«Алғыс – ізгі ниет» . «Кибербуллингтің белгілері, қалай ерте тануға және өзіңізді қорғауға көмектесуге болады?»

Тақырып бойынша 21 материал табылды

«Алғыс – ізгі ниет» . «Кибербуллингтің белгілері, қалай ерте тануға және өзіңізді қорғауға көмектесуге болады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алғыс – ізгі ниет» . «Кибербуллингтің белгілері, қалай ерте тануға және өзіңізді қорғауға көмектесуге болады?»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары:

«Алғыс – ізгі ниет» . «Кибербуллингтің белгілері, қалай ерте тануға және өзіңізді қорғауға көмектесуге болады?»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

6 « »

Сабақтың мақсаттары:

-ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
-
оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыру және осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Құндылық :

Тәуелсәздік және отаншылдық

«Патриотизм-ата-анаңды құрметтей білуің...» Б.Момышұлы

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру

































Ұйымдастыру: достық шеңберін құру

Оқушылар бір біріміздің қолымыздан ұстап, бір бірімізге жасаған жақсылығымызды есімізге түсіре отырып алғыс айтып өтеміз

Әңгімелесу
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.




Сахналау
І-топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
Дәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.
Видео ролик./ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/
Дәптермен жұмыс

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..



Қорытындылау
-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.




Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.




https://youtu.be/HydtsfH3HUU?si=Q5u59N0lsZn4HMmE


алғыс (аудио)














ҚС:

Сабақтың мақсаты: оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыру және осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Негізгі міндеттер:

  1. өз көзқарасын білдіру және оны дәлелдеу қабілетін дамыту;

  2. адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықтарға тәрбиелеу;

  3. оқушыларда өзара құрмет пен өзін-өзі бағалауды тәрбиелеу; Материалдар мен ресурстар: проектор, проекциялық экран, дербес компьютер.

Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы адамдарға өзін-өзі дамыту мен қарым-қатынас үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Бүгінде желіні пайдаланушылар саны ондаған миллион адамды құрайды, олардың көп бөлігі – балалар мен жасөспірімдер. Бірақ интернет тек мүмкіндіктер көзі ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі бола алады.

  1. Негізгі бөлім

Кибербуллинг – бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту.

Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу үшін қосымшаларда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін.

Бұл қайталанатын эпизодтар, олардың мақсаты – аңдып жүргендерді қорқыту.

Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалардың денсаулығына, мектеп үлгеріміне кері әсерін тигізеді.

  1. Қорытынды Пайдалы сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=10




Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=10




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі