Материалдар / Ә.Бөкейхан - абайтанушы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ә.Бөкейхан - абайтанушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә. Бөкейханов туралы қосымша ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
397
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ә.Бөкейхан - абайтанушы


Абай қазақ халқының ұлы тұлғасы. Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану – қазақтың өзін-өзі тануының басы да, соңы да!

Жалпы тарихта Абай мен Әлихан кездескен ба деген сауал бар. Бұл сұраққа әлихантанушы Сұлтанхан Аққұлұлы жауап береді: «Әлихан Абаймен көзі тірісінде бір-бірімен кездесті, бір-бірін таниды деп айта алмаймын. Бұл турасында аңыз әңгімелерде, тарихи құжаттарда немесе сол кездегі баспасөздерде ешқандай дерек, мәлімет жоқ. Әлихан Абай туралы ең алғашқы мақаланы жазған. Бұл мақалалар 1905, 1906, 1907 жылдары шыққан. Әлекеңнің «Қазақ» газетіне шыққан «Кәкітай» деген мақаласы бар. 1914 жылы Кәкітай мезгілінен бұрын қайтыс болғанда, Әлекең Кәкітайды еске ала отырып, «Өзіме Абайдың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар келгенде, отыра салып балаларына бірден хат жаздым» дейді. Әлекеңнің айтып отырған балалары Тұрағұл мен Кәкітай болатын. Сонда Әлекең кеңес беріпті. «Дереу Абайдың өлеңдері мен жазбаларын хатқа түсіріп, кітап қылып басыңдар. Әйтпесе, ұмытылып, жоғалып кетеді» депті. Кәкітай осы шаруаны қолға алып, арнайы киіз үй тігіп, молданы отырғызып, Абайдың есте қалған барлық өлеңдерін хатқа түсірткізеді .

Ә.Бөкейханның Абайтанушы ретіндегі еңбегі, ақын мұрасының мирасқор-жанашыры болғаны – «Алаш қозғалысы» атты анықтамалықта айқын көрсетіледі: «...Әлихан тұңғыш абайтанушы да болды. Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға атсалысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 жылы Санкт-Петербургте басылып шығуына қолұшын берген . Мақалада Ә.Бөкейхан Абайдың шыққан руы, атасы Өскенбайдың ел арасында әділетті бай атанғанына және әкесі Құнанбайдың өзге рулардың ішіндегі үстемдігі арқылы Қарқаралы округіне аға сұлтандыққа сайланады. Ә.Нұрмұхамедұлы Абайдың анасы Ұлжанға ерекше тоқталады. Қазақ даласында күлдіргіштігімен танылған Қонтай мен Тонтай Ұлжанның ағалары екенін тілге тиек етеді. Қонтай жайлы айтылған мына бір оқиға оқырманның назарын өзіне ерекше аударады. «Богатый Контай болел долгоғ муллы и хожы собирались к нему, осведомляясь об его здоровьи, и Контай, умираяя, им сказал: «Жазыла-жазыла, қожа-моллалардан да ұят болды – енді өлмесе болмас!» деген екен.

Бұл жерден байқайтынымыз, Әлихан Абай және оның жақындарына байланысты көптеген жұрт білмейтін ақпараттан хабардар. Бұның ғалымдар бірнеше себебін көрсетеді: Әлихан мен Абай бір өлкеден болғандықтан олардың таныс болу әбден мүмкін делінеді.

Талдауға өзек болып отырған мүнәһиб мақаланың ерекше бір туынды болып табылады және олардың құндылығы тек қана мазмұнымен ғана емес, сонымен қатар құпиялы әсер ету күшімен де анықталады.

Ақынның мұрасының сақталып қалуы, жариялануына Әлихан Нұрмұхамедұлының үлесі зор.

Абай балаларына өлеңдерді жоғалтып алмау мақсатында басып шығаруды міндет етеді. Ақындық мұрасы жайлы жұртқа таныстыру мақсатында А.Байтұрсынұлына және тағы басқа сол кездегі зиялы қауымға белгілі бір тапсырмалар береді.

Қазақта бұрын соңды бұндай тұлға болмағанын Ә.Бөкейхан айта келе, осы қаза мақаласын жазады. Әлиханның өзге зерттеулері бір төбе болса, Абайтану саласында еткен еңбектері бір төбе.

Тіпті көптеген көзқарастарда бірліктің болмағандығына, әдістемелік приницптердің әртұрлі түсіндіріуіне қарамастан дамудың тек бір ғана жолы болды, ол осы пікірлер пен принциптерге іздене отырып синтез жасау. Назар аударылуға тиісті мәслелер айқындалады. Ол Абайдың туындылары еді. Оның жанрлық, стильдік, тілдік мәселелері сарапқа салынып, оны қарастыратын зерттеушілер жайы да мәлім бола басталады. Абай өлеңдерінің тарихын қалыптастыру ісі жылдардың ішінде елеулі қадам жасады.

Әр елдің әдебиет тарихында аударма мәселесі үлкен орын алатын, таласы мен тартысы көп, шытырман мәселе. Аударма жөнінде қанша сын мақалалар жазылып, баяндамалар жасалып, теориялық талай толғау, топшылау айтылса да, пікір таласы, ой жарысы біткен жоқ; бір жүйеге кеп жинақталып қалды деу де қиын, өйткені Абайдың мұрасын жинау қиын болды. Мұның талас туғызу арқылы шешіетін қаншама мәселелері бүгінгі күні зерттеу жұмысын талап етіп отыр. Абайтану саласында біраз жетістіктерге де қол жеткізеді, бұл үрдіс республикада мемлекеттік тілдің қызметін күшейтіп және үш тілдік үрдісті де жандандыра түсті.

Әлихан Бөкейханның әдебиет саласындағы көп еңбегі қазақтың Абай мұрасына арналған. Ұлттық әдебиеттің Абай мұраларынсыз өркендеуі мүмкін еместігін ол жақсы түсінеді. Өзі алғашқылардың бірі болып, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Әбубәкір Диваев, Ахмет Байтұрсынұлымен қатар ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш жұмсайды. Күні бүгін Әлекеңнің өзі жинап немесе басқаның жинағынан өңдеп, тәртіпке келтіріп, алғы сөзі мен түсініктерін жазып бастырған бірнеше кітаптары табылып отыр.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!