Материалдар / Ағылшын тілінде ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқытуда CLIL әдістемесін қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағылшын тілінде ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқытуда CLIL әдістемесін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кең қанат жайған шақта адамның қоғамдағы және жеке тұлға ретіндегі рөлі жаңа сипатқа ие болуда.Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, мұғалімнің кәсіби дамуындағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді.Жалпы айтқанда, мектепте оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын жетілдіріп қана қоймай, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.Мұғалімнің өзі оқушыға жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруі үшін мәдениетті, шығармашыл, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2018
611
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілінде ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқытуда CLIL әдістемесін қолдану

«Дүниені білім ғана құтқарады»Ахмет Байтұрсынов

Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кең қанат жайған шақта адамның қоғамдағы және жеке тұлға ретіндегі рөлі жаңа сипатқа ие болуда.Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, мұғалімнің кәсіби дамуындағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді.Жалпы айтқанда, мектепте оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын жетілдіріп қана қоймай, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.Мұғалімнің өзі оқушыға жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруі үшін мәдениетті, шығармашыл, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін (CLIL- Сontent and Language Integrated Learning) яғни, кіріктірілген бағдарлама арқылы екінші тілді меңгеру.Қазіргі уақытта аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі мектеп түлектерінің бәсекеге қабілеттіліктерін бір белгісі болып табылатын тілдерді және екінші тіл шетел тілінде пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін әзірленген.Осыған байланысты, пәндерді екінші және үшінші тілдерде оқытуда мұғалімдер CLIL әдісін кеңінен қолдануда.Бұл әдістің тиімділігін бірден айту қиын, себебі, бұл бірнеше жылдың жемісі.Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құндылығын артырып, өз мәдениетін бағалауға, өзге мәдениетті құрметтеуге үйретеді.Оқушылар бірден екінші тілде сөйлеп кетпейді. Уақыт өте келе, оқушыларға берілетін тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек.Скаффолдинг тапсырмалары арқасында оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS) академиялық тіл білу дағдысына (CALP) біртіндеп көшеді.Олар сұрақты бірінші тілде қойса, мұғалім екінші тілде жауап беруге тырысу керек.Ең басты қағидат, оқушылардың сыныпта меңгерген дағдысын өмірде қолдана білу керек.Сабақ жоспарын құрғанда ескеретін жағдай꞉ оқушыларға берілетін тапсырма шынайы нақты өмірден алынған болуы керек, себебі, оқушылар бұл проблеманы шешу барысында қызығушылығын жоғалтпауы тиіс.Шешуге болатын проблеманы беріп, оның шешімінің бір нұсқасы мұғалімде болуы керек.Сонымен қатар, оқушылар топта,жұпта жұмыс жасауға дағдылану арқылы бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез меңгереді.Оларға ой еркіндігін беріп, көбірек сөйлетуді үйрету керек. Екінші тілде оқыту төрт дағдыға негізделеді.Олар꞉ тыңдалым,оқылым, жазылым және айтылым.Тыңдалымға арналған өте көп тапсырмалар бар. Мысалы, тыңдалым мәтінін бірінші тілде, яғни, қазақ тілінде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады.Оған қоса ақпаратты мазмұнды, жүйелі, жалпы алғанда сапалы болуға жетелейді.Тыңдалған мәтіннің негізгі ақпаратын бөліп алып оны өзінше айтуға тырысады.Тындалған ақпараттағы автордың көзқарасын, кілтті сөздерді іріктеп алып дұрыс топтастырғаны бойынша оқушылармен ой бөлісуді ұмытпау керек.Тыңдалым арқылы оқушылардың сөздік қорлары молайып, оқылым және жазылым дағдыларының жетілуіне әсер етеді.Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма, ментальді картаны жасауға болады.Үлгі"Шын және жалған "тапсырмасы.

ТұжырымдарШынЖалған
1Азот тыныс алуды қолдайды

  • 2Ауаның 78%-ін азот құрайды


  • 3Азот белсенді газ



  • Келесі дағды ол оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіру қарапайым тапсырмалардан басталып,проблемалық оқыту тапсырмаларына дейін қамтуға болады. Оқу сауаттылығы деп оқушы өзіне берілген мәтіндерді түсініп, оларға рефлексия жасап, мазмұнын өмірмен байланыстыра білу дегенді білдіреді.Оқылым дағдысының да өзіндік ерекшелігі бар.Ең бастысы, түсініп оқу, зерттеп оқу, сын тұрғысынан ойлау, аргументтер келтіріп оны дәлелдей білу.Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі- ол перифраз.Оқушы өзіне берілген мәтінді түсініп, өз сөзімен қайта жазу.Бұл тапсырма арқылы оқушының мәтінді қаншалықты түсінгендігін айқындайды әрі екінші тілде сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйретеді.Түсінуге жеңіл әрі сабақтың қызығушылығын арттыру мақсатында сурет, кесте, диаграмма арқылы да ақпаратты бірінші тілде оқып, екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.Сингапур мемлекетінен алынған FILA кестесі немесе ойлау шаблоны. FILA кестесін толтырмас бұрын топ ішінде оқушылар проблемалық ситуацияны жан-жақты талдап алады.Содан кейін кестені толтыруға кіріседі.Бұл кесте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, ситуациядан шығу жолдарын қарастырады.Мақсаты꞉ проблемалық ситуация құру арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігінің ойлау қабілетінің дамуын көрсету.Үлгі꞉ Марат "Құнарлы нан" наубайханасынан бір бөлке нан сатып алады.Ол үйіне келген соң, нанда жасыл дақты байқайды.Бұған налынған Марат қайта барып, ақшасын қайтаруды талап етеді.Наубайханашылар бұл нанда дақтың қалай пайда болғанын білмейтінін, бұған наубайхананың ешбір қатысы жоқ екеніндігін айтады. Марат бұл ситуациядан қалай шығады? Көмектесіңіздер?Ситуацияның шешімі әртүрлі болуы мүмкін.

