Материалдар / А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада автордың өлең құрылысындағы ерекшеліктер, тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалады. Өлең құрылысын мұқият талдап, ол буыннан, ырғақтан, сөзден тұратынын және сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылатынын айтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2022
242
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Тұрарова Карлыгаш Дулатовна

Ж.Мусин атындағы жоғары Көкшетау қазақ педагогикалық колледжі

Акмола облысы, Көкшетау қаласы

Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы


Аңдатпа: бұл баяндамада автордың өлең құрылысындағы ерекшеліктер, тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалады. Өлең құрылысын мұқият талдап, ол буыннан, ырғақтан, сөзден тұратынын және сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылатынын айтады.


Аннотация: В данном докладе раскрываются особенности авторской стихотворной структуры, историческая миссия, духовный характер, значение его стихов в народном словесном искусстве, художественно-эстетический характер. Внимательно анализируя структуру стихотворения, он говорит, что оно состоит из слогов, ритмов, слов, причем ритмы стихотворения складываются с ритмами слов.


Annotation: This report describes the peculiarities of the author's poem structure, historical mission, spiritual nature, the importance of his poems in the national art of speech, artistic and aesthetic nature. Carefully analyzing the structure of the poem, he says that it consists of syllables, rhythms, words, and the rhythms of the poem are added to the rhythms of the words.


Кілттік сөздер: өлең құрылысы, ерекшелік, ырғақ, тармақ, ұйқас, шумақ

Ключевые слова: стиховая структура, особенности, ритм, рифма.

Keywords: еrse structure, features, rhythm, verse, rhyme.


Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды [1, 9].

Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:

1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, халықтарында көп кездеседі.

2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.

3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.

4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады. Мәселен,

Қартайып, //Арыстанның //әлі кетті, 11 б. а

Айбыңды //жұрт қорқатын //сәні кетті. 11 б. а

Бетіне //жан келмейтін //уақыттар 10 б. б

Артына //бір қарамай, //бәрі кетті. 11 б. а

А.Байтұрсынұлы «Ауырған арыстан»

А.Байтұрсынұлының мысал-өлеңі бір шумақты, төрт тармақты, 10-11 буынды, екі бунақты, қара өлең ұйқасына құрылған.


Ұлы зерттеуші поэзия тілінің екпін табиғатын талдай отырып, басқа еуропа тілдерімен салыстыра зерттеп, қазақ тіліндегі буын екпінінің француз тіліндегі сияқты сөздердің аяғына келетінін анықтайды және поэтикалық тілде дауыс ырғағы буын санымен өлшенетінін дәлелдейді. Мұндай буын санына негізделген силлабикалық өлең жүйесі басқа да түркі тілдерінде, ал еуропа тілдерінің ішінде, француз тілінде қолданылады.


А.Байтұрсынұлы өлең құрылысын мұқият талдап, ол буыннан, ырғақтан, сөзден тұратынын және сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылатынын айтады. «Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады, бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы», дейді (Байтұрсынов, 1989, 192 б.). Қазіргі кезде бірнеше буыннан тұратын өлшем-бунақ көбінесе ырғақты топ делінеді. Ғалым өлең ырғағын жорғақ деп атайды.


Қорыта келе, А.Байтұрсынұлы өлең кестесін айшық деп атайды, айшық шумақтардан тұрады, әр шумақта бірнеше тармақ болады, тармақ (өлеңнің жолы) бірнеше бунақтан тұрады, бунақ араларында қос сызық тұрған жерге кеклетін дауыс толқынының жіктері кезек деп аталады, деп Абайдан мысалдар келтіреді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл

2. Байтұрсынов А. Шығармалары (өлеңдер, аудармалар, зерттеулер). Алматы, (1989. 192-б )

3. Байтұрсынов А. Шығармалары (Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер). – Алматы: Жазушы, 1989.-320-б.;

4. Байтұрсынұлы А. Маса: Өлеңдер мен көсемсөздер.«Алтын қор» кітапханасы. – Алматы: Раритет, 2005.-208-б.;


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!