Материалдар / АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін ашу үшін бағытталған. Абай сөзінің күні бүгінге дейін мәні зор, сондықтан Абай мұрасы ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, ғибрат тағылымы мол дүние болып қала береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
504
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

КАМЗИНА М.С

Алматы қаласы Әуезов ауданы

202 мектеп- гимназиның

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қайталанбас біртуар ұлы тұлғамыз Абайдың азаматтық, ақындық, халықтық мұрасы – айтылар ойға сыймас, қыр-сыры мол дүниелер. Ақын халқын адамдардық қасиетті жоғары бағалауға, ғылым мен білімді үйренуге, ақиқат пен əділдік үшін күресуге шақырды.

Абай – ойшыл, білімді билеуші мен білімді халықтың концепциясын негіздеушілердің бірі. Оның пікірінше, қазақтарды дұрыс жолға қойғысы келетін адам билікке ие болуы тиіс. Ол: «Егер менің қолымда билік болса, мен адам түзелмейді дегендердің барлығының тілін кесер едім» деп билікті білімді адамдарға беру керек деген тұжырымды ой айтады..

Абай шығармаларын оқыту жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор. «Тобыр – надан, оны басқара біл... Тобырда білімді адамдар сирек кездеседі» деп адамдарды екі топқа бөледі: басқаруды қажет ететін надан жəне ақылды топ. Сондықтан биліктің өзіндік принциптерін ұсынған. Оның пікірінше, билеушілер елдің таңдаулылары болуы тиіс, бірақ шындығында олар шеттетіліп келді. Бұл жөнінде ойшыл үшінші қара сөзінде былай дейді: «Елдегі жақсы адамдардың бəрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген əр түрлі қылмыстық іс көрсетіледі. Оған жауапқа шақыру — тергеу шығарады. Өтірік, көрмегенін көрдім деуші куəлар да əлдеқашан дайындап қойылған» [1; 131]. Əрине, ойшыл осының барлығы олардың билікке деген ұмтылысын шектеу үшін жасалады деп түсінеді.

Абай сол кездегі билер сотына да қарсы болған. Себебі, сот лауазымы болыс билеушілер лауазымы секілді сатып алуға негізделген. «Қазір би болып, халықтың мүддесіне қарсы келетін адамдар сайланады; олар ескі құқықтық ережелерді білулері тиіс еді. Олар қай заңдардың ескіргенін білулері тиіс. Қазіргі сайланатын соттар ескі заңдарға айырбас таба алмайды» [2]. Осыған байланысты ол билердін санын көбейткеннен олардың сапасын арттыруға күш жұмсау керек жəне мерзімсіз сайланатын билерді дұрыс деп табады.

Жалпы алғанда, Абай феодалдық құрылымның қарама-қайшылықтарына назар  аударып, қазақтар үшін жаңа қоғамдық құрылыстың ең жағымды түрін іздеп табуға тырысты. Бұл жолда ол таза рулық басқару тəжірибесін қолдап, былай жазады: «Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халық та оны сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен» [3; 213].

Ақын қазақтардың жалпыұлттық мүддесін де түсіне білген. Осыдан ол халқын ұлттық бірлікке шақырады. Басқа бірлігі күшті халықтардан үлгі алуға шақырды. Оның бұл ойлары бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпаған. Ол қазақтың қоғамдық пікірін жаңа сатыға көтере білді. Өз замандастарының ішінен ерекше бөлініп шығып, адамдардың сынаушысына жəне ақылшысына айналды.

Қазақтарды ағартуда еуропалық өркениетті игеруді маңызды орынға қойған. Орыс халқынан өнерді үйренуге шақырады. Адамдар өз өмірлерін өздері қалыптастырулары қажет деген ойды айтады. Ол үшін жоғары мəдениетті халықтардан үйренуге тиіспіз дейді ақын. «Егер біз басқалар білетінді білсек, біз күшті халыққа айналамыз» деген ойшылдың сөзі қазіргі күнде маңызын жоғалтқан емес.

Абай өз шығармаларында этикалық идеалдарды көп қарастырған. Оның этикасының негізгі принципі «Адам бол». Осындай көптеген шығармалары адамгершілік сипатта жазылған. Ойшылдың пікірінше, адам саналылық пен адамгершіліктің, еңбексүйгіштік пен  білімділіктің, достық пен махаббаттың қосындысы болуы тиіс.

Сондай-ақ, оның шығармаларында жеке адамның қалыптасуында қоғамдық ортаның шешуші орын алатыны айқындалған. «Адам — өз кезеңінің жемісі, егер ол жаман болса, оған замандастары кінəлі. Дəуір адамды қалыптастырады» деген ойшылдың көзқарасымен толық келісуге болады сияқты. Абайдың ағартушылық дүниетанымын бағалауда қазіргі отандық ғалымдардың көбісі оның шығармашылық күш-қуатын адамдық игіліктерге, ақиқат адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға бағытталған деп санайды [15]. Міне, ойшылдың осы ойлары бүгінгі күнде де өзінің прогресшіл маңызын жоймағанын көреміз.

Қорыта айтқанда, әр мұғалім алдындағы болашақтың азаматын өмірге қанаттандыра, болашаққа талаптандыра тәрбиелей алса, міне, нағыз ұстаз шеберлігі деп айтар едім.

Абай армандаған білімді өсер ұрпақ бойына ұялата алсақ, әр ұстаз еңбегінің ақталғаны да сол емес пе?

Заман талабына сай саналы ұрпақты сапалы біліммен қаруландыруда қажымайтын, талабы таудай білікті мұғалімдердің білімді шәкірттері молая берсін!

Əдебиеттер тізімі

  1. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы: 2 том. -2-т. -Алматы: Ғылым, 1977.- 312 б.

  2. XV–XX ғғ. қазақ ойшыл оқымыстыларының тəлім-тəрбие туралы ой-пікірлері / Əлемдік педагогикалық ой-сана: 10 т.-3-т. / Бас ред. Ж.Қ. Түймебаев. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2010. -102-б.


АННОТАЦИЯ

Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін ашу үшін бағытталған. Абай сөзінің күні бүгінге дейін мәні зор, сондықтан Абай мұрасы ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, ғибрат тағылымы мол дүние болып қала береді

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!