Материалдар / Әлем таныған ұлы Абай
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әлем таныған ұлы Абай

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2020
419
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,

Аралтөбе ОМ МДШО КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Ахметкали Акерке Кеңесқызы



Әлем таныған ұлы Абай

Шын хакім, сөзің баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес”, – (Алтын хакім Абайға) Мағжан Жұмабаев. Абай – қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қуатты таланты. Биылғы жылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде тойлау туралы шешім қабылдағанын білеміз. Президент бастамасынан кейін ұлы ақын ұлықтаудың жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кетті.

Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.

Абай ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындық жолына бағыт бұрады. Абай өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Дегенімен, сонау кездердегі халықтың ішіндегі тартыстар ақындық өнермен айналысуды қиындатаны. Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттады. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» - деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты.
Абай атамыздың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Абай – қазақтың, адамзаттың ұлы. Абай – қайта тумас бір әлем. Абай әлемінде қазақ халқының болмысы, жан азабы мен ой тереңдігі жатыр. Абай халықтан сарқылмас нәр алды. Ал халқы Абайдан өзінің биік тұлғасын көрді. Оған қарап ой түзеді, оған қарап бой түзеді. Халық пен Абайдың тұтастығы мәңгілік. Абайды әр жаңа ұрпаққа, әр пендеге қала берді, бүкіл адамзатқа жақындастыруға қадам жасау – әр қазақтың борышы деп білеміз.

Хакім Абайдың айналасына шоғырланған талантты шәкірттері қазақ әдебиетін жаңа белесін көтеріп, әлемдік әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиеті топырағында өсіп-өркендеуіне зор септігін тигізді. Абай адамдар мен халықтар арасындағы татулықты дәріптеді. Тек татулық бар жерде ғана әділет болмақшы. Тек әділет бар жерде ғана адал мен білікті, ынталы мен іскер өз мүддесіне жетеді, сондықтан да Абай адамзатты әділеттікке шақырады.

Абай ақын «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

«Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек болады әле

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деп, Абай атамыз адам бойында ақыл да, қайрат та, жүрек те болу керек дегенді меңзейді. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге!»- деуі келешек ұрпаққа Абайды оқу барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан-теңіз екені айтылады.

Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойлары, тамаша шығармалары, қарасөздері мен жалынды жырларында маржандай төгілдіреді, оның әрбір сөзінен соншама жақын лебі сезіледі. Ол леп өткен заманның тынысы болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Өйткені Абай лебі, Абай үні, Абайдың тынысы – бүгінде теңдік алып, дербес ел атанған, басқа елдермен терезесі тең болған, кең байтақ Қазақстанның, қазақ халқының тынысы. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен де бізбен жасасып келеді.

Абайдың қара сөздері
Әлемде еш зат өзі таңдаған мұратқа жеткілікті қайрат пен жігер жасамай жету қиын. Ғылым және білімді оқыу, өзінше іздену — қайрат борлысы. Кейбіреулер ғылым және білімді ақыл — қайратсыз үйрену қиын. Абайдың шығармалары осындай мағыналарға толы болған.

Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қарасөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тқрады. Олар тақырып нысанынан бірғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6 - 7 қарасөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқұмдығы мен мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!