Материалдар / Абайтану 9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абайтану 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай туралы мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
223
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

сы

Қа­зақ­стан­Рес­пуб­ли­ка­сы­Бі­лім­жә­не­ғы­лым­ми­ни­ст­рлі­гі­ұсынған

па

Р.Зай­ке­но­ва

ба
с

АБАЙТАНУ


В

Жал­пы­бі­лім­бе­ре­тін­мек­теп­тің­­
9-сы­ныбы­на­ар­нал­ған­оқу­лық

АР

МА
Н

(таң­дау­кур­сы­на­ар­нал­ған)

9

па

сы

ӘОЖ 373
КБЖ 83.3(5Қаз) я72
З-15

Назар аудар

Зайкенова Р.
Абайтану: жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына
арналған оқулық / Р.Зайкенова. – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ»,
2019. – 240 бет.

МА
Н

З-15


В

ба
с

Электронды қосымша жүктелген CD қолжетімсіз болған жағдайда, қосымшаны arman-pv.kz сайтынан тауып, өз компьютеріңе жүктеп алуыңа болады

ISBN 978-601-318-210-0

АР

Оқулыққа оқу бағдарламасына сәйкес Абай Құнанбайұлының
өмірі мен шығармашылығы, ғалымдардың зерттеулері енгізілді.

ISBN 978-601-318-210-0

ӘОЖ 373
КБЖ 83.3(5Қаз) я72
© Зайкенова Р., 2019
© «Арман-ПВ» баспасы, 2019

Барлық құқығы қорғалған. Баспаның рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды.

сы

Кі­ріс­пе

АР

МА
Н


В

ба
с

па

Қымбатты шәкірттер! Әдебиет – өмір айнасы. Ал
нағыз көркем әдебиетті тума талант, хас шебер, сөз
зергері туғызады. Шынайы талант – ілуде біреудің
ғана маңдайына жазылатын тәңірдің сыйы. Осы тұрғыдан алғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысында киіз
туырлықты шаңырақ астынан қарап-ақ, әлемдік деңгейде шеберлік нақыш туғызып, өрелі ой айтқан қазақ
халқының ұлы ақыны, хакім Абай даналығына жаңа
заман биігінен қарап, көңіл аудартудың маңызы зор.
Абай араб, парсы, татар сияқты тілдерді жетік меңгеру
арқылы Шығыс әлеміне бойласа, орыс тілі арқылы
Еуропа мәдениеті мен бүкіл дүниежүзілік өркениетке
қол созды. Бүкіләлемдік көркем ой жетістіктерін қазақ
халқының ұлттық өлшемдері тұрғысынан сараптап,
тарихи-рухани өмірдің нақты көрсеткіштері мен көркем шығармашылықтың адам тұлғасын қалыптастырудағы орнын анықтады.
Абай – ғаламдық тұлға. Абайтанудың бастауы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш арыстары мен сол
тұста өмір сүрген оқымыстылардың таным-білігінен
басталады. 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Абайды «Еуропаның атақты ақындарының қатарына» қосып, «өз
Отанының сом алтынына» теңесе, Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақтың бас ақыны – Абай. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын
болған жоқ... Абай сөзінің дұрыс емес, қате айтылған,
теріс айтылған, жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш
нәрсесі жоқ. Дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар түсінбесе, ол Абайдың үздік ілгері
кетіп, оқушылары шаңына ере алмағанын көрсетеді...
Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек»
деген өсиетті кесіп айтты. Сұлтанмахмұт Торайғыров:
«Абайды оқы, таңырқа» десе, Мағжан Жұмабаев:
«Алтын хакім – Абайға» деді. Міржақып Дулатұлы
3

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

да: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш –
Абай сөзі, Абай аты боларға керек... қазақ халқына
сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай...
Бірінші ақынымыз деп қабіріне халқы жиі-жиі зиярат
етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз
сезер, қуанар», – деген сөз айтты.
Сондықтан бұл пәнді оқи отырып, ұлы ақын
шығармаларын терең де, жан-жақты тану арқылы
елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салтдәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде
бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім,
білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс
жүзінде өз кәделеріңе жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге
лайықты, терең ойлайтын дара тұлға боласыңдар деген
сенімдеміз.
Абайтану курсын оқи отырып мынадай міндеттерді
орындайсыңдар:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық
болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің
өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ
өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғу;
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы
өсиеттерінің маңыздылығын түсіну шығармашылық
қиялдарыңды дамыту, автордың ұстанымын түсінуге
тырысу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін,
идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрену;
3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр
мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын
рухани кемелдік танымы тұрғысынан тану, ақынның
көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным
мен рухани-мәдени құндылықтарды игеру, ақын
идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алу,
4

