Материалдар / Адамгершілік асыл қасиет
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адамгершілік асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік асыл қасиет 7 сынып. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2021
380
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК








«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшісі: Жакыпова А.К.


Тәрбие сағатының жоспары







Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет»

Өтетін орны: «№8 ЖОББМ» КММ

Сынып: 9 «Б»

Мерзімі: 04.10.2020

Тобы: 24

Машықкер: Тілеуғазинова Аяулым

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)



Семей 2021

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату.Оқушылардың мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ету.

Тәрбие сағатының міндеттері: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату.

Білімділік: Оқушылардың «адамгершілік» туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын,сабақ барысында өз ойын жеткізе білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізеттілікке және адам бойындағы бар асыл қасиеттерді игерту.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, слайд.

Әдіс-тәсілдері: Пікіралмасу,сұрақ-жауап,видеоролик.

Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

1.Ұйымдастыру кезеңі -5 мин.

-амандасу,таныстыру;

-психологиялық даярлық: «Бір бірлеріне жылы лебіз айту»

2.Негізгі бөлім -35 мин.

-бейне таспа көру;

- дәйексөздердің мағынасын ашу ;

-сурет арқылы ой өрбіту;

-жағдаяттарды шешу;

3.Қорытынды -5 мин

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?!Қалдарың қалай? Көңіл күйлерін жақсы ма?Көңіл күйлерің жақсы болса,бүгінгі тәрбие сағатын бастайық. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Адамгершілік-асыл қасиет ». Бұл тәрбие сағаты арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, тәртіпті т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

2.Негізгі бөлім А)Бейне таспа «Жақсылық жасайық»

https://youtu.be/cRaPoAWBYgw

-Балалар, бұл бейне таспадан қандай ой түйдіңдер?

-Не себепті қасапшы ауыл адамдарына ет таратпады?

-Сендердің ойларынша,ауыл халқының жасаған іс әрекеті дұрыс па?

-Жақсылықты барша елге жария қылып жасау,дұрыс іс әрекет пе?

-Адамгершілік қай кейіпкердің бойында басым деп ойлайсыңдар?

Әрине,дұрыс айтасындар!Адамгершілік қасиет ұстаның бойында басымырақ…

Б)Ал,ендеше,6 топқа бөлініп, 6 түрлі дәйексөздердің мағынасын ашайық…

Дәйексөздердің мағынасын ашу.

1.Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы рабы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

2.Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.

Иүгінеки Ахмед

3.Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

4.Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс.

Міржақып Дулатов

5.Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай Құнанбаев

6.Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.

Ғабит Мүсірепов

Сұрақ-жауап:

1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай, -өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.

3. Рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.

Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.

Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамгершілік осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.

Бүгінгі сабақта осындай жақсы қасиетер туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін сабақта айтылған жақсы әңгімелерге назар аударып отырайық.

Сурет арқылы ой өрбіту.

Мұғалім:

- Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.

- Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер.

Топтық жұмыс:

Адамгершіліктің негізі сүйіспеншілік. 3 топқа бөлініп,тақтада берілген тақырып бойынша постер құрайық.

1-ші қатар: Отанға сүйіспеншілік.

2-ші қатар: ата-анаға сүйіспеншілік.

3-ші қатар: махаббат, достық.

Жағдаяттар шешу:

1. Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?

2. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?

3. Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар би кешіне кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

Иә,балалар. Өте дұрыс жауап бердіңдер.Осы айтылған жағдаяттардың шешімін өмірде де қолдана біліңдер.

Қорытынды. Сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап, іс жүзіне асырайық.Жақсы, балалар. Сау болыңдар. Бүгінгі сабақтан көп мағлұмат білдіңдер деген ойдамын.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!