Материалдар / Алғашқы әскери дайындық пәнінің әскери-патриоттық тәрбие берудегі рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алғашқы әскери дайындық пәнінің әскери-патриоттық тәрбие берудегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде біз әдет - ғұрып пен дәстүрлер тәрбиелік екі міндетті жүзеге асырады деп есептейміз, ол, біріншіден қоғамдағы патриоттық тәрбиені тұрақтандырудың құралы болып есептелінеді, екінші жағынан патриоттық тәрбиені студенттердің бойында жаңғыртады, жаңа іс-әрекеттермен толықтырылады. Дәстүр адамгершілік мінез - құлық пен патриоттық қасиет - сапалардың (ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, батылдық, қайраттылық, төзімділік, еңбексүйгіштілік т.б.) тұрақтануына, қалыптасуына қажетті бағыттарды айқындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
470
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғашқы әскери дайындық пәнінің әскери-патриоттық тәрбие берудегі рөлі



Әскери – патриоттық тәрбие жастарға әскери іске қызығушылыққа, арнайы әскери мамандықты меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында борышын өтеуге дайындыққа тәрбиелеу.

Әскери – патриоттық тәрбиенің өзегі Отан қорғаушысы жас адамдардың адамгершілік – саяси және психологиялық сапасын қалыптастыруды құрайды. Республика азаматының міндеттерін ең қиын жағдайларда, сондай ақ бейбіт немесе әскери уақытта лайықты орындайтын, әскери қызыметін барлық ауыртпашылығын табандылықпен өткеруге дайын тұратын. Отанның сенімді патриоттарын тәрбиелеу қажет.

Әскери – патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты және жастардың әскери істі меңгеруіне төтенше жағдайларда қорғаныс әдістерінің жабдықтарын шебер меңгерулері қажет.

1996 жылы бірінші қарашада Қазақстан Республикасы үкіметінің жалпы білім беретін мектептер мен арнайы орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты енгізу туралы қаулысы қабылданған.

Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясы Үкімет, минситрліктер және мемлекеттік комитеттер, жергілікті атқарушы органдар басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы мен әскери құрылыс тұжырымдамасында «елжандылық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу қажет» деген ұсынысын негізге алып, халқымыздың ерлік және жауынгерлікке байланысты бай мұрасын зерделей отырып патриоттық тәрбие бағдарламасының мазмұнын қарастыру уақыт талабы. [1]

Патриоттық тәрбие негіздерін қарастыру үстінде қоғамның саяси - әлеуметтік, қазіргі саяси - әскери өзгерістер, мемлекеттің әскери - қорғаныс доктринасының мақсаты мен міндеттері, егемен еліміздің бейбітшілігі мен тұтастығын қорғаудағы әскери іс - әрекеттерге қойылатын талаптар ескерілді. Студенттермен оқушыларға патриоттық тәрбие беруге арналған бағдарламасының мақсаты жалғасқан ұлттық дәстүрлер, ата салтқа, туған өлке, жерге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілігін, Отан алдындағы әскери міндетін атқаруға психологиялық, моральдық дайындықтарын қалыптастыру.

Студенттер мен оқушыларға ұлттық патриоттық дәстүр арқылы ерлікке баулуда төмендегідей міндеттерді негізделген:

  • этнопедагогика ұстанымдарын пайдалана отырып, оқушылар бойындағы патриоттық сана - сезім, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының туына, елтаңбасына, әнұранына деген құрметті қалыптастыру;

  • ғылымға, білімге деген ықыласын арттыру, өмірлік мақсаттарын айқындауға, жеке бастың қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу.

  • жат қылықтарға қарсы төзбеушілік және құқықтық қасиеттерді меңгерту;

  • студенттер мен оқушылардың спорттық мүмкіндіктеріне байланысты дене шынықтыру түрлеріне бейімдеу;

  • халқымыздың ерлік және жауынгерлік тарихын, жауынгерлік дәстүрімен таныстыра отырып, елін, жерін қорғайтын және ұлттық бірлікті, бейбітшілікті нығайта алатын азамат тәрбиелеу;

Оқушыларды патриоттық дәстүр арқылы ерлікке баулуда төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынады:

  • патриоттық жауынгерлік дәстүр негізінде білім мен тәрбие берудің жүйелігі мен үздіксіздігі.

  • студенттер мен оқушылар патриоттық дәстүрдің құндылықтарын бағалауда іс шаралардың байланысы;

  • патриоттық дәстүрдің тарихи сабақтастығы;

  • студенттер мен оқушылардың халқымыздың ерлік істеріне деген көзқарастары, өз пікірлерін толық айта білуі; ата - бабалары ғасырлар бойы жинақтаған ерлік және жауынгерлік тәрбиесіне байланысты туындыларды ажырата, талдай, бағалай білуі; ұлттық игі дәстүрлер: үлкенді құрметтеу, сыйлау, кішіні аялау арқылы туған жерге, елге деген сезімдерінің дамуы; ата - анасының, туған - туыс, жора жолдастарының намысын қорғай отырып ұлттық парыз, намыс сезімдерін қалыптастыру; ата - баба дәстүрімен қоса өзге ұлттың ерлік дәстүрінен мағлұматты болуы, оларға деген құрмет.

