Материалдар / Адам микрофлорасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам микрофлорасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам ағзасының қалыпты микрофлорасында шамамен микроорганизмдердің 500 түрі мекендейді.Олар бір-бірімен және адам ағзасымен тепе-тең жағдайда болады.Бұл микроағзалардың көпшілігі адамға зияны тимейді.Қалыпты жағдайда ағзаның барлық ұлпалары микробтардан таза болады.Ағзаның микробиотобы-ауаның,газдың құрамына,фермент және им Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2018
2348
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Адам ағзасының қалыпты микрофлорасыАдам ағзасының қалыпты микрофлорасында шамамен микроорганизмдердің 500 түрі мекендейді.Олар бір-бірімен және адам ағзасымен тепе-тең жағдайда болады.Бұл микроағзалардың көпшілігі адамға зияны тимейді.Қалыпты жағдайда ағзаның барлық ұлпалары микробтардан таза болады.Ағзаның микробиотобы-ауаның,газдың құрамына,фермент және иммундық факторлардың спектріне,зат алмасу өніміне және тағы басқа биологиялық белсенді заттарға,экзогенді заттарды жиналуына қарай ажыратылады.Бұл параметрлер ауыз қуысында,жоғарғы және төменгі тыныс жолдарында,теріде әртүрлі болады.Сыртқы ортамен байланысатын ұлпалар мен қуыстар- ашық биологиялық жүйе болып табылады және микробтар көп шоғырланған.Шығуына қарай әрбір биотоптың табиғи микрофлорасын тұрақты және кездейсоқ деп бөлеміз.Теріде аэробты және анаэробты микробты болады.Бактериялар эпидермис жасушасы қабыршақтарының арасында,шаш фолликуласында,тер және май бездерінде жинақталады.Микрофлораның концентрациясы және түрлері тері майында, ылғалдылыққа сілтілі ортаға байланысты.Ересек адамда микроорганизм 1014 дара мөлшерін құрайды.Қалыпты жағдайда1 см2 теріде 80000 микроорганизм болады.Ауыз қуысының микробиоценозы-әртүрлі,онда микробтардың 300 түрі бар,бактериялардың максималды концентрациясы 1 г сілекейде 108-1011 болады. Ауыз қуысынның анаэробты микрофлорасы балаларда тіс шыққан кезден бастап қалыптасады.Асқазан және өңеш микрофлорасы-дені сау балалар мен үлкен адамдарда тұрақты емес,ол қабылдаған тағам сапасына байланысты.Асқазанда-лактобацилла,стрептококк,хеликобактерия және қышқылға тұрақты ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар болады.Микробтар сау ағзада 102-103 –тен аспайды.Дені сау адамның ішегінде микробтар өте көп тығыз шоғырланады,200 м2 шамамен 1012-1014 бактериялар болады.Микробтар концентрациясы ішектердің әр бөлімінде әр түрлі.Ащы ішек микрофлорасы-мықын ішекте бактерияларды жалпы саны 106,ал қалған бөлімдерінде 104-нен аз.Егер 12 елі ішекте және ащы ішекте стрептококк, лактобацилла және вейлонелла басым болса,мықын ішекте-ішек тақташасы және анаэробты бактериялар басым болады.Тоқ ішекте 500-ге жуық микроорганизмдер өмір сүреді,оның 97% анаэробтар.Бүйректер,несепағарлар,қуық,жатыр,простата әдетте стерильді.Микрофлора құрамының адам жасына қарай өзгеруі.Нәресте стерильді болып туылады, бірақ туу жолдарынан өткенде ілеспелі микрофлораны жұқтырып алады.Микрофлораның қалыптасуы нәресте ағзасының микрофлорасымен және қоршаған орта микроорганизмдер мен қатынаста дамиды.Алғаш микробтар нәрестенің терісіне, шырышты қабығына түседі, әрі қарай микрофлораның қалыптасуы босаңу болған ортаның санитарлық жағдайы мен қоректендіру типіне байланысты.Нәрестенің айлығында қалыпты микрофлорасы ересектердің микрофлорасы мен ұқсас және тұрақты болады.Ағзаның қалыпты микрофлорасы адам өмірінде маңызды рөл атқарады.Қалыпты микрофлора патогенді және шірішті микрофлораға қарсы антагонизтік қасиетке ие, ол сүт қышқылы, сірке қышқылы, антибиотиктер, бактериоциндер өндіріп әсер етеді; аса жоғары биологиялық потенциалды есебінен бөтен микрофлорамен бәсекелеседі.Тұз,су алмасуына қатысады, ішектің газдық құрамын,нәруыз,көмірсу, май қышқылдары,холестерин,нуклеин қышқылының алмасуын реттеуге, сонымен бірге антибиотик, витамин (К,В тобы) т.б. сияқты биологиялық белсенді қосылыстарды өндіруге қатысады.Экзогенді субстраттар мен метаболиттерді усыздандыру (детоксификациялау ) мен қорытуға қатысады, оны бауыр қызметімен салыстыруға болмайды.Стериодты гормондар мен өт тқздарының рециркуляциясына, бауырдан ішекке метаболиттерді экскрециялау және оған қайтару нәтижесіне қатысады.Ағзаның әртүрлі ағзалары мен жүйелері дамуында морфокинетикалық рөл атқарып, шырышты I қабықтардың физиологиялық қабынуы мен эпителий алмасуына қатысады.Ішекте канцерогенді заттарды бұзып, антимутагенді қызмет атқарады.Соған қарамастан кейбір бактериялар күшті мутагендер өндіруі мүмкін.Ішекте иммунитетті құруға және демеуге маңызды 1,5 кг микроорганизмдер бар,олардың антигендері иммундық жүйені белсенді етеді.

Жарылкасымова Эльмира Амангельдиновна М.Маметова атындағы орта мектебі Химия биология пәнінің мұғалімі
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!