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

шығармаларындағы адамгершілік, имандылық,
махаббат, достық, әділеттілік, татулық, бірлік
сияқты жақсы қасиеттерді үлгі-өнеге ету;
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам тұжырымдамасына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның
өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ
әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл
сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық
көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған
ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен танысу;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын
аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен
поэмаларындағы ақындық биік мұраты мен адамгершілік идеяларын тану;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу,
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы
жұмыстарын білу;
Оқулық «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»,
«М.Әуезов және абайтану мәселелері», «Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы», «Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі», «Абай танымындағы
ән мен күй», Абай поэмасы – «Ескендір» атты алты
тараудан тұрады. Әр тарау өз ішінен бірнеше бөлікке
бөлінген.
Құрметті оқушылар, Абай даналығын жете меңгеру арқылы бүкіләлемдік гуманистік және ұлттық
өлшемдердің адам тұлғасын қалыптастырудағы орнын
бағамдап, қадірлеп-қастерлеп, өмірді және адамзат
құпиясын тануға ұмтылайық.
5

Адам­зат­тың­Абайы

сы

(Н.Ә.На­зар­ба­ев­тың­ЮНЕСКО­көлемінде­жасаған­
«Абай­ту­ра­лы­сөз»­ат­ты­ба­ян­да­ма­сы­нан­үзін­ді)

АР

МА
Н


В

ба
с

па

...Біз бүгінгідей тарихи
кезеңде, адамзаттық қауымдастыққа енді танылып, сенімді ықпалдас, сертке берік
серіктес ретінде алғаш рет
бой көрсете бастаған кезімізде
беделімізді асырып, рухани
бедерімізді айқындай түсетін
Абайдай беліміз барлығына
шүкірлік етеміз. Сондай беліміздің атын аспандата ұлықтай алатын еліміз барына да
АБАЙ­ҚҰ­НАН­БАЙ­ҰЛЫ­
шүкірлік етеміз. Құдайдың
(1845–1904)
бізді бұндай күнге жеткізгеніне де тәуба дейміз. Сондай
кезеңде өмір сүріп, сондай ел мен сондай қоғамға жантәнімізбен қызмет ету маңдайымызға жазылғанына
да мың қайтара тәуба дейміз. Оны сезіну біздің үмітімізді нығайтып, жігерімізге жігер қоса түсетіні анық.
Өйткені Абайды Абай қылған қилы тарихтың қырық
қатпар шындығы қазіргі біз бастан кешіп жатқан заманалық құбылыстармен тікелей жалғасып жатыр. Оның
тағдыры мен рухани ізденістерінің қиыры мен шиырын, тұңғиығы мен тұтқиылын жіті пайымдап, дұрыс
қорытынды шығара білсек, басымыздағы дәуренмен
талай сабақтастықты танып, бүгінгі ахуалымызды да
салиқаландыра түсетін талай мән мен нәр таба алар
едік. Абайдың сол заманда осылай толғанып, осылай
жазбауы қандай мүмкін болмаса, біздің бұл заманда
осылай қиналып, осылай әрекет етпеуіміз сондай мүмкін еместігін түсінер едік...
6

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

Абай – дағдарыстан шығар жолды көрсетіп, ғаламат
тәуекелге бара алған ерекше парасат пен ерекше рух
иесі. Соның арқасында ол бүгін күллі адамзаттың абыройы аласармас рухани сардарларының біріне айналып
отыр. Оны туызан дәуірді кеінен арастырмайынша, одан алан м раны тереіне бойлай алмаймыз.
Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді. Жер
шарының неғұрлым көп бөлігін иемденуге тырысқан
империя Орталық Азияны көктей өтіп, шығыс пен күнгейге тереңдей енуді көздеген-ді. Сондай стратегиялық
мақсаттың дәл өтінде тұрған ел Қазақстан болды. Басқадан айырылса да, одан айырылмау саясаты алғаш
рет сол кезде бой көрсетті. Ел билеудің тарихи қалыптасқан ұлттық жүйесі біржола мансұқталды. Метрополияның өзіндегі тәртіп күштеп енгізіле бастады.
Әуелі қазақтың әр ұлысынан бірнеше шағын хандық
құрылып, этно-аумақтық тұтастық бұзылды. Сосын әр
хандықтың халқы мен жері ата-атаға, ру-руға бөлінетін
жігімен ауыл-ауылға, болыс-болысқа бөлінді. Сөйтіп,
сойылған тоқтыдай ұшаланып-мүшеленген хандықтар
дербестіктен айырылып, көрші губерниялардың құрамына күштеп кіргізіліп, кірменің күйін кешті. Одан
хандықтар дуандарға бөлініп, бекзаттардың орнына
патша үкіметі тағайындаған «сенімді қазақтарға»
басқартылды. Солай дәстүрлі ішкі жымдастық әбден
жойылған кезінде, ел, ауыл, болыс, уезд, облыстарға
бөлінетін түзіліммен қайта құрылды. Ең төменгі ауыл
мен болысты жергілікті атқамінерлер, уезд бен облысты
патшаның әскери шонжарлары биледі. Осылай қазақтар өз жерінде, өздері кірме болып қалды. Ұлттық
түгілі, рулық-тайпалық тұтастықтан ажырап, ауызбірліктен атымен жұрдай болды. Солай қожыраған халық
пен қоныс жоғарының нұсқауымен 6 облысқа бөлініп,
көршілес Сібір, Орынбор, Астрахань, Түркістан губерниясына, ал Маңғыстау әуелі Кавказ сырты, артынан
7

