Материалдар / «Әлихан Бөкейханов – ұлт жанашыры». Тұлғалық болмысын талдау (Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Әлихан Бөкейханов – ұлт жанашыры». Тұлғалық болмысын талдау (Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл)

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе:«Әлихан Бөкейханов – ұлт жанашыры». Тұлғалық болмысын талдау (Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Шілде 2022
754
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы:Төлеуова Аружан

Алматы обылысы,Қаскелең қаласы,А.Байжанов атындағы орта мектеп 11 сынып оқушысы.

Халқымыздың бағына туған, «елім» деп еңіреген, бар ғұмырын халқының өсіп-өркендеуіне арнаған ұлт жанашырларының бірі әрі бірегейі – Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов. Ол артынан қазақтың зиялыларын ерте білген, ұлт көсемі, көшбасшы ретінде ел есінде мәңгі сақталды.

Әлихан Бөкейханов, ең алдыменен, ұлтқа деген жанашырлық болмысымен ерекшеленеді деп ойлаймын. Өйткені, оның алдына қойған мақсат-мұратының барлығы ұлтының тағдырымен тікелей байланысты.

Біріншіден, ұлт жанашыры Әлихан халқын қараңғылық пен надандықтан алып шығу үшін білім жолына түседі. Өзінің алдына білім алып, елді отаршылдықтың бұғауынан алып шығамын деп мақсат қояды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін білімін жетілдіріп, елдің саяси істеріне де араласа бастайды. Ресей отаршылдығының халқына жасап отырған әділетсіздігін ерте түсініп, зиялы қауыммен бірге жасырын ұйым құрады. Қарап отырсақ, Ұлт көшбасшысы өзінің өмірін бәйгеге тіге отырып, ұлт мүддесіне қызмет еткен. Әлиханның: «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана»,-деген  пікірі халқының бірлік пен ынтымақтастығын қалағанын байқатады. Расымен де, бірлік болмай, халқымыздың маңдай бағы жанбайтынын Әлиханға дейін хан-сұлтандарымыз да айтып кеткен. Қарап отырсақ, текті тұқымнан шыққан Әлихан ата-баба жолын ұстанғанын байқаймыз.

  Екіншіден,Әлихан Бөкейханов: «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды»,-деген ой айтады. Осы ретте өзі күллі қазақ жерінің хал-жағдайын жатқа біліп, ел тұрмысынан хабардар болып отырған. Бұны Әлиханның бойындағы көрегенділік пен ерекше көшбасшылық болмыс деп танимын. Халқының қамын шынайы ойлаған адам ғана күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып, қызмет жасайды. Кешегі түркі халқының басын біріктірген Білге қағанның: «Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым...» деген тұлғалы сөздері мен Әлиханның әрекетінің ұқсастығын байқауға болады. Себебі, екі тұлғаның да өз халқының бостандығын, саяси тәуелсіздігін аңсағаны белгілі.

Үшіншіден, Әлихан – ата-бабадан қалған ұлттық құндылықтарды сақтауға шақырған ұлы тұлға. Әсіресе, қазіргі кездегі өзекті болып отырған жер мәселесі сол кезде де назардан тыс қалмағанын байқаймыз. Алаш көсемі: «Жер тағдыры – ел тағдыры», - сан рет айтады. Өзі қай биікте жүрсе де жер тағдыры үшін қатты алаңдап өтеді. Ә.Бөкейхановтың : «Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры»,-деп айтқаны бүгінгі күні де жаңғырып тұр десек, артық айтқандық емес. Байқап қарасақ, ұлт жанашыры осы даналық ой түйіндерін болашаққа аманат етіп кеткендей көрінеді. Дегенмен, сол амантқа қиянат жасап алмадық па?..

Қорытындылай келе, тұлғалық болмыс-бітімімен халқына қызмет көрсетуден жалықпаған, тірі болсам, еліме қызмет етпей қоймаймын деп өзіне ант берген Әлихан тұлғасы қазақ үшін мәңгі биікте тұрады. Әлихандай текті ұлдарымыз көп болсын деп тілеймін!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!