Материалдар / Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2019
20484
21 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері


Мектеп: Свободный мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Бигужанов.А.Е


Сынып: 10


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі (2- сабақтың жалғасы, 3-сабақ)


Сабақтың мақсаты

Орталық Азия халықтарының мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау

10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау


Бағалау

критерийлері


Бағалау- Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау


Тілдік мақсаттар


Тілдік дағдылар

Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті туралы зерттеулерін анықтайды (оқылым, жазылым)

Орталық Азия халықтарының рухани мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдайды (айтылым, тыңдалым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ою-өрнек, текемет, жылқы, үзеңгі, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар,

Тәңірлік дін, ислам діні, Ұмай-ана, Күлтегін ескерткіші, «Кодекс-Куманикус» сөздігі, «Оғызнама» жыры

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Орталық Азия халықтарының рухани мәденитінің ерекшеліктері...

Орталық Азия халықтарының рухани мәденитінің ең басты жетістіктері...

Салалар бойынша жетістіктердің ең маңыздысы ...

Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеттегі жетістіктерінің адамзат дамуына қосқан үлесі...

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында «Функционалды сауаттылық», топтық жұмыста «Құрмет пен ашықтық» іске асады

Пәнаралық

байланыстар

Оқылым-айтылым- жазылым-тыңдалым дағдыларына арналған тапсырмаларды орындауда қазақ тілімен, рухани мәдениет туындыларын сипаттауда қазақ әдебиеті пәнімен сабақтастық жүзеге асады


АКТ қолдану

дағдылары

Ғаламтор көздері мен бейнематериалмен жұмыс

Бастапқы білім


Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениет жетістіктерін біледі

3-сабақ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



2 минут


Т Ұйымдастыру бөлімі.Топтастыру

(Б) Өткен материалды еске түсіру.


М Сабақтың қорытындылау сабағы екені ескеріледі. Тарихи концепт пен бағалау критерийлері назарға алынады.


Тарихи концепт (фокус): маңыздылық

Презентация


Топтастыру карточкасы



Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

2-том. – Алматы, 2010.


Иллюстрациялық суреттер

Булекбаев С. Вклад тюрков в мировую цивилизацию [Текст] : время / С. Булекбаев // Мысль. - 2015. - №12. - С. 31-36. http://mysl.kazgazeta.kz/?p=6838

Культурное наследие народов Центральной Азии, Казахстана и Кавказа: [сборник статей / отв. ред. В.А. Прищепова]. - Санкт-Петербург: Изд-во "Наука", 2006.

Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. А., 1987.

Алимбаев Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Гылым, 1998.


Қосымша-1

Таратпа-мәтіндер




Қосымша-2

Тапсырма-парақшасы



Кері байланыс парағы

Сабақтың ортасы










3 минут













20 минут















10 минут






Зерттеу және талдау


М Зерттеу сұрағын ұсыну:

  • Орталық Азия халықтарының қандай рухани мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?

  • Орталық Азия халықтарының ғылым саласындағы табыстарын қалай бағалаймыз?


(Т) Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдері мен дағдыларын қорытындылау үшін «Орталық Азия халықтарының қандай рухани мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?», «Орталық Азия халықтарының ғылым саласындағы табыстарын қалай бағалаймыз?» деген зерттеу сұрағы талқыланады. Зерттеу сұрағының төңірегінде ой-тұжырымдар қорытындыланынып, төмендегі тапсырма орындалады.

Әр топ зерттеу тақырыбы бойынша жинақтаған білімдері мен пайымдары негізінде материалдық және рухани мәдениет үлгісінің өз кезеңіндегі (ежелгі, орта ғасырларда) рөлін (адамдардың өміріне әкелген өзгерістері) және қазіргі кездегі маңызын (күнделікті өмірде көрініс таба ма, неліктен маңызды деп бағалаймыз) зерттеуі тиіс.

Төмендегі критерийлер бойынша бағалауды ұсынуға болады:

Нәтижелілігі – адамдардың өміріне ықпал етті ме, түбегейлі өзгерістер әкелді ме? – деген сұрақтарға жауап береді.

Мәнді – адамдар сол кезде немесе уақыт өткенде қолданды ма, осыған байланысты пікірлерін білдірді ме?

Есте сақталуы – адамдар күнделікті тұрмыста пайдалана ма, қазіргі кезде талқылағанда тоқтала ма?

Қайта жаңғыруы – белгілі бір уақыт кезеңінде еске түсіру және халықтың арасына кеңінен тарату өзекті болды ма?

Ашылуы –мәдениет үлгісі сол кезеңнің тұрмысын толықтай ашып көрсете ала ма?

Бағалау критерийі:

Бағалау- Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау


Дескриптор:

-Жауап құрылымын сауатты, жүйелі құра алады;

-Дәйекпен дәлелденген тұжырым ұсына алады


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы


Үйге тапсырма.

Ж Әлеуметтік желілердің немесе газет-журналдардың біреуіне Орталық Азия халықтарының мәдениеті туралы «Әлем мәдениетінің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесін қалай бағалаймыз?» тақырыбында мақала (пост) жариялауға болады.

Сабақтың соңы


5 минут


Кері байланыс (өзін-өзі бағалау)

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игерілгенін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды толық, түгел орындадым десе, «Мен орташа түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда кішкене қиналдым, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деп жауап беруі мүмкін.


Үлгі:

-Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды ..... .... орындадым

-Мен орташа түсіндім, тапсырмаларды орындауда ......... қиналдым

-Ешнәрсе түсінбедім, тапсырмаларды орындауда ... қиналдым


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!