Материалдар / "Әлеуметтік педагог және оның мектептегі рөлі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Әлеуметтік педагог және оның мектептегі рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал әлеуметтік педагог жұмысын енді бастап жатқан, жас мамандарға керек болады деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
793
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әлеуметтік педагог және оның мектептегі рөлі»


Бала - өміріміздің мәні. Бала өмірі үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы заңына сәйкес баланың құқықтары сақталып, қорғалады. Баланың ең басты құқығы оның дүниеге келіп өмір сүруінен, оқып, білім алып, денсаулығын күтумен қатар баланың әлеуметтік қамтамасыз етілуі заңды шарт. Баланың әлеуметтік қамтылуына ата-аналары толық жауапты. Баланың әлеуметтік – тұрмыстық қамтамасыз етілуін қадағалап, тексеру, оқушылардың құқықбұзушылығының алдын-алу шараларын ұйымдастыру, жайсыз отбасы есебінде тұрған отбасылармен және мектепте білім алатын оқушымен де тығыз жұмыстар жүргізіп отыру мектеп әкімшілігі, соның ішінде мектептің әлеуметтік педагогының ең жауапты ісі. Осы орайда Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№ 36 лицей-мектебі» КММ-де баланың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеру жұмысы тыңғылықты жүріп отырады. Оқу жылының басында Бала құқықтарына сәйкес мектеп жасындағы баланың мектеп қабырғасында білім алу құқығын сақтай отырып, әрбір баланың оқу – біліммен қамтылуын басты назарға алып, тексеру жұмыстары бойынша рейд жасалады. Оқу процесі барысында баланың өмірі мен жетілуіне жауапкершілікті арттыру қажеттігі бойынша ата-аналармен немесе олардың асыраушы қамқоршы- қорғаншыларымен түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, бала өміріне жауапсыз қараған ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі.

Жыл сайын мектебімізде «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылады. Акция барысында мектеп ұжымы және спонсорлардың көмегімен жетім, аз қаржылы, көп балалы, жайсыз отбасының балаларына көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізгі мақсаты - мектепке балаларды жинау тәжірибесі бойынша балалардың оқумен толық қамтамасыз етілуін анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған, көп балалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасыларға көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген отбасындағы балалар жыл сайын жалпы білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақпен және жаңа жылдық сыйлықтармен қамтамасыз етіледі.

Жоспарға сәйкес мектептегі әрбір отбасымен төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: сабаққа келмеген оқушыларды күнделікті бақылау, әңгімелесу жұмыстарын жүргізу, үй аралау, ішімдік, нашақорлыққа байланысты сынып сағаттары, сауалнамалар, тесттер, психологиялық тренингтер, рейд жұмысы жүргізіледі. Рейд (үй аралау) жұмысының негізігі мақсаты: оқушылардың үйлерін аралау, олардың отбасы жағдайымен, материалдық әл-ауқатымен танысу, отбасындағы қарым-қатынасты бақылау болып табылады. Рейдке сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог және мектеп инспекторы қатысады. Олар рейд барысында ата-аналарға балалардың тәртібі мен кешкі мезгілде көшеде жүруге тыйым салынатынын, баланың кешкі мезгілде ата-ана қадағалауында болу керектігін, балалардың құқық бұзушылығының алдын алу бойынша түсіндірме, әңгімелесу жұмыстарын жүргізеді.

Қазіргі уақытта мектептегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға жәрдем беру “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” заңға сәйкес жүзеге асырылуда. Аталған заңда қарастырылғандай, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Жыл бойы аз қамтылған, көпбалалы, жайсыз отбасының оқушыларына әлеуметтік көмек көрсетіліп, тұрмыстық және материалдық жағынан жағдай жасалынады. Әрбір оқушының әлеуметтік ортаға қарым-қатынасын зерттей отырып, отбасындағы тұрмыс жағдайын, ата-аналардың әлеуметтік статусын анықтау арқылы сыныптың әлеуметтік картасы шығарылады. Жалпы мектебіміз бойынша әлеуметтік педагогтың аз қамтылған, көп балалы, жайсыз және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасылардың оқушыларымен жүргізген жұмысы өз нәтижесін беруде.

Сөзімді Г.Гмайнердің сөзімен қорытындылай келе  «Әрбір бала жылулық пен сыйластық ұялаған және оған қамқор бола алатын отбасында өсуі керек» - демекші, толыққанды, саналы ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз.





Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің

«№ 36 лицей-мектебі» КММ-нің

әлеуметтік педагогы

Ивашева Азиза Тулькваевна


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!