Материалдар / Адамгершілік асыл-қасиет
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адамгершілік асыл-қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
ашык тәрбие сағаты оқушыларға адамгершіліктің қасиетін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
402
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

264 мектеп -лицей Информатика пән мұғалімі , 8"Е" сынып жетекшісі : Аппазова Гүлжаухар Сабырханқызы



Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет.Мақсаты: Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;Тәрбиелік: Адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру. Үш топқа бөлініп отыру. Адамгершілік, әдептілік, сыпайылық.2. Кіріспе(психологиялық дайындық)Үлкенді де сіз, Кішіге де сіз,Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз.- Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Әдептілік әліппесі. Оқушылар өлендерін оқыды. Үш топтың көрінісі. Көрініс: "Адамгершілік", «Әдептілік», «Сыпайылық»Адамгершілік. (Көрініс) "Жүрек, қайрат, ақыл, күш"Әдептілік.(көрінісі) Ы. АлтынсаринБір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.Қасындағы бай:- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.Сонда ғалым тұрып:- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.Балалар • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.Сынып сағатын қорытындылау:Өсиет әңгіме оқылады.Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген бір кісі жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса адамгершілік бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің адамгершілік табиғатымнан бас тартпаймын ғой», –дейді. Қорытынды. Қымбатты, балалар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне бөлендіңдер. Бойларыңа бүгіннен ,бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Бір-бірлеріңді үнемі сыйлап жүріңдер. Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Осы мақаламды жариялауларыңызды сұраймын.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!