Материалдар / Алексеевка ауылының құрылғанына 110 –жыл толуына орай «Тарихы терең ауылым» тарихи кеш.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алексеевка ауылының құрылғанына 110 –жыл толуына орай «Тарихы терең ауылым» тарихи кеш.

Материал туралы қысқаша түсінік
туған өлкеміздің тарихын насихаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
409
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарихы терең ауылым. Егіндібұлақ ауылдық клубында Алексеевка ауылының құрылғанына 110 –жыл толуына орай «Тарихы терең ауылым» атты тарихи тағылым кеші өтті. Ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шараға Ұзынбұлақ, Қараащы,Теңдік, Жаңажол,Құндыкөл,Қаражар және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүиесінің кітапханашыларымен О.К.Ж Директоры Мактаева А.С. қатысты. Тарихи кешті ауылымыздың айтыскер- ақыны Тұрғанбеков Ерғанат арнайы арнаумен ашты, ауыл әкімінің орынбасары Еңсебаев М. М. құттықтау сөз кезегінде бұл біз үшін үлкен қуаныш екенін жеткізді. Өз кезегінде ауыл кітапханашысы Сарыбаева Б.Д «Ел тарихы –жер тарихы» атты баяндама жасап тарихқа жалпы шолу жасап ауылдың кешегісін айтып өтті.Бұның бәрі әсерлі болу үшін арнайы экраннан видео- шолуда көрсетілді.Сонымен қатар ауылдық кітапхана Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай арнайы дайындалған слайд- шолуында көрсетті.Бұл іс-шарада ауыл мектебінің оқушылары өздерінің дайындаған жеке шығармашылықтарымен ғылыми жобаларын паш етті.Сонымен қатар Біржәнкөл ауылының кітапханашысы Мергенбаев Сатыбалды ауыл үлкендерімен сұхбат өткізіп, ауыл үлкендерінің естеліктерін тыңдады. Аузы дуалы ақсақал Зекебай ағаның ауыл тарихы жайлы көнекөз сөздері біраз нәрсенің басын ашып,анықтап бергендей болды.Кештің соңында О.К.Ж Директоры Мактаева А.С. сөз алып ,бүгінгі мерекемен ауылдықтарды құттықтап,іс-шараға ат салысып қатысқан оқушыларды арнайы марапаттап, сыйлықтар ұсынды. Кештің соңы ауыл өнерпаздарының концертімен жалғасты.

Б.Сарыбаева Егіндібұлақ ауыл кітапханашысы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!