Материалдар / «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы» Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлді

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру.Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2021
453
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру.Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады. Атап айтсақ, «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» тақырыбында клуб мүшелері арасында өткен дөңгелек үстел, «Іс-қимыл әрекет-әлеуметтік қауіпті көрініс» тақырыбындағы сынып сағаттары, «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбындағы пікірталас, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Барлық өткен іс-шаралар бойынша оқушылар жұмысы бағаланып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз марапатталды. Егер, жас­тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық. Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысына сәттілік тілей отырып, Тәуелсіз еліміздің адал да саналы азаматтарының санын арттыруға ықпалын тигізетін ауқымды іс-шаралар атқаратындығына сенімдіміз.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!