Материалдар / Әлеуметтік желідегі әдептілік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әлеуметтік желідегі әдептілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы әлеуметтік желідегі әдептілік туралы жазылған. Бұл барлық әлеуметтік желілер үшін пайдалы болары сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2020
831
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ

9«А»сынып оқушысы Маменова Арайлым


Әлеуметтік желідегі әдептілік

Әлеуметтік желілердің әлеуеті мен пәрменділігі артып келе жатыр. Оның адамдардың бір-бірімен ықпалдасып, туындаған мәселелерді жұмыла шешуіне де әсері зор. Соңғы кездері мәселен, ғаламтор пайдаланушылары салған видео немесе посттар арқылы құқық қорғау органдары кей қылмыстардың бетін ашып, енді бір мәселелердің анық-қанығын айқындап жатса, енді бірде сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық ережелердің сақталмауы құзырлы органдардың назарын аудартуда. Яғни, бұл қазіргі таңда қоғамның бір мүшесі ретіндегі кез келген адамнан белгілі бір қырағылықты, аңғарымпаздықты, жауапкершілікті талап етеді, адамзат үшін игілігі басым қоғам құрамыз десек, кез келген мәселеге әлеуметтік желі арқылы көпшіліктің назарын аудартып, оның шешімін табуға болады.

Адамдардың желілерде мәдениеттілікті, этикетті сақтауы адамның жеке басының білімділігіне, ой-өрісіне, тәрбиелілігіне байланысты. Ал тағы бір топ бұл адамға және жарияланған жайтқа байланысты, егер айтылған нәрсе адамның ашу-ызасына тиетін болса, ол жөнсіздіктерге жол беруі мүмкін деп санайды.

Бәріміз біреуге таңғы 9-ға дейін және кешкі 10-нан кейін телефон шалуға болмайтынын білеміз. Бірақ әлеуметтік желіде күннің де, түннің де кез келген уағында жаза саламыз. Көбіміз түнгі 2-де «таңертең оқиды ғой» деп жазамыз. Ал әлгі адамның телефоны шыр етіп, жаңа хат келгенін хабарлайды. Ұйқысы төрт бөлініп, сізге ызаланып, негативті көңіл-күйде ұйықтап қалады. Тіпті жақын достарыңызға да түн ортасында жазбағаныңыз абзал.

Өз парақшаңызда біреумен бірге түскен суретті жариялау барысында досыңызды тіркемес бұрын рұқсат сұраңыз. Егер ол суретте өзін келбетсіз деп санаса, өз лентасында көргісі келмейтіні анық. Сол себепті біреудің суретін салу мен біреуді суретте тіркемес бұрын міндетті түрде рұқсатын алыңыз.

Достар қатарында бар адамдармен амандасып жүріңіз. Егер амандасқыңыз келмесе, ол қатарға қоспаңыз. 

Егер сізді әлеуметтік желіде достар қатарына қосса, оған әртүрлі себеппен тиісіп, ойнап, мазақ қылудан аулақ болыңыз. Вконтакте-дегі дос шын өмірдегі дос секілді сіздің ойыныңызды көтере бермейді.

Әлеуметтік желіде адамдар бір-біріне «сен, сен» деуге дағдыланып кеткен.

Біреумен кездесу, тілдесу барысында телефоныңыздың дауысын не хабарлау функциясын өшіріп қойыңыз. Әрине, бір нәрсемен айналысу не бір адаммен сөйлесу барысында телефон «ызыңдап», хаттар келіп жатқанын тоқтаусыз хабарлап жатады. Бұл — заңдылық. Алайда, әңгіменің шырқын бұзып, смартфонға кіріп кетіп, хаттарға жауап жазу — сұхбаттасушыңызды құрметтемеуіңіздің белгісі.

Сыйластық - қазақ халқында ежелден қалыптасқан, қанға сіңген қасиет. Ғасырлар өтсе де, техника ілгерілеп, бүтін ғаламшар алақандай ұялы телефонға "сыйып" тұратын дәуірге жетсек те, бабадан балаға жеткен "Сыйлассаң - сыйлы боларсың'' деген қанатты сөз мәнін жойған жоқ. Кез келген әлеуметтік желіні жарастық орнаған ортаға айналдыру әр адамның өз қолында. Айналаңдағы адамдарға құрмет көрсету, оларға қамқор болу, түсінушілікпен қарау адамды тұлға ретінде биіктетпесе, аласартпасы анық. Сондықтан күнделікті шынайы өмірде ғана емес, әлеуметтік желілерде де бір-бірімізбен сыйластыққа ұмтылайық.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!