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

Каспий маңы облыстарына бағындырылды. Сөйтіп,
қазақтар бет-бетімен тарап, бір халық, бір ел екенін
атымен ұмытатындай күйге жетті. Жер бетінде отаршылдық көрмеген халық кемде-кем болғанымен, бір
ғасырда осыншама көп реформаға ілініп, тоз-тоз болатындай тәлкекке ұшыраған халық ешқайда да жоқ
шығар.
Бұның бәрі отарлық кеңістіктің тұрғындары
тарихи қалыптасқан мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен судың
байырғы иелік құқынан біржолата ажыратуды көздеп,
алдын ала ойластырылған зұлым саясат еді. Қазір бізге
өршелене өшігіп жүрген алтын моншақты саяси қырғилар мен әншейін айтаққа ерген әулекілердің жаңа
бағдарламалары қай кездегі «саяси макулатура» екендігін осыдан-ақ айыра беруге болады. Ондайлар көршілерінің жерін тоз-тоз қып бөліп әкетіп, өзін салпақтатып малға салып, атақонысынан табылып жатқан
байлықтан соқыр тиын да татырмай, талтаңдап қалған
дәуренді әлі де көксейді.
Ондай ұрдажықтар ол кезде де аз емес еді. Ел мен
жерді ойрандағандарын былай қойып, сананы да
уландыра бастады. Тілін, дінін, тұрмыс-салтын менсінбеуге, ата кәсібі мен тарихын ұмытуға, өзінен-өзі
қорланып, өзгенің зорлығына бауыр басуға ынталандыратын әзәзіл саясат ерекше мүттәйімдікпен жүзеге
асырыла бастады. «Бұратаналану» деп аталатын жексұрын құбылыс солай өрбіді. Қармаққа ілінген, жемге
жүгірген шабақтай шошаңдаған бұратана сана, өзін-өзі
отқа түсіретін көзсіз көбелек дәурен орнатты. Тұтастық
пен ынтымақ ұмытылды. Санап алып оқытып, санап
алып қызметке іліктіру бір жағынан орыстандыруды,
екінші жағынан бақастық пен ішкі араздықты күшейтуді көздеді. Басқаны былай қойғанда, ағартушылықтың өзіне арамза сипат берілді. Бір ғасыр бойына
жантәсілім жау жағаласпен келген ереуілшіл халыққа
8

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

енді әлгіндей қамқорсыған айла-шарғының қақпаны
құрылды. Кітаптан гөрі зеңбіректі, мектептен гөрі
әскери бекіністерді көбейтіп жатқан өкіметтен сескенгендер аяқ жетпес шөлдерге шегінді. Сескенбегендер
саяси итаршылыққа жүгініп, есіктегі жалшылыққа
пейіл болды. Шұрайлы жерлер, шырайлы кәсіп пен
қызмет орталықтан әдейі көшіріліп әкелінгендерге
ғана бұйырды. Шет аймақтардың дамуына бөлінетін
қаржы тұтастай сырттан қоныстанушыларға жұмсалды. Ал бұратаналарды да оқуға тартпақ болғандар,
патша сарайы ұлықтарының біреуінің дала губернаторына ашық жазғанындай, «шектен шыққан адам
сүйгіштік» деп келеке етілді. Егер осы ғасыр басында
қазақтардан да санаулы оқығандар шығып, орысша
сауат ашқандар бір пайызға жетсе, оған мансапқор
дала дәулеттілері мен оқу-білім аңсаған түздіктердің өз
қаражаты жұмсалды.
Жан иесі жарыққа талпынбай тұра алмайды. Өз-өзінен жойылып кетуге пейіл еш мақұлық жоқ. Халық та
солай. Қанша зорлық көрсе де, зомбылық көрсе де үмітін үзбейді. Өзіндей жұрттардың қолы жетіп жатқанға
өз қолын да жеткізбек болып тырысады. Тап сондай
дәме бұдан сегіз ғасыр бұрын біздің бір жерлесімізді
ғылым іздетіп, Күнгей Азияға сабылтқан еді. Өткен
ғасырда да тап сондай талап тұлпарларын ерттеп мінгендер шыға бастады. Бір кездегі әл-Фарабидің жанқиярлық талабын Араб халифатының әкелік қамқорлығы деп қалай айта алмасақ, өткен ғасыр соңындағы
дала азаматтарының білім жолындағы нартәуекелін
де патшалық самодержавиенің әкелік қамқорлығына
жатқыза алмаймыз. Шет аймақтағылардың да сауатын ашып, білімге тартудың жүйелі саясаты болды.
Бірақ ол біздің даламызға осы ғасырдың екінші он
жылдығынан бастап ене бастады. Демек, оған дейінгі
оқу, білімге ұмтылу – ұлттық болмысымыздың етене
зәруліктерінен туындаған рухани жанқиярлық. Бір
9

