Материалдар / Абайдың айықпас әлемі (эссе)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абайдың айықпас әлемі (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
296
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың айықпас әлемі.


Менің мектебім Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қостерек ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп.Менің есімім Сейіл Диана. 9- сыныптың үздік оқушысымын. Өз мектебімді қиындығына да, қызығына да қарамастан қатты жақсы көремін.Биылғы Абай атаның 175 жылдық мерейтойы қазақ еліне берекелі мереке болсын. Біздің мектептің ұстаздары оқушыларға әрқашан Абай атаны дәріптейді. Әрдайым «Абайды ақындар, қор болмайсыңдар өздеріңе болашақта пайдасы тиеді»- дейді.Тіпті директорымыз Кембай ағай да мектепішілік жарыстарда белсене қатысқан оқушыларды мақтап, басқа оқушыларға үлгі етеді. Өзімде сол үлгілі оқушылардың қатарынанмын.

Мен үшін Абай ата бір ғана әдебиеттің, аз өнердің ауқымына сыймайды. Абай ата өз шығармаларында күнделікті өмірімізді, бүкіл рухани әлемімізді жан- жақты қамтыған. Абай атаның заманында телефон, комьпютер ешқандай болмаған. Ал, бірақ соған қарамастан Абай ата білімді, дана,м зерек болған. Ешқашан оқудан жалықпаған, ізденіспен жүрген ақын. Ал, қазір ше, кейбір жастар телефоннан бас алмайды. Ақын атаны ақымақ түгілі кітапханаға барудың өзі мұң. Бірақ Аллаға шүкір Абай атаны оқып, кітапханаға баратын жастар бар екен. Ол жастарға, аға- әпкелерге, іні- сіңлілерге өз атымнан алғыс айтқым келеді. Мен де әрқашан Абай атаның өлеңдерін жаттап жүремін. Көптеген жарыстарға қатысып, алды болып жүрмін. Ақын атаның мұрасы- таусылмас байлық, сарқылмас қазына. Абай ата- қазақтың ұлттық философиясының негізін қалаушы, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл.Абай атаның өлеңдерінде қорғасындай зіл батпан ойлар, жан жарасы, қатыгез өмірдің ащышы.

Қасиетті абай ата- біз үшін ұлы құбылыс, біздің ең қасиетті қазынамыз.Ақынымыз қазақ халқымен мәңгі өмір сүреді, оның өзі өлседе аты өлмейді.әрдайым біздің жүрегімізде.Біз- болашақ ұрпақ, Абай атаның шығармаларын оқуымыз, жаттауымызға міндетті, парыз. Ақын атамыз біздің ұлттық ұранымыз. Абай ата жатарға үлкен үміт артып, бізді еңбек етуге, ғылым мен білімге ұмтылуға шақырады.

Ақын атаның шығармалары біздің өмірімізге үш рет енген екен.Алғаш рет- балалық шақ.Табиғат, жасыл жайлау, бейқам ауыл тынысы, балалардың сыңғырлаған күлкілері, күн сәулесі жаныңды жайландырып, әсем нұрға бөлейді.Осылайша поэзия құдіретінебір табынасың. Ал екінші- жастық шақ.Бұл уақытта жүректе бір өсипес сезім пайда болып, махабатқа беріліп, екінші рет табынасың.Өмір өтіп қырықтан асқанда өмірдің ащы- тұщысын, қайғы мен қуанышты, шынайы тағдырды көргенде, күншілдікпен сатқындықты білгенде үшінші мәрте табынасың.қазір Абай атаның шығармалары менің өмірімнің бір бөлігіне, қасиетті тұмарыма айналғандай.

Менің бұл сайысқа қатысқан себебім: менің де Абай атаны дәріптеуге, ұлықтауға бір үлесім тигенін қаладым.мейлі бұл сайыста бас жүлдені алмайақ қояйын, сыйлық алмайын, бірақ кішкентай болсада үлесім тисе екен деп тілеймін.Абай атаның өлеңдері, қарасөздері елімізді ынтымаққа, бірлікке шақырады. Болашақта алла бұйыртса тарихшы- археолог боламын. Сол кезде міндетті түрде Абай атаның еліне саяхат жасасам деймін.тезірек үлкейіп, Семейге барып, ақын атаның оқыған жерін, тұрған үйін көрсем! Тезірек арманыма жетсем екен!

Бірде аташым екеуміз базарға барғанда менің ойыма кітап алу түсті.Кітап оқығанды жақсы көремін.Атамның ерке немересімін.Атама ойымды айтып едім, бірден алып берді. Қандай кітап алсам екен деп тұрғанда: «Биыл ақын атамыздың 175жылдық мерейтойы.Сол мерейтойға арнап ақынның кітабын алсам қайтеді» деген ой сап ете қалды. Содан кейін «Қарасөз» атты кітабын алдым.Ал қазір сол кітаптың пайдасы тиюде.Ақынның қарасөздерін жаттап жүрмін.Осы кітапты әперген атама мың алғыс!

Біз қазақ елі жер бетінде мықты ел болуымыз үшін ақын абай атамыздың өсиетін өмірімізге серт қылуымыз керек.киелі қазақ елім сіздерге айтар кеңесім бәріміз Абай атаны оқиық, көңілге тоқиық. Ақынның мөлдір жырымен шомылып, тазарайық. Ақынша ақылмен, сабырмен іс қылайық.Сонда өмірде адаспаймыз.


9- сынып оқушысы Сейіл Диана Түркістан облысы, Отырар ауданы,

Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!