Материалдар / Алғыр ойлы оқушы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алғыр ойлы оқушы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
613
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Алғыр ойлы оқушы»Мақсаты:   Оқушының негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдендіретін тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.  Білімді, дарынды, ойлары озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылыққа жетелеу.Сабақтың барысы - Армысыздар, құрметті жиналған қауым! Бүгінгі «Алғыр ойлы оқушы» атты өткізілгелі отырған математикалық интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! - Ғылымдардың патшасы атанған, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән математика атанған, - дей келе, сайысымыздың 1-кезеңін бастайық. I- кезең.Топқа бөлу, таныстыру (Әр оқушы математикалық фигураларға байланысты топқа бөлініп және ат қойып, таныстыра кетуі керек. Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі).II- кезең.Осымен 1-кезең аяқталды, енді 2-кезең – «Логикалық сұрақтарға» кезек берейік (Бұл кезеңде қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берген топ ұпайға иеленеді. Әр дұрыс жауап – 5 ұпай). Ережелер түсінікті болса, 2-кезеңімізді бастайық. 1-сұрақ. Дүкенге 5 литрлік және 7 литрлік бидонға құйылған 106 литр май әкелінді. Дүкенге қанша бидон май әкелінді?(5балл)2-сұрақ. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсысымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша?(5 балл)3-сұрақ. Белгісіз саннан 5 артық санның 3 есесі сол белгісіз санның 5 кем санның 5 есесіне тең болса, бұл белгісіз санды тап.(5балл)4-сұрақ. Егер әкесіне 46 жас, ал ұлына 16 жас болса, қанша жылдан кейін әкенің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?(5 балл)5-сұрақ. Балалар жануарлар көрмесін ұйымдастырды. Оның ішінде 18% қойлар, 40% иттер және 21 мысық бар. Көрмеде барлығы қанша жануар болды?(5балл)6-сұрақ. 12-ге бөлінетін ең үлкен және ең кіші екі таңбалы сандардың айырымы қанша болады?(5балл)III-кезең. Келесі кезең «Блум түймедағы» деп аталады (Блум түймедағындағы гүлдестерге жапсырылған қиықшалардағы есептерді шығару, баллкөрсетілген). 1-есеп(1 балл). Салыстырыңдар: 1020*2010 (1020>2010) 2- есеп(3 балл). Қай санның кері саны өзіне тең? (1) 3- есеп (5 балл). Сыйымдылығы 5 литрлік және 3 литрлік ыдыстар арқылы қалай краннан 4 литр су алуға болады? (5-тен екі рет 3-ке құю) 4-есеп (6 балл). Заттың бағасын 10%-ға арттырып, кейін 10%-ға кемітті. Соңында заттың бағасы қанша пайызға өзгерді? (1%-ға кемиді) 5- есеп (7 балл). Шеңбердің бойындағы нүктеден екі хорда жүргізілді. Пайда болған сегмент саны? (4 сегмент).IV-кезең. Ал, ендеше, 4-кезеңімізді бастайық. «Шырпы» (Әр топқа шырпыдан жасалған өрнек беріледі, сол өрнектерді шешуге 3 минут уақыт беріледі).Топ мүшелері дайын болса, 4-кезеңге көшейік.


















1) 9 шаршы берілген. 4 сіріңкені алып тастау арқылы 5 шаршыны шығарыңыз.





2) Екі шырпының орнын ауыстыру арқылы теңдікті орында.3) Бір шырпының орнын ауыстыру арқылы теңдікті орында.





Соңғы кезеңіміз «Қызықты жұмбақтар» деп аталады.(Жасырылған жұмбақтарға алғыр әрі дұрыс жауап берген топқа ұпай саны беріледі).1.Біз ... санбызСызықпен бөлінгенМатематиканы ұқпас адамға,Құбыжық болып көлінгенДұрыс,бұрыс,аралас,Ондық болып бөлінген. (Бөлшек)2. Санның 1\100 бөлігіЕсептеледі бізбенен Жасалған істің өніміӨнім артық 100 болса,Істің алға басқаны.Өнім кіші 100 болса.Берекенің қашқаныБосқа кетіп төккен терЖамағаттың сасқаны.(Пайыз)3. Санау үшін адамды, малды, талды...,Ертеден иұра болып қалды.Көбейтіп, бөліп, азайтып, қосамыз,Күнделікті ол салды.(натурал сан) Құрметті қатысушылар, бүгінгі сайысымызды қорытындылауды, жеңімпазды анықтауды әділ қазылар алқасына тапсырайық.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!