Материалдар / "Алтын күз" (ертеңгілік)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Алтын күз" (ертеңгілік)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын күз" (ертеңгілік)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2018
351
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақ шағала» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы



Пән жетекшісі. Күні:Білім беру салаcы: Шығармашылық. Бөлімі: Сурет салу. Тақырыбы: Алтын күз.Мақсаты:Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу.Күзгі ағашты,оның бөліктерін анық етіп салуды үйрету.Саусақ қимыл қозғалыстарын еркін пайдалану,сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімдігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар. Күз мезгілі туралы өлең айту. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап.Қажетті көрнекті құралдар:( Күз көрінісі )суреті,сурет дәптер,бояулар,қылқалам.Қостілдік компонент: Алтын күз-Золотая осень.
Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі













-Балалар,сендерді аналарың не деп еркелетеді?-Сендерге қандай жылы сөздер айтады?-Сендерге ұнайды ма?-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?-Ағаштардың түсі қандай?Балалар шеңбер жасап отырады.Сұраққа жауап береді.

-Иә.-Күз мезгілі.-Алтын күз. Дейміз.--Жаңбыр жауып тұр.Ағаштар қозғалып тұр.Жапырақтар түсіп жатыр.-Аспан бұлттанып тұр.- Күн суыта бастады
Ұйымдастырушылықізденіс кезеңі











-Мен сендерге күз мезгілі туралы тақпақ оқып беремін. (Алтын күз ) Ғ.Қайырбеков.Алтын, алтын,сары алтын,Алтын күзде нұр жатыр.Сары ала тон жамылған,Күз атамыз секілді,Қойны толы дәмді нан,Тәттісі көп не түрлі.

Сергіту сәті:Бір, екі, үш, төрт, бес,Шықты саусақ серуенге,Бір саусағым билеп кетті,Бір саусағым секіріп кетті,Бір саусағым сәлем берді,Бір саусағым ойнап кетті,Бір саусағым ұйықтап қалды,Шаршамаңдар саусақтар,Сурет салуға шығыңдар!Суретке қарап ,сурет салғызу.-Ең бірінші ағаштың дінің төменненжоғарыға қарай жасаймыз,төмен жағы жуандау болып келеді,бұтақтары екі жаққа шетіне,діңінен жіңішке әрі қысқа болып келеді.

-Балалар бұған қосымша жерді,бұлтты,күнді саламыз.

-Қылқаламды бояуға батырып, солдан оңға ұзын толқынды сызық ұшымен жерді солдан оңға қарай бояймыз.Жаңбырды қылқаламның ұшымен саламыз.


Балалар зейін қойып тыңдайды.













Тәрбиешімен бірге қимылмен көрсетеді

Сурет дәптерлерін ашып,жеңдерін түріп, сұқ саусақтарын дайындайды.Жер қара,батпақ болады,жерді қоңыр түспен бояймыз.Ағаштардан жапырақтар жерге түсіп жатыр,Жапырақтардың түсі сары,сары түске саусағымызды батырып,жапырақтар саламызсаусағымызды сүртіп, бұлттың ішін бояймыз.саусақпен көк түске бояймыз.













Іс-әрекеттің бағалаукезеңі







-Балалар,бүгін біз не жайлы сурет салдық?-Өте жақсы,суретті тамаша салдыңдар.

Балалар суретке қарап әңгімелеп береді
Нені біледі: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелеуді .

Қандай түсініктерді игерді: күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын,жапырақтарын көлденеңнен салуды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!