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

экономикалық-қоғамдық үрдістің дәурені әбден таусылып, екінші экономикалық-қоғамдық үрдістің
әбден орныға бастағанын байқаған ұлттық сананың
тарихи дамуды өзінше пайымдаған етене көрегендігі.
Ондай құбылысты айдалаға апарып телу әбестік болар
еді. Ұлттық рухани өміршеңдігіміздің тереңіне бойлай
пайымдаудан әдейі жалтару болар еді. Ондай көзқараспен қарасақ, Абай сынды алып тұлғалардың кемеңгерлік болмысына атымен маңайлай алмас едік.
Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы мен ерен
құбылыс саналардай ерекшелігі – отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың
орнына тайталасты, жиренудің орнына үйренуді,
жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған
баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен жаңа
қасиеттерімен байқатқандығы. Өйткені халқына жаны
шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге
бастайтын жол сілтейді.
Абай да ақыл айтпас бұрын қилы заманның бар
қитұрқысын өз басынан өткеріп көрді. Оның сол кездегі еуропалық саяхатшылардың аузынан «Дала Цицероны» деген атақ алған шонжар әкесі ескі мен жаңаға
бірдей жорға болды. Ел жақсылары мен патша әкімшілігіне сөзін бірдей өткізе білді. Сондай аса ақылды,
көреген әке баулыған ұғымтал жас медреседе мұсылманша, мектепте орысша қатар оқып жүрген жерінен
ауылға қайтарылып, билікке араласады. Ру мен ру,
ескі үрдіс пен жаңа үрдіс, рулық-тайпалық психология
мен самодержавиелік отаршылдық бетпе-бет шарпысқан тартыс пен таластың ортасында жүріп, есесі
кетіп жатқан елінің жоғын жоқтауға күш салды. Бірақ
еңбегі зая кетті. Қандастары қызғанышпен, отаршыл
ұлықтар сенімсіздікпен қарады. Қапа болған жігерлі
азамат билікті тастап, ақындықтың соңына біржола
түсті. Қалған жиырма жыл ғұмырын тек қана оқып
10

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

білуге, тек қана шығармашылыққа жұмсады. Ол еңбегі,
енді, міне, адамзат ақыл-ойының асқаралы тұлғасына
айналдырып отыр. Ақын Абай қазақтың суырыпсалма
поэзиясын шын мәніндегі реалистік жазба поэзияға
айналдырды. Бұрын-соңды көтерілмеген тақырыптарды көтеріп, үрдіске енбеген жанрларды енгізді.
Сырт сипаттау, сырт дәріптеуді қойып, адамның ішкі
жанына үңілетін, болмыстың тұңғиық қалтарыстарын
ашатын аса мәнді философиялық-әлеуметтік лирика
туғызды. Шығыс поэзиясына тән нәзіктік, әуезділік,
ойнақылық, Батыс әдебиетіне тән жіті зерттеуші зердемен байыды.
Егер Абай болмаса, осы ғасырдың басында-ақ азаматтық кемелділікке, суреткерлік салиқалылыққа,
стильдік әр алуандыққа, заманмен бірге аттап, замандаспен мұңдас бола алатындай әлеуметтік пайымға
ие болған жазба әдебиет мектебі: шын мәніндегі Абай
мектебі қалыптаспас еді. Мағжан Жұмабаев, Бернияз Күлеев, Шәңгерей Бөкеев, Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикасында, Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынұлы, Ғұмар Қарашев, Халел Досмұхамедов,
Мұхамеджан Сералиндердің саяси-ғылыми көсемсөздерінде, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев,
Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов шығармаларында бар бітімімен көрінген бұл мектеп Абай жүйелеген жаңа ұлттық эстетикалық әлемнің қаншалықты
сындарлы екендігін айқын танытты.
Түп бастауы осы кәусар бұлақтан басталған көп
жанрлы көркем әдебиетіміз XX ғасыр зобалаңдары
тұсында өз халқына зор рухани медет болды. Тек өз
жұртын ғана емес, бұрынғы кеңестік кеңістікте, тіпті
әлемдік деңгейде талғампаз қауымның сусынын қандыра алатын рухани нәр тауып бере алады. Біз б ны
бәрі шін де бір жарым асыр б рын эстетикалы
ойды ты жазирасына батыл аттаан Абайды айсар талантына арыздармыз.
11

