Материалдар / Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Абай - біздің данамыз» атты әдеби – сазды кеші.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Абай - біздің данамыз» атты әдеби – сазды кеші.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
414
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай - біздің данамыз» атты әдеби – сазды кеші.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №40 ЖОББМ кітапханашысы Сакпаева А.К

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Абай - біздің данамыз» атты әдеби – сазды кеші.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: кітаптары, суреттері, видеоролик, брошюралар.


Кітапханашы: Биыл ұлтымыздың ұлы мақтанышы Абай Құнанбайұлы бабамыздың туғанына 175 жыл толады. Бұл – еліміз үшін үлкен мереке. Осы мерекені жан-жақты, данышпан ойшылдың биік деңгейіне лайық дәрежеде атап өтуіміз қажет. Оған дайындық еліміз Президентінің тапсырмасымен былтыр басталған. Бұл орайда «той» деген тек шартты ұғым екенін ұмытпайық. Тойдың аясында еліміздің рухани әлемінде көптеген игі шаралар өтетін болады. Соның ең бастысы – біздің Абай әлемін таныған үстіне тани түсуіміз. Яғни Абайдың әрбір өлеңін, әрбір қара сөзін тамырына дейін тереңдеп оқып, санамызға сіңіруіміз керек. Ондағы өсиетті, тағлымды, тәлімді, ғибратты бойымызға дарыта білгеніміз абзал.

Өмірбаяны қысқаша: Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке  тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.

Шағын видеоролик.(экранға назар аударамыз)

Кітапханашы: Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алған, адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне кезек берсек. 

Аралбай Айзере:

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.

Кітапханашы: Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
Оқушылар: 4 мезгіл. Қыс, көктем, жаз, күз.
Кітапханашы: Өте жақсы, Абай ата осы төрт мезгілге арнап тамаша өлең жазған. Бұл өлеңдерінде табиғаттың әсем, сұлу көірінісі бейнеленген.

Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз»  Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі. 
Бұл  өлеңдерде  табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.

Ортаға 3 - сынып оқушыларын шақырамыз.

Қане, Абай атамыздың осы өлеңдерін есімізге түсіріп жіберейік.

Жасмұрат Дулат:
Маған Абай атаның қыс туралы өлеңі ұнайды. Айнала аппақ қар, сырғанап ойнаймыз. Су қатып мұз болады.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Оралбайқызы Арайлым:

Маған Абай атаның көктем туралы өлеңі ұнайды. Көктемде жер көктеп, бәйшешектер гүлдейді. Күн қызып, көбелектер ұша бастайды.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан - жануар адамзат анталаса
Ата - анадай елжірер күннің көзі.

Айдынғалиев Мансұр:
Маған Абай атаның жаз туралы өлеңі ұнайды. Жазда күн жылынып жемістер піседі. Құстар ән салып ағаштарға қонады.
Жазды күні шілде болғанда
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда

Ақым Аяулым:
Маған Абай атаның күз туралы өлеңі ұнайды. Күзде жапырақтар сарғаяды, күн салқындайды. Жеміс - жидек, көкөністер піседі.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.

Серіков Дулатәли:

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Нұрболат Өміржан:

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Алмахан Саянғали:

«Ұлы ақын - Абай ата»

Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пущкинменен,
Абай атам- ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.

Сәтенов Нұрәли:

«Абай ата»

Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.

Кітапханашы: Жарайсыңдар балалар! Барлығыңыз Абай атамыздың өлеңдерін керемет айтып шықтыңдар. Енді кітап көрмесімен сіздерді таныстырып өтейін.

Кітап көрмесіне қысқаша шолу.

Кітапханашы: Абай атамыз тек өлең жыр жазып қоймаған сонымен бірге орыс тілінен қазақшаға аударып аудармамен айналысқан. И. А. Крыловтың көптеген мысқыл мысал өлеңдерін аударған.

Қазір тақтадағы плокатқа Абай атамызға сипаттама берейік. Ол кісі кім? Деген сураққа жауап берейік балалар.

       

       

Қорытынды:

Кітапханашы: Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз. 
Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 175 жылдығына арналған «Абай - біздің данамыз» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.Көңіл қойып, тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Сау болыңыздар.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!