Материалдар / Әбіш Кекілбаев эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әбіш Кекілбаев эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Маңғаз Маңғыстаудың тумасы Әбіш Кекілбаев туралы бірер сөз...
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
213
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Туған жер-киесі, дархан дарын-иесі

Ұлы жүздің айбарлы азаматы, Орта жүздің оза шапқан қазанаты, Кіші жүздің шежіре хаты, қазақтың халық жазушысы-Әбіш Кекілбаев. Барша қазақ ғұламалары, Одақтың зиялылары, қазақтың сауаттылары білетін Әбішті түбекте танымайтын туыс болмас... Үш жасқа аяқ басқан бүлдіршіннің өмірінің алғашқы беттері "соғыс" деген сұмдық сөзбен сабақтас жатыр. Тілі жаңа шыққан сәбидің әкесі Кекілбайды сұм ажал бұл фәниден алып кетті. Ескі кинолентаның сан үздік таспасындай бала санасында қайратты да көркем, қатал да сөзшең анасының сол қиын жылдары дәнін диірменге тартып қорек еткені естен кетпес... Әбіш дуалы аузымен әлемнің елшісі бола білді. Елді елге, халықты халыққа таныстырды. Әбіштің аты әлемдік болғанымен заты Маңғыстаулық! Ол туған өлкесінің бір уыс топырағы, бір шөкім бұлты, даласының жыршысы, ару ауылы ұйқысынан оянса, құс қанатымен бір тамшы суын алып жететін де сол. Қазақ елінің бұғанасын бекітіп, болашағын байыптап, ұлттық тілді, мәдениетті, азаматтықты нық ұстанған Әбекеңнің тасқа түскен тайлы биесінің ізіндей, қаншама ой таңбасы жатыр. Атақ қумай, ар қуған, қарақан басының емес, халықтың қамын ойлаған азамат. Осыдан біраз жыл бұрын, нақтырақ 2010 жылы жиында ұлты ұлықтаған Әбіш ағамызбен кездесу бұйырыпты. Ол күнді ұмыту мүмкін емес-ау сірә. Ағамыздың ру сұрасқан дүйім жұртқа былай дегені есімде: "Мен 95 баулы қазақтың бір руына да жатпаймын, 96-шы жазушы деген руданмын" дегені. Қазақ деген халықты 50-ші жылдары Шыңғыстаудың тумасы Мұхтар таныстырса, бүгінде Маңғыстаудың тумасы Әбіш таныстырды. Мұхтар Абайдың елінен болса, Әбіш Адайдың елінен. Қасиетті Отан үшін, қазақ елі, жері үшін кейінгі ұрпақ үшін мол мұра қалдырған Әбіш Кекілбаев ұмытылмақ емес...









Темірбек Сәннұр Темірбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Мұнайлы ауданы. "И4 жалпы білім беру мектебі" КММ

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!