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

Абай Құнанбайұлының әлемдік санадан өз орнын
алатындай елеулі құбылыс болуы тек оның әдеби ізденістерімен шектелмейді. Әдебиет – Абайдың күллі дүниелік болмысқа, адами, ұлттық, кісілік, тарихи, заманалық болмыстарға бойлайтын кәусар дариясы, ежелгі
дүниеден мәңгілікке дейін көл-көсір көсіліп жатқан
рухани әлемге, рухани ғарышқа, универсиум деп аталатын ғалами дүниені ғажайып қиырларына шегер бір
жағынан азапты, бір жағынан ләззатты сапарының
бастау қақпасы әрі тереңге бойлап, кемелге ұмтылар
талпыныстарының алтын баспалдағы болды...
Бүгінгі халықаралық жағдайларға байланысты ұстанып отырған мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатымызға да жауапты Абайдан табуға болады. «Адамзаттың
бәрін сүй, бауырым деп» деген жолдардан халықтар
достығы ақын үшін қатар өмір сүрудің жалаң дипломатиясы ғана емес, тіршіліктің негізгі мағынасын
айқындайтын ұлы мұрат екені көрінеді. Ақын көзқарасын қазіргі тілге салсақ, өзге елдермен достық қарымқатынаста, ынтымақтастықта болу саясаты – біздің ел
болып, қатарға қосылуымыздың алғышарттарының
бірі. «Өзге өскен ел не істесе, соны істе, ғылымын, мәдениетін меңгер», – дейді Абай. Ол үшін өзгелермен
«мәдени, экономикалық, саяси араластық керек, оның
аты, бүгінгіше айтсақ, интеграция.
Ал «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі
бос» деген сөздері шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың
негізгі шарты. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте
достық, татулық, бірлік керек пе? Керек. Ендеше, Абай
сөзін тереірек ынып, онымен өзгелерді ялтуа
емес, өзімізді-өзіміз ялтуа тырысайы.
Өзгеше тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына
бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын,
заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеру
керектігін де бірінші айтқан – Абай. Қазақ қауымына
12

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны
да бірінші ұсынған – Абай.
Жерінен, суынан, тәуелсіздігінен, билігінен айырылған қазақты құтқарудың жалғыз амалы – оның
рухани әлемін, елдік, адами ізгі қасиеттерін сақтап қалу екенін, сонда ғана оның ұлттық сипатын аман алып
қалуға болатынын ақын жақсы түсінді. Сол үшін жан
аямай күресті.
Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары
күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес
екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде
адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені
жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын
Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға
болатын еді. Сорлатқанда, біреудің уақыты жетпейді,
біреудің ұғымы жетпейді, біреудің зауқы жоқ.
Әйтпесе, көп дүние әуелі сол әркімнің өзін-өзі түзей
алмағандығынан өрге баспай жатыр емес пе?
Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын.
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса
айында бір, өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп
алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге,
не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?», – деген
ақын сөзін еске алайықшы... Өзімізге-өзіміз өкпелеуге
мәжбүрміз. Соның бәрі «Шала мейір шала байқайды» демекші, тәуелсіздігіміз бен бостандығымыздың
қадірін шала ұғып, шала бағалаудан шығып жатқан
кеселдер. Осы тұста ұлы ақынның: «бәйгеге ат қоссаң,
атыңды тартыспайтын ағайын, атың келсе, бәйгесіне өкпелейтіні қалай?.. Тыныштық іздеп, таба алмай
13

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай?.. Кеселді кісі ер
келетұғыны несі? Кедей кісінің кер келетұғыны несі?..
Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып,
бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп, ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сөздері ойға келеді. Осы бір
жан айқайының бүгінгі біздің қоғамға да қатысы бар
екенін естен шығармасақ болғаны.
ысасы, Абай армандары – тек бір ана лт станатын м раттар емес, кллі адамзат станатын
м раттар. Қазақ топырағында оның орайын келтіруге
мүмкіндік енді туып отыр. Мына сіздер мен біздерге
үлес боп тиіп отыр. Өйткені біз осы далада өмір сүрген
ұрпақтардың ішінде әлгіндей мүмкіндікке қол жеткізіп
отырған ең алғашқы және бірден-бір ұрпақпыз. Сондықтан ұлы ойшыл-демократ, ұлы рухани реформатор
Абайға ең жақын, ең етене ұрпақ та тек біз. Мұндай
жақындық, мұндай етенелік бізге тарих алдында үлкен
жауапкершілік жүктейді. Асыл ұстаз өсиет еткен абзал
мұраттардың тек қиял боп қалмай, нақты шындыққа,
нақты әлеуметтік болмысқа айналар-айналмасы, мына
біздерге байланысты.
Оның шығармаларындағы шынайы гуманизм, адам
мүддесіне деген айрықша ынта, айрықша қамқорлық,
өмірдің көзіне жалтармай қарайтын шыншылдық,
енжарлықты, шалағайлықты, қиянатты, сұғанақтықты жегідей жек көретін рухани максимализм біздің
бүгінгі жүзеге асырмақ бастамаларымыздың да басты
сипатына, басты мазмұнына айналуға тиісті.
Абайдың айтуынша, адамның бақытты болуы үшін
оның ынтасы мен сол ынтаның мақсатына жетуіне
былайғы жұрттың ықыласы керек. «Достықты достық шақырады», – дейтіні де тегіннен-тегін емес. Сондықтан да, ол ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, уыздай
ұйыған ынтымақты көп аңсады. Ал халық дегеніне
14

