×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Алтын күз ертеңгілігі

Автор:Конбаева Анара Атапкеловна
Бағыты: Балабақша
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-11

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Күз туралы мағұлмат беру

Жарияланды 16-03-2012, 14:04 Категориясы: Тәрбие сағаты Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер сахна жақтан кішкене орындықтарға жайғасады.Тәрбиеші: Құрметті, ата-аналар, әріптестер, қонақтар! «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
-Балалар мен сендерге бір жүмбақ жасырайын:Қызыл, сары кемелер,Су бетінде қалқиды.Соқса егер салқын жел,-Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.
Алтын, алтын, сары алтын,Алтын күзде нұр жатыр.Біз мектепке баратын,Алақай-ау, күн жақын. (Алина)
Алтын сары, қызыл, көк...Алуан-алуан жапырақКүзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап. (Азамат)
Алтын нұрдай тамшылап,Біздің өмір таң шуақ,Біздің өмір көңілді. (Аяулым)
Біреу астық түсіріп,Біреу бидай ұшырып.Жатқан мезгіл күз екен,Алдым соны түсініп. (Ильяс)
Жапырақтар білгендейЖелмен ұшып барады,Жерге қонып үлгермей.(Асанали)
Жапырақтар жамырап,Сайға барып бекінді.Анасынан ажырап,Қалған бала секілді.(Алтынай)
Диқан бабаң екті де,Еңбектен еш қашпады.Алдыңа әкеліп төкті де.Ақ нанды үйіп тастады.(Жанель)
-Балалар менің сендерге жасырар тағы да жұмбақтарым бар, кәне шешіп көреміз бе?!Жаздай інге тығылып,Құйрығынан суырып,Әкелді әжем бір күні.(Сәбіз)
Үстіне тігіп көк шатыр,Асытында қызыл дәу жатыр.
Жайлы, жұмсақ төсегім,Домаланып өсемін,Қабат-қабат тоным бар,Қалай оны шешмін?
(Картоп)«Күз жомарт»әні орындалады.«Шалқан» ертегісі».«Көкөністер» тобын қарсы алып, өнерлерін тамашалайық.
Асханадан шықпаймын,Атым - пияз, бұқпаймын.Көзден жасты шығарып,Тұмаудан бірақ сақтаймын. (Нұрдәулет)
Дамытатын ойыңды,Қоянға да азықпыз – Сәбіздерміз жазықсыз. (Аружан)
Ақ түсім бар қант алар,Қызыл түсім бар қанға - нәр.Зияным жоқ біліп қой -Қызылшамын, пайдам бар. (Фариза)
Тұрған ол мен – қызанақ,
Көптеп ерте шырмалып,Өсемін мен бүр жарып. (Мансур)
Атымқияр, теріп ал,Жиі-жиі суғарып. (Аңсар)
Бақшаларда тізіліп,Қаперсіз мен жатамын.Қабат-қабат киініп,Қырыққабат атандым. (Сертай)
Картопбіздің атамыз,Жер астында жатырмыз.Бір тамырдан тарағанАғайынбыз бәріміз. (Жәнібек)
Иісім жұпар аңқыған,Бақшадағы шырынмын.Жеп көргендер тамсанған - Балдай тәтті қауынмын. (Арнұр)
Ойын «Қай жемістің дәмі
Берекесін сыйлауға,Өлкемізге күз келді.Жемістерін жинауға,Шақырады біздерді. (Ермек)
Олай болса жемістердің өнерлерін тамашалайық.Іші толған шәрбәт,Дәмі сондай әйбат.Үзесің бірден жүзін,Оның аты - ЖҮЗІМ. (Еркежан)
Дәні сондай тәтті.Шағып қара таңдап,Оның аты - ЖАҢҒАҚ. (Дильшат)
Дөп-дөңгелек сары,Ішінже бар дәні.Қызығасың көріп,Оның аты - ӨРІК. (Арайлым)
Пісетін кезі дәл күзде,Мезгілсіз оны үзбе.Аузыңнан кетпес бал дәміОның аты - ШАБДАЛЫ. (Жансая)
Бір сабақта көп түйме,Жей алмайсың көк күйде.Санап қара қанша,Оның аты - ШИЕ. (Айым С.)
Жапырақты тасалап,Өсетін жері бақша-бақ.Күрең қызыл шіркін-ай,Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ. (Айым А.)
Пісіп тұрған алмамын,Тамсандырар бал дәмім.Жерге сілкіп түсірмеІсіп кетер маңдайым. (Марал)
Тіл үйірген алмұрпын,Таңсығымын бар жұрттың,Жақсы өсіре алмайды,Қараса егер салғырт кім. (Нарина)
«Күз келгенде» әні.Ата-аналарға метограмма:Қ-дан мені бастасаң,Шөлің басар асыңмын.Ж-ға айырбастасаң,Тамшы болып тасындым.
Бір бауыңда кәріңмін,Екінші де нәріңмін.Қосылғанда екеуі, Көкөніс боп табылдым.(Шал-қан)
Би «Қара жорға». Балалар ата-аналарына дайындаған ашық хаттарын табыстап, биге шақырады.
Берекелі бақ дәулет,Арта түссін тойланып.Сау болыңдар балалар,Келгенше жыл айналып.
Тәрбиешінің ата-аналарға, қонақтарға деген алғысы.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.