    FACTS-мәліметтерIDEAS-идеяларLEARNIN GISSUES-зерттеуді талап ететін сұрақтарACTION PLAN-шешімдер жоспары
  • "Құнарлы нан" наубайханасы
  • Нан бөтелкесі
  • Жасыл дақ
  • Марат наубайханадан нан сатып алды
  • Ақша қайтарылмады
  • Дина өтірік айтады
  • Наубайханадағы
  • лар өтірік айтады
  • Жасыл дақ- ол көк
  • Тұрып қалған нан
  • Арнайы нан сорты
  • Марат сорттарды ажырата алмайды
  • Жасыл дақтың табиғаты қандай?
  • Көгеру қалай пайда болады?
  • Көгерудің адам денсаулығына кері әсері қандай?
  • Көгерудің пайда болуына не әсер етті?
  • Нанды зертханаға өткізу
  • Наубайхананың жағдайын зерттеу
  • Диетологпен кеңесу
  • Жоспар құру


  • FILA кестесін қолдану үшін уақытты тиімді пайдалану топтың өз еркіне беріледі.Топ құрамы мұғалімнің ұйғарымымен құрылуы мүмкін.Жазылым дағдысы кезінде шағын өлең жолдар, шағын әңгіме, ашық хат (құттықтау), диалогтер, оқиғаны аяқтау, пікір, хат, эссе және тағы басқа тапсырмаларды қолдануға болады.Мысалы, берілген сюжетті сурет пайдаланып, досқа хат немесе блогқа ақпарат жаз деген тапсырмалар беруге болады. Кез-келген жұмысты орындау барысында оқушы жазба жұмысының орындау стилін ұмытпағаны жөн.Егер ол досына жазған хат болса хат жазу үлгісін, егер мінездеме болса ресми іс-қағаздар толтырудың ерекшеліктерін назарда ұстап жазу керек. Жазылым дағдысындағы ерекше тапсырмалардың бірі- ол эссе жазу. Эссе жазудың өзіндік жүйесі бар. Яғни, тезис, тезиске сай аргументтер келтіру, себебі және қорытынды болуы керек.Тілді меңгерудегі ең негізгі есте ұстайтыны-айтатын ойын түсінікті етіп жеткізу керек.Талдау жұмыстарын жүргізген уақытта мысалы, мәтінді, фильм,мультфильм, кино, видеоролик, суретке қарап төмендегі кестені қолдануға болады.



    Үлгі꞉
    Видеокөрініс атауы?

    1Идеясы

    2Кейіпкерлері кімдер?Мұндай кейіпкерлер өмірде кездесе ме?

    3Видеокөріністің екі мықты жағы қандай?

    4Видеокөріністің екі әлсіз жағы қандай?

    5Видеокөрініс сізді қандай сезімге бөледі?

    6Қандай өмірлік сабақ алуға болады?



    Айтылым- адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу, диалог құру, хабарлау т.б. үрдістермен іске асады.Айтылымда оқушы айтатын ойын түсінікті етіп жеткізу.Әр оқушы өзінің ой-пікірімен бөлісіп, ортаға салады.Сонымен бірге айтылым дағдысын жетілдіруде рөлдерге бөлініп ойнау, интервью, монолог және т.б.қолдануға болады.Ойлануды қажет ететін тапсырмаларды қолданған кезде, оқушылар оларға анализ жасап, өз пікірлерін қорғауда, дәлелдемелерін келтіріп айтуда-SWOTәдісі кеңінен қолданады.
    S(мықты жақтары)

    W (әлсіз жақтары)
    О( мүмкіндіктер)

    T (қауіп)


    Қорыта келе,енгізіліп жатқан білім саласындағы өзгерістер оңтайлы нәтижесін беруде.Бірнеше жыл бойы жүргізіліп жүрген зерттеулердің нәтижесінде CLIL әдісінің ұтымды тұстарын барлық ел көріп отыр.



























    1-қосымша. Қатысушының тіркеу карточкасы«CLIL әдістемесін қолданудың бүгіні мен ертеңі» республикалық онлайнсеминар
    1Аты-жөні, әкесінің аты Абдырахманова Гулназия Султангалиевна
    2Мекен жайы (толығымен)Астана қаласы, Қобыланды батыр 7д көшесі
    3Жұмыс орны (толығымен)57орта мектеп
    4Қызметі Химия пәні мұғалімі
    5ТақырыбыАғылшын тілінде ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқытуда CLIL әдістемесін қолдану
    6Байланыс телефондар8-701-319-33-55
    7e-mailgulnaz.a.s_78@mail.ru












    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!