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

жету үшін оған да өзін қоршаған ортамен дәл сондай
ынтымақ пен ықпалдастық керек. Бұл – біздің бүгінгі
таңда тағдырымызды шешетін ең басты тарихи факторлардың бірі. Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа
да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел,
барлық халықпен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз...
Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды
шын қастерлей білгеніміздің, әділет пен абзалдық
ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден-бір белгісі де осы
болып табылады.
Бүгінгі елімізде жасалып жатқан ұлы істердің нәтижелі болуына ең қажетті нәрсе – сенім. Елге деген
сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден
басталады. Ал ұлы Абайдың, уайымшыл Абайдың болашаққа деген сенімін әсте жоғалтпағанын мына бір
сөздерінен көруге болады: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседен
баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі
қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді», – дейді
ұлы ақын.
Айтқаның келсін, жан баба!
Ел басына түскен бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің
баянсыздығына, халқымыздың көңілін шаттыққа
бөлейтін келісімге, жарастыққа толы ырыздықты,
молшылықты күндердің сарғайтпай ертең-ақ келетініне менің де сенімім мол.
Бі­лу

­лу»

1. Еліміздің бірінші президентінің Абай туралы баяндамасы қашан оқылды?
2. Ақын қазақ әдебиетіне қандай жанрларды енгізді?
15

Түсіну

сы

1. Баяндамашы неліктен ақын өмір сүрген заманды кеңінен қарастырған?
2. Не себепті Абайды әдебиеттегі елеулі құбылыс дейміз?
Қолдану

па

Автор Абайға қандай баға берген? Санамалап жазыңдар.
Талдау

ба
с

Абай өмір сүрген кезеңдегі ел билеудегі өзгерістерді
бұрынғы билік жүйесімен салыстырып, кестеге толтырыңдар:
Ел­би­леу­дің­ұлт­тық­жүй­есі

Абай­за­ма­нын­да­ғы­ел­бас­қа­ру­

Жинақтау


В

Мақаланы оқып, түйіндей отырып, «Адамзаттың
Абайы» деген тақырыпта тарихи эссе жазыңдар.
Бағалау

МА
Н

«Абай армандары – тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар
емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар» деген автор сөзіне баға беріңдер.

Әде­би­ет:

АР

1. Абай туралы сөз. Ұлы Абайдың 150 жылдық тойындағы
сөйленген сөздер мен ой-толғаныстар. (Алғы сөзін жазған Т.Мамашев). – Алматы: Журналист, 1996. – 6–24-б.
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
3. Қазақстанда әкімшілік-аумақтық жүйені өзгертуге
қатысты Ресей империясының заңнамасы. Электрондық
ғылыми журнал: «edu.e-history.kz» № 3 (07).

16

па

сы

І­ТА­РАУ­­
АБАЙ­ДЫ­БІЛ­МЕК­ПА­РЫЗ­ОЙ­ЛЫ­ЖАС­ҚА

1.1­Абай­дың­өмі­рі

АР

МА
Н


В

ба
с

Ақын өмір сүрген заман,
ата-тегі, туып-өскен ортасы,
алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет
ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және
қалыптасу кезеңдері туралы
толық түрде мағлұмат беретін
еңбек Мұхтар Әуезовке тиесілі. Абайтануды дербес ғылым
саласы дәрежесіне көтерген
М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақынның алып
тұлғасын дүниежүзі оқырманҚалың­елім...
дарына толық танытса, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті.
М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның
мызғымас негізі болып табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда,
олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек
етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы
мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге
асырылды. Кейіннен табылған шығармалары да еленіп, екшелді. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан
М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен
Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының
жарық көруі оның абайтануға жасап кеткен соңғы бір
елеулі табысы екенін атап айту қажет.
17

МА
Н


В

ба
с

па

сы

М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянының төрт нұсқасын жазып шықты. Ол Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын 1933 жылы жазса, 1940 жылы
екінші нұсқасын, ал 1945 жылы ұлы ақынның туғанына
100 жыл толу мерекесі қарсаңында үшінші нұсқасын,
1950 жылы ақын өмірбаянының ең соңғы төртінші нұсқасын жазған. «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуға
негіз болған мәліметтердің көпшілігі өзі де сол ауылда
туып-өскендіктен М.Әуезовке бала күнінен таныс болса,
ержете келе Абайды көзі көрген адамдардың өз аузынан
да тікелей жазып алған. Бұлар «Абайды білмек парыз
ойлы жасқа» деген атпен жарық көрген кітапта берілді.
1997 жылы абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы бұл
кітапты құрастырып, «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі»
деген көлемді алғы сөзбен жариялатты.
Төменде М.Әуезов жазған Абай өмірбаянының төрт
нұсқасы бойынша іріктеліп алынған мәлімет берілді.
Мысалы, 1933 жылғы Абай өмірбаянының бірінші нұсқасында Құнанбайдың ақылдылығын, батырлығын,
қайырымдылығын, көрегендігін айтатын жерлері кейінгі
нұсқаларында сол кездегі оқтын-оқтын жүргізіліп отырған саяси идеологиялық науқанға байланысты толығымен
түсіп қалған. Қазіргі кітапта оқырманға қажетті деректер
біршама қамтылды. Десе де, осы тақырыпты түбегейлі
зерттейтін адам бірінші нұсқаны толық оқуы керек.
Абай­өмірбаяны

