміздің кері байланысын алдық, ол кері байланыс мені алға жүруге мүмкіндік берді. Және де рефлексияның сабақтың ажырамас бөлшегі деп түсіндім, өз тәжірибемізді дамыту үшін өзара жіне өзіндік рефлексияның мкңызды екені анық. Сол сабақтың әрбір бөлімінде оқыту үшін бағалауды жүргізуді нақты түсіндім, себебі ол оқуды алға жетелеуші бола біледі.Осы бағдарламамен білім алу барысында сонымен қатар оқыту үдерісін дұрыс жоспарлау, тиімді түрде жүйелі бағалау, оқу үдерісіне ынталандырып тарту, оқыту үдерісі бойынша рефлексия жасау, сын тұрғысынан ойлауды дамыту дағдыларымызды қалыптастырдық. Сындарлы оқыту алған білімімізді кез келген жағдайда тиімді қолдануды қамтамасыз ете алады. Тәжірибе жүзінде топта жұмыс жасай отырып, түрлі әдіс-тәсілдермен тақырыпты меңгеру, сабақты талдау картасын жасау, рефлексия беру, кері байланыс алу және беруді терең меңгердім.Сабақтағы сергіту сәттерінің түрлерінің тиімділігі туралы, Тимбилдинг жаттығуының түрлері туралы біліміміз нақты болды. Әрб Әрбір жұмысымыз туралы айтып , тренерден кері байланыс алу маңызды болды. Бағдарлама аясындағы білім бізді алға жетелей алады, себебі біз оны тәжірибе жүзінде қолмен ұстап, жасадық. Алғашқы күндері мен үшін сабақты жоспарлау қиындық тудырды, кейін тренердің әрбір кері байланысын есепке ала отырып жоспарлауды сабақтағы әдістерді алгоритмімен жасай отырып түсінігім артты. Өзіндік бағалауды да ұмытпадық, курс соңында өзіміздің жеткен жетістігімізді кем тұсымызды рефлексиялай алатымызға көзіміз жетті. Келешекте біліміміз бен дағдыларымызды біріктіре отырып, мектептегі тренерлік қызметке, әріптестерімізді оқыту үдерісіне үлкен жауапкершілікпен қарау - мектептің дамуына үлес қосады деген сенімдемін.



50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.