Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам мінезі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мінез – адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның іс-әрекетінен оның мінезін тануға болады. Адамның мінезі оның өзіне, өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Адамдардың адал қызмет етуі, сабырлы, төзімді, ақкөңіл болуы жақсы мінездің көрінісі болып табылады. Бұл адамды ізгілікке үйретеді. Жақсы мінезді адам айналасына шуақ шашқан күнмен тең. Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және сабырлы келеді. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты сөздер айтқанын естімейміз. Осыған қарап, қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы рас екен деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №8 № 9-10- сабақтар

Тақырып: Адам мінезі

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Кулбаракова Н.Н.

Сынып 5

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның мінезінің жақсы болуының маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға жақсы мінез ұғымын түсіндіре отырып, әдептілік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды өз мінезін жақсартуға баулу арқылы адалдық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қайсар, сабырлы болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысын талқылау:






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 «Т» ережесін еске түсіру

- Тәртіп

- Талап

- Тазалық

- Татулық

- Тыныштық

2.Тыныштық сәтi.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. 
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті су жануары, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). 
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа-апарғаны-үшін-ризашылық-білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. 


3.Дана сөздер

«Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе – «ізгі іс немесе мінезі түзулік »

Мінез — әрбір адамның жеке басына тэн өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудіні нәзіктігі, көздің кергіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады.

4.Бірге оқимыз

Оқулықтағы «Ұстаз бен шәкірт» аңызы алдын ала оқушыларға үйде оқуға ұсынылған. Аңызды бастамас бұрын мен сіздермен бір әңгімені талқылағым келіп тұр.

Бір күні Айман анасымен автобусқа мінді. Орындықтар бос болып, екеуі де орынға отырды. Бірнеше аялдамадан кейін автобус толды. Айманға үлкендерге орын беру ойына да кіріп шықпады. Бір мезетте автобусқа үлкен әжей кірді. Үлкен әжейге Айманның анасы тұрып орын берді. Айманның бойын ұят кернеп, қызарып кетті. Автобустан түскен бойда Айман анасынан жасаған қылығы үшін кешірім сұрап, келесіде қайталамайтындығын айтты.Айманның анасы қызының іс-әрекетіне ризашылығын білдіріп, басынан сипап, маңдайынан сүйді.

Айман мен анасы қайда мінді?

Автобусқа біраздан соң кім мінді?

Айман не істеді?

- Анасы не істеді?

Айман неге өз қылығы үшін ұялды?

Айманның бойында қандай өзгерістер болды?

Оқулықтағы аңыз бойынша мынадай сұрақтар қоямын:

  • Бұлбұлдың мінезі қандай еді?

  • Оның өзгеруіне не себеп болды?

  • Ұстаз «Оған кедергі болған сенің мінезіңдегі кемшіліктер» деп айтуының себебі неде?

  • Мінезі жақсы болу үшін қандай қасиеттер қажет?

  • Өзің үлкендердің айтқан ақылын тыңдай білесің бе?

Балалар өз түсініктерін ортаға салып айтады. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, өзім қорытынды жасаймын.

Дұрыс айтасыңдар балалар, ата-анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біз ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзімізде мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз.

Мінез – адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз.

5.Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмысты оқушыларға ұсынудағы мақсат – балаларды адамгершілік таңдауды дұрыс жасай білуге үйрету.


Шығармашылық жұмысымызда «Өкіл» әдісін қолданамыз. Бул әдісте сыныпты топқа бөлемін. Топтарға бір мәтіннің әр түрлі үзінділерін бөліп беремін. Үзінділерді оқып болған соң, әр топтан бір-бір өкіл шығып, өз тобындағы оқыған үзіндіні басқа топтарға түсіндіреді. Тапсырманы орындап болған соң, өкілдер өз тобына оралады. Ендігі тапсырма қай топ мәтінді жақсы түсінгендігін дәлелдеу керек.