  • студенттер мен оқушылардың ерлік және жауынгерлік тарихы бойынша мағлұматтарды меңгеру; мемлекеттік рәміздердің шығу тарихын, оған деген кұрмет және оны қорғауды өзінің борышы деп санауы; ата - баба дәстүрінен тәжірибие ала отырып, адам бойындағы ерлік және жауынгерлікті қалыптастыратын қасиеттерді меңгеру; қоғамдағы болып жатқан әскери саясатқа байланысты хабар, әңгіме, мақала даярлау және өз ой -тұжырымдарын ауызша және жазбаша білдіру; әскери, Отан алдындағы патриоттық міндетті атқаруға психологиялық, моральдық дайындық және әскери заң мен жарғыларды меңгеру; оны өмірде пайдалана білуі.

  • студенттерде оқушыларда батыр, ер деген ұғым туралы түсінігі болуы; батырлықты қалыптастыратын қасиеттерді білуі; ұлттық әскери және әр бір ғасырдағы қазақ әскерінің тарихынан, ерлік және жауынгерлік дәстүрлерінен және тарихи оқиғаларға байланысты жерлерден мағлұматы болуы; ерлік дәстүрінің игі қасиеттерінен білім мен тәрбие ала отырып, оны бойына сіңіру және соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, дене бітімінің дамуы, әскери ойындарға және жарыстарға қатысуы.

  • студенттердің оқушылардың Отан қорғаудың негізгі теориясын меңгеруі, дүниежүзілік соғыстардың тарихын, олардың себептерін білуі, осы күнгі саяси- әскери жағдайдың барысын түсінуі, еңбексүйгіштік, жауаптылық, өзінің іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыруы, әскери - спорт түрлеріне қатысуы, әскери орындарға саяхат жасауы, президенттік нормативтерін орындауы, дене бітімінің жасына сай болуы.

  • студенттердің оқушылардың өз еркімен әскери борышын өтеудің қажеттілігін түсінуі, әскери қызыметке саналы дайындық жасауы, өмірде болып жатқан саяси - әскери талаптарды түсінуі, бастапқы әскери дайындық сабақтарында терең және нақты біліммен қарулануы, әскери - патриоттық шараларға белсене қатысуы. [2]

Ал дәстүрлер - студенттердің патриоттық тәрбиеде қалыптасқан тұрақтап және мейілінше мінез-құлықтардың арқасында қалыптасады.

Алғашқы әскери дайындық меншік түріне және қатыстылығына қарамастан  орта арнайы оқу орындарындағы, кәсіби-техникалық және  жалпы білім беретін мектептердегі мемлекеттік міндетті пән ретіндегі  Қарулы Күштердегі, басқа да ҚР әскерінде және әскери  құрылымдарындағы ҚР азаматының  дайындық жүйесінің  құрамдас бөлігі болып табылады.

Алғашқы әскери дайындық үдерісінде оқушылар ҚР қорғау жөніндегі азаматтардың конституциялық  құқықтарын меңгеруі, ҚР Қарулы Күштерінің тағайындалуы мен  сипатын түсінуі, азаматтық қорғаныс және әскери іс негізін меңгеруі, жас жауынгерді дайындауда   қажетті білім, тәжірибелік  дағдыларды игеруі тиіс. [3]

Біздің тұрақты алға жылжуымыздың  басты шарты – барлық жіктерді біріктіру, алға қойған мақсатқа жетуге қоғамымызды  жұмылдыру. Басымдықтарды дұрыс белгілеп және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Бүгінгі міндетіміз кедергілердің әдеттермен, дағдылармен, ерекше мүдделермен, теріс қатынастармен, дінмен, жастық қауымдастықпен немесе өзге факторлармен байланыстылығына қарамастан  бірлікке апаратын жолдағы қиындық тудыратын бұрынғы кедергілерді жою және жаңасының пайда болуын болдырмау екендігін  ҚР президенті атап өтті.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде біз әдет - ғұрып пен дәстүрлер тәрбиелік екі міндетті жүзеге асырады деп есептейміз, ол, біріншіден қоғамдағы патриоттық тәрбиені тұрақтандырудың құралы болып есептелінеді, екінші жағынан патриоттық тәрбиені студенттердің бойында жаңғыртады, жаңа іс-әрекеттермен толықтырылады. Дәстүр адамгершілік мінез - құлық пен патриоттық қасиет - сапалардың (ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, батылдық, қайраттылық, төзімділік, еңбексүйгіштілік т.б.) тұрақтануына, қалыптасуына қажетті бағыттарды айқындайды.

Міне осы аталған қасиет - саналар оқушыларға патриоттық тәрбие берудің өміршеңдігін дәлелдейді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.

2. «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» пәнінен 050104-«Бастапқы әскери дайындық» мамандықтарының студенттері үшін практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар. Сәдірмекова Ж.Б., Бекбосунов А.Қ., Қадырбаев Ж.Ә. Шымкент, 2015ж.

3. «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» пәнінен арналған әдістемелік нұсқаулықтар. Бекбосунов А.Қ., Қадырбаев Ж.Ә., Пернебаева П.М. Шымкент, 2018ж.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!