Материалдар / Әліппенің атасы- Ахмет Байтұрсынов
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әліппенің атасы- Ахмет Байтұрсынов

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Әліппенің атасы- Ахмет Байтұрсынов" 1-сынып. 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың ой-өрісі мен білімдерін арттыру мақсатында өткізілген ашық сабақ. Сабақтың мақсаты:Ақын өмірін оқушыларға үлгі етіп көрсетіп,жақсы болмысқа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2022
1561
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алғабас орта мектебі» КММ





Shape1

Әліппенің атасы - Ахмет Байтұрсынұлы















Сынып жетекшісі: Калидолдина Г.Т.











2021-2022 оқу жылы

Тақырыбы: Әліппенің атасы - Ахмет Байтұрсынұлы

Сыныбы: 1

Күні: 18.02.2022

Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру.

2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Ресурстар: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, кітап көрмесі, ақынның қанатты сөздері, видеоролик, презентация.

Тәрбие сағатының өту барысы:

Кіріспе кезең:

Мұғалім: Оқушыларға сұрақ:

Іші толған әріпке,

Ғылымдағы жарық не?

Барлық ілім-білімнің

Анасы осы — Әліппе

Олай болса, балалар, осы әліппе оқулығының алғашқы құрастырушысы кім екенін білеміз бе?

Ол, Ахмет Байтұрсынов атамыз. Бүгінгі танымдық сағатымызда Ахмет Байтұрсынов атамыз туралы зерттеп, кеңірек танып білеміз



-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.

Ахмет Байтұрсынұлы... Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар. -Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген? – деген сұрақтарға жауап алу үшін бейнероликке зер салайық.

Интерактивті тақтада Ахмет Байтұрсынұлы жайлы бейне жазба көрсетіледі. Және айтылған, көрсетілген ақпараттар бойынша оқушылар пікір алмасады

Мұғалім: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Негізгі бөлім: «Оқуға шақыру» өлеңін Хадиша оқиды

А. Байтұрсынұлының нақыл сөздері:

  1. Білімдіге дүние жарық

  2. Жақсы шықса – жаман қалар

  3. Сөздің асыл болуы – ұнауынан

  4. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды

Оқушыларды сергіту мақсатында тақырып бойынша ойын ойнатылады:

Ойын атауы: "Кім жылдам? Сөз ойла, тез ойла"

  • Оқушылардың орындауында ақынның өлеңдері оқылады



  • Ахмет атамыз туралы білген мағлұматтарымызды қорытындылай отырып, сөзжұмбақ шешейік.

1. Ахмет атамыз бізді не алуға шақырды? білім

2. Ахмет атамыз қандай партия құрды? Алаш

3. Ахмет атамыз Алаштың көрнекті ..? қайраткер

4. Ахмет атамыз Қостанай облысының қай өңірінде туған?Торғай

5. Ахмет атамызды Ұлт … деп атаймыз? Ұстаз

6. Ахмет атамыздың алғашқы жинағы қандай?Қырықмысал

7. Ахмет атамыздың екінші жинағы қандай? Маса

8. Өлең шығаратын адамды кім дейміз? Ақын

9. 1895 жылы қай мектепте оқыды? Орынбор

10. Ахмет атамыз қай облыста туған? Қостанай

11. Тіл маманын кім дейміз? Лингвист



Махамбеттің орындауда «Әліппе» өлеңі айтылады.

Кері байланыс: Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы кім» деген сұраққа жауап беретін кластер құрамыз.

Қорытынды сөз: Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен аяқтайық.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!