Жақсығы не жаманға

Мектепте оқып жүрген кезім еді. Сыныптас болған баланы сабақтан шығып үйге кетіп бара жатқанымда көрдім. Есімі Роберт еді. Барлық кітаптарын және рюкзагын арқалап үй жаққа кетіп бара жатты. Сол кезде кітаптарын сыныпта тастамай, үйге арқалағанына қарағанда басты көтермей сабақты оқитындардан болар деп ойлағаным есімде. Өзімді көрші аула балаларымен ертең ойнатылатын футбол матчынан басқа ешнәрсе қызықтырмайтын. Бір кезде бір топ майда балалар жүгіріп өтіп, Робертті қағып жібереді де, Роберт бір жаққа құлап, кітаптары басқа жаққа шашылып қалады. Көзіндегі көзілдірік те түсіп кетті. Роберт басын көтергенде көздерінен үлкен бір мұң көрдім. Қасына жүгіріп барып, кітаптарын жинастыруға көмектестім. Роберттің көздерінде көз жасын көргенде, қолдау ретінде «Сол жүгірмектерді қойшы. Оған бола ренжігенің не!», – дедім. Осы кезде Роберт «Рақмет» деді де, маған қарап күлімдеді. Кітаптарды жинап болып, қайда тұратынын сұрадым. Көрші болып шықтық. Ертеңгі футбол ойынына келе аласың ба деп сұрадым, келісті. Ертеңіне футболға келді. Жалғыз мен емес, балалардың бәрі оны ұнатып, бауыр басып қалды. Енді жиналған сайын оны да іздеп шақыратын болдық.

Мектеп бітіргенге дейін екеуіміз бір-біріміздің ең жақын досы болдық. Кейін ол Нью-Йорктағы университетке, мен Техастағы университетке түсіп кеттік. Мыңдаған километр қашықтықта болсақ та, достығымыз университет жылдары да жалғасын тапты.  Роберт университеттің ең үздік студенті болғаны үшін, университет әкімшілігі оған университетті бітіру салтанатында сөз сөйлеуді ұсынды. Сол күні Роберт студенттер мен ата-аналар жиналған салтанатты кеште былай деді: «Университетті бітіру күні – осы күнге дейін алдымыздан шыққан мың түрлі қиыншылықтарды жеңуімізге қолғабыс көрсеткен жақындарымызға алғысымызды білдіру күні десем болады. Ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және ең бастысы достарымызға! Достықтың маңыздылығын түсіндіретін бір әңгіме айтып берейін…» Досым танысқан күнімізді баяндай бастаған кезде, қасымдағылардың жүздеріне таңдана қарадым. Роберттің сөзінен кездескен күннің ертеңіне ол өзөзіне қол жұмсауды жоспарлағанын білдім. Кейін анасы мектептен заттарын алуға барған кезде, ауыр кітаптарды көтермесін деп, сол күні барлық кітаптарын жинастырып, үйге апарғанын айтты. Сөзін бітіріп Роберт маған қарады да «Рақмет саған, досым! Досым, екеуіміз кездескен күні мені, қазір айтуға да батылым бармайтын, іс жасаудан құтқардың!» – деді. Университеттің ең үздік студенті, барша жағынан ұнатылатын жас жігіт өмірінің ең қиын кезеңін түсіндіріп тұрған кезде, бәрі үндемей тыңдады.  Ата-анасы маған үлкен алғыспен қарап, күлімсіреді. Мен болсам ол күннің Роберт үшін қаншалықты маңызды болғанын еш білмеп едімБір көзге маңызсыз көрінетін оқиғалардың күшіне немкұрайлы қарамау керектігін түсіндім. Кішкентай бір амалымыз бен кішкентай бір сөзіміз біреудің өміріне әсер ететінін түсіндім… жақсыға не жаманға!

Шығармашылық жұмысты оқушыларға ұсынудағы мақсат – балаларды адамгершілік таңдауды дұрыс жасай білуге үйрету.

6. Жаңа ақпарат

Мінез – адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның іс-әрекетінен оның мінезін тануға болады. Адамның мінезі оның өзіне, өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Адамдардың адал қызмет етуі, сабырлы, төзімді, ақкөңіл болуы жақсы мінездің көрінісі болып табылады. Бұл адамды ізгілікке үйретеді. Жақсы мінезді адам айналасына шуақ шашқан күнмен тең.

Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және сабырлы келеді. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты сөздер айтқанын естімейміз. Осыған қарап, қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы рас екен деп ойлаймын.

Кейде адамның өмір сүру стилі, тағдыры, қоғамдағы орны өз мінезіне байланысты сияқты. Мәселен, көптеген психологтар адамның мінез-құлқы оның өмір сүруін анықтап береді дейді. Яғни, мінезі ашық, ақкөңіл адамдар тез достасып, кез келген адамдармен жылдам дос болып кетсе, мінезі тұйық адамдар өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі өте қиын.

Әрине, «Бес саусақ бірдей емес» дегендей барлық адамдардың мінезі жақсы бола бермейді. Мінезі жаман адамдарды кекшіл, өзімшіл, қырсық, ашуланшақ ретінде байқауымызға болады. Меніңше, бұл жаман қасиеттер. Сондықтан, әл-Фараби «Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады» деген болатын.

7. Жақсылық жасайық

1-тапсырма бойынша балалар жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма бойынша балалар суреттерге қарап, өзіне ұнайтын суретті таңдайды. Ол суретті неліктен таңдағанын өздері түсіндіреді.

8. Бірге оқимыз

Оқулықта Ахат Жақсыбаевтың «Халық суретшісі» әңгімесі берілген. Бұл әңгімеде Әбілхан Қастеев туралы айтылады. Әбілхан Қастеев 1904 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Бойына ерекше қасиет дарыған – ұлы тұлға. 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алған дарынды суретші. Әбілхан Қастеев жас кезінен-ақ жігерлі, қайсар, дарынды екенін іс-әрекеттерімен дәлелдеп отырған.әбілхан Қастеев 1973жылы дүниеден өткен.

9. Әңгімелесейік

Мәтін бойынша сұрақтар қоямын:

1-ші сұрақ: Әбілхан өз арманына жету үшін қандай әрекеттер жасады?

2-ші сұрақ: Әбілханды мақсатына жеткізген қандай қасиет?

3-ші сұрақ: Мінезді қалай жақсартуға болады?

4-ші сұрақ: Өз бойыңдағы қасиеттерді қалай ашып жүрсің?

10. Жақсылық жасайық

Оқушылар дәптерде берілген оқулықтың 3-тапсырмасындағы суреттерге қарап, өз ойымен бөліседі. Жақсы мінезді адамның әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар? Деген сұраққа жауап береді.

4-тапсырманы дәптерде орындайды. Жақсы мінезді болу үшін қажетті қасиеттерді теріп жазып, сыныпқа оқиды

5-тапсырмада балаларға Әдібай Табылдының «Мінез» атты өлеңін оқып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.


11.Қорытынды

Қорытындылай келе, жақсы мінезді болуға тырысуымыз керек және көркем мінезді адамдардан үлгі алуымыз қажет деп ойлаймын. Өйткені мінезі жақсы адамның өмірі де жақсы болмақ және ондай адам айналасындағы адамдарға, тіпті еліне үлкен септігін тигізе алады. Сондықтан, Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден» деп айтқан. Әрине, кемшіліксіз адам болмайтыны рас. Меніңше, адамның бойында жаман мінезі болатын болса, оны түзетуге болады деп ойлаймын. Ол туралы Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дейді. Яғни, «Мінезді түзетуге болмайды» деген қате пікір. Демек, өз боймыздағы жаман мінездерді жойып, тек жақсы мінездерімізді шыңдап, көркем мінез иесі болуға тырысумыз қажет.

12. Жүректен жүрекке

Бұл бөлім «Топпен ән айтуға» арналған. Хасенхан Талғаровтың сөзіне жазылған Ибрахим Нүсипбаевтың әнін топпен айту ұсынылады.

Әннің аты: «Дос болайық бәріміз».


Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!


Қайырмасы


Дос болайық баріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.




Интерактивті тақта



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2019
5458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12