Материалдар / Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» сұрақтарына жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» сұрақтарына жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың қара сөздері туралы эссе, мұғалімдерге көмек ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
509
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбаевтың  «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» сұрақтарына жауап беріп, өз көзқарасыңызды  талдап жазыңыз

Абайдың қара сөздері 1890-1898 жылдары жазылды. Халқымыздың классик ақыны Абай бұрын соңды болып көрмеген, қара сөз жанрына қалам сілтеді. Адамгершіліктің бастауы-адамның санасы. Адамзат бойындағы бар жақсы қасиет-осы сананың жемісі.

«Адамзаттың Абайы» атанған хакім , дана да, дара ақын, ойшыл Абайдың артына қалдырған мұраларының бірі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері күллі адамзат баласына арналған. Себебі, өзінің қара сөздерінде жақсылық пен жаманның, естілік пен ессіздіктің парқын ажыратып көзіңе көрсетеді. Көрсетіп қана қоймай, нағыз, толық адам болу жолын ұсынады.

Халқымыздың ежелден-ақ кең далада кең пейілмен, өздерінің думанды той жиындарымен. Алуан түрлі әдеп – ғұрыптарымен ұл бала, қыз бала тәрбиесіне ерекшк көңіл бөліп, үнемі қырағы көзбен қадағалап отырған. Жастарға тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ел, кең дала салты тәрбиеші болған. Қазақ сөз құдіретін бар құдіреттен артық санаған. Соның ішіндегі құдіретті сөздің бірі- Абайдың қара сөздері.

Абай қара сөздерді жазу себебі, ол келешек ұрпақтың жақсы мен жаманды айыра білгенін танытты. Жас шыбықтан биік діңгек өсетіні сияқты адамзат баласын сәбилік шағынан тәрбиелеу деп санаған екен. Абайдың қара сөздерін оқыған адам Абай сөйлесіп, пікірталаста отырғандай сезінеді.

«Қара сөздердің» тақырыбы біреу-ақ, ол - адам болмысы. «Қара сөздердегі» әрбір сөз осы тақырыпты кеңірек ашуға мол мүмкіндік береді.

Абайдың қара сөздері - әлемдік өркениетте өзіндік орны бар қайталанбас мәдени мұралардың бірі. Ал енді қара сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын!

Ақынның естілік пен білімділікті дәріптейтін қара сөзінің бірі – он тоғызыншы сөзі. Абайдың он тоғызыншы қара сөзінің өзектілігі неде жатыр?

Біріншіден, Хакім Абай бұл қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің ғана нәтижесі мен тәрбиеден туындайтын нәрсе деген ой тастайды. Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, көріп, естіп, ұстап көре біле білімді болатынын айтады. Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді. Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді.

Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі. Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.

Абайдың он тоғызыншы қара сөзінде білімділікке қандай адамның жететінінін және сол алған білімін қалай жүзеге асыру керектігі туралы жазылады. Абай Құнанбаев өзінің он тоғызыншы қара сөзінде естілік ұғымы туралы терең ой қозғайды. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады,» —деп ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып, тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса, онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс деп ойлаймын.

Енді осының бәрін бір адамның өмірлік дерегі арқылы түсіндірсек. Мысал ретінде дәл осы ғұлама Абайдың өзін алайық. Абай көп оқыды. Ол шығыс ғұлама ойшылдары, шайырларын жатқа білді. Және ол орыс ақын-жазушыларын да оқыды. Соның ішінен өзіне ұнағандарын сүзіп алды. Жақсы дегендерін қазақ тіліне аударды. Ал естігендерін айтсақ. Алдымен Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжанға тоқталу керек. Әжесінің «ерте, ерте, ерте де» деп бастаған ертегілеріне сусып өсті. Кей кездері анасы да ертегі айтып беретін болған. Сосын екі шешесі аса қонақжай болғандықтан олардың үйіне сал-серілер, ертегішілер көп түсетін болған. Міне, Абай соларды тыңдап, қазақтың қисса-дастандарына сусып өсті. Кейін араласқан адамдары да аса білімді болған. Мәселен, Михалиспен Абайдың таныстығы да оған үлкен өзгерістер әкелді. Ол Михаилис арқылы орыс халқының саяси, әлеуметтік, мәдени өмірімен танысты. Әртүрлі орыс ойшылдарын қарады. Және соның бәрін бойына дұрыс сіңірді. Нәтижесінде өзі де ғұлама ойшылға айналды.

Абай қарасөздеріндегі құдіретті болашақ жас жеткіншектерге өзіміздің санамызға ұялатып, әрі оны өмірлеріміздің ұстанымымызға айналдыра білсек, кәделі іс оның тындырған болар едік деп ойлаймын. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін.

Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.

Ойымды қорытындылай келе, мың жерден білімді болып тұрсаң да, есті сөзді ескеріп, қажетіңе жаратпасаң, білімділігің түкке тұрғысыз деп ойлаймын.Себебі, жақсылыққа жақсылық, естілікке естілік қана үйір болады.Есті сөзге сүйініп, көңілге түйінгенде ғана мәніне терең бойлап, өміріңе жаратады екенсің.Ендеше, Абай айтқандай, естілердің сөзін ескеріп жүрейік.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994. - 336 бет.

2.Абай Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп... Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Раритет, 2008. – 384 б.- "Алтын қор" кітапханасы.

3.Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы жалын 1991. - 464 бет.

4.Бәйтенова Н.Ж. «Абай философиясындағы адам мәселесі» // Абай. - 2006, - № 3 (71). – 25 бет.

5. Ысмағұлов Ж. Абай: Даналық дәрістері – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 400 бет.

6.Нұрмұхаметова Қ.Т. «Білім берудің практикалық сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері»мақаласы-Қостанай:2019.-5 бет.



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!