Материалдар / Абай шығармаларының ұлттық құндылықтарды дарытудағы ролі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай шығармаларының ұлттық құндылықтарды дарытудағы ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні мен Мәңгілік Ел идеясының ұлттық құндылықтар дарытудағы ролін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2019
1727
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мадиярова Ақтілек Бабаханқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі

Арыс қаласы

Түркістан облысы



Абай шығармаларының ұлттық құндылықтарды дарытудағы ролі

«...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті.

Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз.

Н.Назарбаев.

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.»-деді.

2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу прцесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатта : Заманауи жас қазақстандықты қалыптастыруда оның түрлі бағыттағы: әлеуметтік-коммуникативтік, танымдық, сөйлеу мәдениеті, эстетикалық-көркемділік, спорттық сауықтыру жағы маңызды рөл атқарады. Балаларды шығармашылық жұмыс түрлеріне тарту оқушылардың мектептегі оқу процесімен, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнда: факультативтік сабақтар, үйірмелер, секциялар, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар сияқты қосымша білім беру мүмкіндігін, содай-ақ аптаның алтыншы күнін ұтымды пайдалану қажет. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісіне және қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру аясындағы экскурсия, туристік-өлкетанулық экспедициялар тәрбие процесінде баланың таным көкжиегі мен мәдениетін кеңейтеді, патриот азаматты қалыптастырады, тұлғаны өзін-өзін танытуға ықпал ететін педагогикалық күш –қуат, әлеует болып табылады. Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы адамгершілік бағыттарды, азаматтылықты, патриотизмді, ұлттық танымды, көшбасшылық қасиетті қалыптастыруда, заманауи жастардың жеке бастамасын ұсынып, «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері ұсынылды.

«Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады.

Бағзы заманда елінің болашағы үшін қатты алаңдайтын бір патша елінің данагөй қартынан: «Елімнің болашағын болжап берші, деп өтінген екен. Сонда қарт: «Сен маған алдымен, еліңнің жастарын көрсет, содан соң жауап берем» деген екен. Осы қазыналы қарияның сөзін бойтұмардай ұстанған Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Елбасы 2012 жылдың 5 қыркүйегінде өткен өзінің интерактивті дәрісін «Балам дейтін ел болмаса, Елім дейтін бала қайдан болмақ» деген аталы сөзбен бастады. Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының мақсаты – жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру. Жаһандану процесінде жастар арасында әлеуметтік тоқырау, яғни саяси және қоғамдық өмірден алшақтау, отбасылық өзімшілдік мінез көрсету, адамгершілік құндылықтар дағдарысы, шындықтан, адалдықтан бас тарту, зорлық-зомбылық сияқты құбылыстар, дәстүрлі емес діни ұйымдардың жастарымыздың санасына әсер етуі, жастардың маскүнемдік, нашақорлық секілді залал дүниелерге құмар болуы, ауыр қылмыстар жасау, адамгершілікке жатпайтын қылықтар кеңінен етек жаюда. Міне, сол себептен де жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселені ұлтының болашағы үшін жаны ауырған, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының жандауысы дәлел бола алады. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Біріншісі, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын», - деген. Ұлт тұлғасының осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеуші ұстаз ғана. Себебі, ұстаз – студент үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі

ІІ. Абай әлемі және оның шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дарыту.

Абай әлемінің бар құдіреті мен болмысын, құпиясы мен сырын жете таныту арқылы қазақ халқының мәдени келбетін, қадір-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін ұрпақ санасына сіңіру. Абайды оқыту арқылы жаңа биіктерге көтерілу, рухани өсіп-өркендеген іргелі еліміздің елдік белгісін биік дәрежеге көтеру. Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Жүз жылдан астам тарихы бар Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспас өзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, бүгінде қазақ мәдениетінің, ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. Абай – ұлы ұстаз-кемеңгер. Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз.

Абай мұрасының бірегей білгірі академик М.Әуезов: «Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнінде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тұрғанын еске алу керек. Бірінші жолы – баспа арқылы тарауы; екіншісі – халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі – қолжазба түрінде әр көлемді жинақтар болып, көшіріліп таралуы», - дейді.

Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын молығып келеді. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы зерттеушілердің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабы қ саналып , Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Осы кезеңнен бастап, абайтану ғылымы жаңа бағытқа қарай бет бұрып, жаңа көзқараспен зерттеле бастады. Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл мұрасын әр тараптан зерттеп, Абайтану ғылымының керегесі кеңи түсуіне үлкен игі істер ат қарылуда. Абайға арналған аймақтық, республикалық, халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, түрлі әдеби-мәдени шаралар ақын мұрасын жас ұрпаққа үлгі етуді көздейді. Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің қайнар бұлағы.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абайдың мұрасы, теңдессіз дана ойлары мен шы ғармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екені талассыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген.

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы.

«Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!