АР

М.Әуезов
Абай Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған
Тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың
өз әкесі – Құнанбай, атасы – Өскенбай, арғы атасы –
Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік
жүргізген адамдар. Ақынның үшінші атасы Ырғызбай

18

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

Айдос баласы 1750 жылдарда Ақтабан шұбырындыдан
кейін Арқаға қарай сырғып ауған жолда, Ырғыз өзенінің жағасында туғандықтан, соның атымен аталыпты. Айдостың өзге балаларының ішінде Көтібақ,
Торғай дегені, одан соң Айдостың туысқаны Жігітектің
баласы Кеңгірбай барлығы да жаңағы жолдағы өзенсулардың атымен аталған. Көтімалды өзенінің жағасында Көтібақ, Торғай өзенінің жағасында Торғай,
Кеңгір өзенінің жағасында Кеңгірбай туыпты.
Ырғызбай ержеткен кезде Тобықты осы күнгі Семей
губерниясы, Семей уезінде Шыңғыс тауының батыс
шетіне келіп ілініпті. Бұл кезде Тобықты басшысы да,
әкімі де Кеңгірбай би (жалған аты Қабекен) болған.
Кеңгірбайдың ағайын ортасындағы тәуір көрген
інісі Ырғызбай болыпты. Биге ажары бұлды, сөзі сыйлы, қадірлі туысқан болған. Өз басының тәуірлігінің
үстіне бидің тілін білетін інісі болғандықтан, елге де
қадірлі болса керек. Кеңгірбай Ырғызбай өлген соң,
оның орнына Өскенбайды ұстайды. Сол күннің жолы
бойынша батасын беріп, Өскенбайды би қояды. Әке-шешенің дәме қылғаны да осы баласы болу керек. Өйткені
шешесі Айпара айтты деген бір сөзде:
Шынжыр балақ, шұбар төс – Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торыайғыр – Көтібағым.
Әрі де кетпес, бері де кетпес – Топайым,
Сірә да оңбас – Торғайым, – дейді.
Бұл сөзге қарағанда, Ырғызбайдың шешесінде
ақындықтың біршағым буы болуға керек. Мүмкін
бұдан басқа айтқан сөздері де бар шығар. Бірақ біздің
құлағымызға тигені осы ғана. Тегі, Ырғызбай бойындағы азды-көпті қасиет болса, әкесінен гөрі осы шеше
жағынан көбірек пе деп ойлауға болады. Ол өлгенде
Кеңгірбай інісінің бейітінен шықпай: «Сен ақкөңіл
едің, Алла тілегіңді берер, енді мынау елдің ішінде мені
алжытып қоймай, Алладан тілеп, қасыңа ал», – депті,
содан кейін кешікпей Кеңгірбай өлген екен дейді.
19

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

Ырғызбайдың бірнеше баласы болған. Олар: Үркер,
Мырзатай, Жортар, Өскенбай. Осы төрт баласының
бірі Өскенбай өзге балаларының ішіндегі ең артығы
болады. Бұл – ақынның үлкен әкесі. Өскенбайдың нағашысы – Ер Жәнібек. Сол кісі бір рет Ырғызбайдікіне
амандаса келгенде, жас бала Өскенбай қатты науқас
екен. Әкесі халі нашарлап жатқан баласына не көмек
қыларын білмей, дағдарып, сасып, әбден титығы құрыған соң, Мырзатай деген баласын алып келіп, соны
Өскенбайдан айналдырып, садақа қылмақ болған. Бұған шешесі қарсы болып, «баладан баланың артықтығы жоқ» деп, Мырзатайды бергісі келмеген. Сонда Ер
Жәнібек: «Мырзатай адам болса, мынаның арқасымен
болар, мынаның көзі біздің тұқымға тартқан екен.
Адам болса, осы болады да», – депті. Өскенбай елдің
«адал болады» деген дәмесін ақтаған би болды деседі.
Ел ортасында сақталып қалған сөздің бірінде: «Ісің
адал болса, Өскенбайға бар, арам болса, Ералыға бар»
деген сөз бар. Жалғыз-жарым белгілерге қарағанда,
ел ортасына қадірлі сыйлы болуы, мінез қасиетінің тәуірлігінен болса керек, мінезі кекшіл емес, көп тілеуін
тілегіш кең болғанға ұқсайды.
Өскенбай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай
ержетіп, сол атқа мінген. Бұл 1804 жылдарда туған.
Өскенбайдың айттырып алған бәйбішесі Зереден басқа
тоқалдары, күң қатындары да көп болған. Құнанбай –
Зереден туған баласы, Құнанбаймен бірге туған Құттымұқамбет деген інісі, Тайбала деген апасы болған.
Құттымұқамбет жас кезінде өлген. Сонымен Құнанбай
бидің жалғызы есептелген. Шешесі Зере кісі ренжітпейтін, жұмсақ мінезді әйел болған. Ол уақыттағы
бәйбішенің бір сыны – күндестік дегенді білмей, кең
мінезді болу. Зере бәйбіше осы жағынан көп мақталды.
Күңдердің балаларын өз балаларындай асырап, еркелеткен деседі. Зере күйеуі Өскенбайдан да көп жасаған,

