Материалдар / «Абай – дана, Абай – дара қазақта...» атты әдеби-сазды кеш
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Абай – дана, Абай – дара қазақта...» атты әдеби-сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2020
231
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай

«Абай – дана, Абай – дара қазақта...» атты әдеби-сазды кеш


Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.


1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!


Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай – үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.


2 - жүргізуші

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Абай – дана, Абай – дара қазақта...”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!


1-жүргізуші


Кешімізді бастамас бұрын құрметті қонағымызбен таныстырып өтейік.

Бұлғақов Айтақын Мұхамедиұлы – айтыскер ақын. «Алатау» газетінің бас редакторы.Талдықорған облысы қазақ тілі қоғамында, тіл комитетінде, Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясында қызметтер атқарған. Бүгінге дейін бірнеше республикалық, халықаралық айтыстарға қатысқан. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" фильмінде бақсы рөлін сәтті сомдаған.


ГОРОНО


1- жүргізуші


Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?


Жырымен жан сусынын қандырған кім?


Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,


Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?


2-жүргізуші


Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?


Жауына найза сөзін шанышқан кім?


Өзендей құйған барып көк теңізге,


Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? -дей отырып, сахнаға бозбала Абайды шақырайық!


(Сахнаға бозбала Абай шығады Айдос)

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!


Хор: «Көзімнің қарасы» әні


1-жүргізуші:

- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!


2-жүргізуші:

Абай кім? (бейнеролик) Бейнероликті тамашалаңыздар!

2-жүргізуші:


Ендігі кезекте бүгінгі кешіміздің қонағы, айтыскер ақын ағамыз - Айтақын Мұхамедиұлына сөз кезегін берсек.

(Ақын сөйлейді, сөйлеп болған соң сұрақтар қоясыздар)

  1. Айтақын аға, ақындық жолға қалай келдіңіз?


1-жүргізуші:

  1. Ең алғаш кіммен айтыстыңыз?


2-жүргізуші:


  1. Қазіргі жастарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?


1-жүргізуші:

  1. Дайындап жүрген шәкіртеріңіз бар ма, олар кімдер?

Рахмет, аға!


Нүсіпбек Айымды «Шеберлі қыз» биімен қарсы алыңыздар!


2-жүргізуші:


Көрермендермен диалог.

Абай өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар.

  1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақының атынан жариялап отырды?

(Көкбай)

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?

(Әлихан Бокейханов 1903 жылы Петербургте жазған)

  1. Абайдың шын аты кім?

(Ибраһим)

  1. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

(Үш күйі бар. «Тоғжанға» , «Май түні», «Абайдың желдірмесі»


2-жүргізуші:

  1. Абайдың аяқталмаған поэмасы

(«Әзім әңгімесі»)

6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (27)

7. Абайдың әжесі және анасы кімдер? ( Зере, Ұлжан)

8. Ділдәдан туған балалары (Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия)

9. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев» деп атаған кім?

( Ахмет Байтұрсынұлы)

10. Әйгерім кім? Шын аты кім? (Абайдың екінші әйелі, шын аты- Шүкіман)


1-жүргізуші:

Абай Құнанбаев — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер,

либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.


2-жүргізуші:

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Абайдың табиғат лирикасына арнаған өлеңдерін білесің бе? «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » айдарымен Абайдың табиғат лирикасына тоқталайық!


1-оқушы «Қыс» Тажиев Ринат

2-оқушы «Жазғытұрым» Якимова Валерия

3-оқушы «Күз» Болатбекқызы Аяна

4оқушы «Жаз» Асланқызы Клара


(Қарасөздері)


1-жүргізуші:

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.


5-оқушы Маликқызы Жанель 31 қарасөзі

6-оқушы Аманқос Халима 9 қарасөзі

7-оқушы Абдуллаева Айзада 35 қарасөзі

8-оқушы Каримоа Амина 16 қарасөзі

9-оқушы Жұмажан Бекзат 5 қарасөзі

10-оқушы Тыныбек Фариза 12 қарасөзі


Күй: Көкен Іңкәр


2-жүргізуші:

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан

Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті.


1-жүргізуші:

Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Сөйтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақ арасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды.


Ән: «Айттым, сәлем Қаламқас» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

1-оқушы «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма Ақниет

2-оқушы «Әсемпаз болма әрнеге» Кубентай Ельназ

3-оқушы «Ғылым таппай мақтанба» Гладченко Марина

4-оқушы «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» Асанова Балнұр

5-оқушы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Теңбай Балауса

6-оқушы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Дулатбек Жанерке

7-оқушы «Ескендір» поэмасы Жұмашбек Шұғыла

8-оқушы «Қыс» Сүлеймен Үміт


1-жүргізуші


Көрініс


Ән: Турысбекова Ақеркенің орындауындағы «Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар!



2-жүргізуші:«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Ал Ұлы балкар ақыны Қайсын Кулиев:- «Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдесіз құбылыс»-деп атап көрсеткен.


Хор: «Желсіз түнде жарық ай»


1-жүргізуші:

Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар. Бүгінгі кешіміздің барсында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп әңгіме еттік.

Абайдың өң бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырыңдар! Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі еш күмән туғызбайды.


2-жүргізуші:

Абай сөзі – адамның жанына азық,

Ақылдың таразысы, алтын қазық.

Абайдың өсиетін түсініңдер,

Кетпейді деп сенемін дүние азып.

... Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы.


(Сахнаға егде Абай шығады )

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

(Барлық оқушылар сахнаға шығады)

1-жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

2-жүргізуші:Амандықта жүздесейік!



























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!