20

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

би 1850 жылы 72 жасында қайтқан, бәйбішесі 90-ға
келіп, дүние салады.
Құнанбай елдің ол кездегі дағдысы бойынша, батырлық, жаужүректік, жорықшылдық сияқты істерге
көбірек ауған. Қолға найза ұстап, астына жүйрік мініп,
өз малын өзі бағып, жауға шапқыш, жау түсіргіш жігіт
болған. Жасынан қайратты, шыдамды, ашулы болғандықтан, бұл жолдағы талабы далаға кетпеген сияқты.
Тобықтының найза ұстаған жас жігіттерінің ішінде ер,
мықты, найзагері болып та саналуға айналған. Жасында
осындай өмірге салынған Құнанбай әке-шеше мінезінен
гөрі басқарақ, кесек мінезді адам болғанға ұқсайды...
Не қылса да Құнанбай – бидің жалғыз баласы, ағайынның да, әкенің де дәме қылса қылатыны жалғыз сол.
Сондықтан жігіттің ең алғашқы қызулы кезі өткен соң,
Құнанбай әкесінің жолымен ел ісіне кіріседі. Құнанбай
жас күнінде ат үстіндегі қайраттылық, ерліктен басқа, ақылға да, сөзге де орамды кісінің белгісін берген
болу керек. Өйткені сол кезде үлкен кәрілікке жеткен
Нысан абыз деген ел сыншысы Өскенбайға: «өзіңнің
бағың Қыдырдан болса, балаңның бағы Шыңғыстан
болады» депті. (Екеуі де – таудың аты. Көлемі жағынан
Шыңғысқа қарағанда Қыдыр әлдеқайда шағын, бірақ
етегінде жұт болмайтын, құйқалы, шүйгін жер. «Абай
жолы» романында «...ұшы-қиыры жоқ, ен өлке, кең
сала, мол жайлау, құйқалы адыр, қалың таулар» деп
суреттелетін тау – Шыңғыс. Бұл жерде Нысан абыз
Құнанбайдың бағы Өскенбайдан да зор болатындығын
аңғартып тұр. Р.З.).
Қайраты мен қажырының себебінен ел билеп, іс басқаруға келгенде, Құнанбай әкесінен өтімдірек болған.
Мұның кісілікке толық ілінген кезінде Қазақ даласы
«1822 жылдағы Сібір қазақтарына арналып шыққан
устав» бойынша округке бөлініп, «округтік приказ»
билейтін болған. Округ бастығы аға сұлтан, приказдың
21

АР

МА
Н


В

ба
с

па

сы

қалған екі мүшесінің бірі орыс чиновнигі болады (елдің
көбі мұны Майыр дейді). Үшінші мүшесі – кіші сұлтан болады. Бүгінгі Семей уезіне қарайтын Тобықты
Құнанбай тұсында Қарқаралы округіне қарайтын. Приказ шыққаннан бергі салт бойынша, бұл округтің аға
сұлтаны ылғи төре тұқымынан болып келген. Құнанбай
тұсында аға сұлтан болған төрелер Бөкей нәсілінен:
Құсбек, Жамантай; Абылай нәсілінен: Тобықты ішіндегі Шалғымбай деген төрелер болған.
Құнанбай Тобықтының бас кісісі болып өрлеп келе
жатқан қазақ ортасында төре мен қараның жігі ашылып қалған уақыт болады. Әрбір елдің қарадан шыққан
Құнанбай сияқты басты жуандары: «Төре қазақтың
әрекесін тілейді, берекесін тілемейді», – дей бастаған
кездері болады.
Осы кезде Қарқаралының аға сұлтаны болып тұрған Құсбек төре мен бұрын аға сұлтан болған Жамантайдың партиясы басталды. Ол кезде приказ сайлауына
тас салуға жарайтын екі түрлі сайлаушылар болған.
Бірі – пәлен сомада алым төлейтін бай да, екіншісі –
төре тұқымдары болатын. Төренің 25 жасқа жеткені
түгелімен тас салу құқығына ие. Сонымен Жамантай
өзі сұлтан бола алмайтынына көзі жеткен соң,
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!