Материалдар / "Алтын күз келді"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Алтын күз келді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Күз мезгілі туралы түсінік қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
394
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиеші: Жәнібекқызы Сәулеш

Тақырыбы: «Алтын күз келді»

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»

Мақсаты: Күз мезгіліне сипаттама бере отырып, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Табиғаттың қарапайым өзгерістерін атап, айнала қоршаған ортаны танып білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл  байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық  жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жеміс- көкөністер, үнтаспа, құстың ұясы.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын, сұрақ- жауап, мнемо кесте, жаттау, сөздік жұмыс. Күз ханшайымы достарымен қонаққа келеді. (Қыркүйек, Қазан, Қараша). «Күзгі құбылыстар» бейнесін мнемо кесте арқылы өлең жолымен көрсетіп, түсіндіру.

Қостілділік компонент: күзгі – осенний; құбылыс – явление; егістік – поля, нива; жауын – шашын – осадки; жапырақтар – листья; жел – ветер.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді біз білмейміз.

Қуанасың сенде,

Қуанамын менде.

Арайлап атқан күнге,

Амандасамыз бізде!  (үш тілде амандасу).

Сәлеметсіздер ме қонақтар!


Сұрақ жауаптар:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі.

  • Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

  • Қыркүйек, қазан, қараша.

  • Алтын күз ерекшеліктері қандай балалар?

  • Жел болып жапырақтар жерге түседі, жаңбыр жауады, адамдар жылы киінеді, құстар жылы жаққа ұшады.

«Күзгі құбылыстар» бейнесін мнемо кесте арқылы өлең жолдарымен көрсетіп түсіндіру.

  • Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Кәусар: Жапырақтар:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Ақторғын:

Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.

Әйгерім:

Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығына ырзамыз.

Аппақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз.

Ұлан:

Тапталады табанға,

Судыр – судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап.

Жанерке:

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап!

Мұхаммедияр:

Мен моншақты шиемін,

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегің

Әли:

Егін елді жинайды

Қырманға деп қоймайды

Алтын астық айнала

Далама менің сыймайды.

Бақтығали Аянат:

Мен алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім.

Мына тәтті бал - дәмді,

Дастарханға арнадым.


Ғажайып сәт:

  • Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

  • Ортаға Күз ханшайымы әуенмен билеп кіреді. Қолында күзгі жапырақтар, жапырақтарын жерге төгіп, балалармен амандасады.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Күз ханшайымы»  келіп қалыпты.

Күз ханшайымы: Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Сіздерді молшылық айларымен құттықтаймын, бау – бақшада егін пісіп – жетілді, құстар жылы жаққа ұшып жатыр, адамдар қыс қамына дайындалып, егін орып, малдарына азықтарын жинап жатырған кезде, мен сендерге қонаққа келдім. мен жалғыз жүрмеймін, менің қасымда достарым: Алтын күз- Қыркүйек, Қоңыр күз-Қазан , Жомарт күз - Қараша да бар. Үш ай өздерін жеке таныстырып шығады.


Алтын күз – Қыркүйек – Бақыт Аянат

Жетті желмен – Алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып – теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Қоңыр күз – Қазан – Абылай

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр – сыбдыр түседі

Жомарт күз – Қараша – Клара

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл – жарқын күз.

Сары алтынға малынған.

Жетті міне алтын күз

Күз ханшайымы: Балалар енді менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар орындағыларын келеме?

  • Иа, айтыңызшы.

  • Ендеше күзде құстардың бәрі  бірдей ұшып кетеді ме?

  • Жок, қыстап қалатын құстар бар.

  • Қандай құстарды білесіңдер?

  • Суыкторғай, қарға, сауысқан, кептер.

  • Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.

(Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

Сергіту сәті:

1, 2, 3,

Қарлығаш болып ұш

4, 5, 6,

Қарлығаш болып қалқы

7, 8, 9 , 10,

Қарлығаш болып қон.


Тәрбиеші: «Күз ханшайымы»  сіздің тағы да балаларға арналған тапсырмаңыз бар ма?

«Күз ханшайымы»

- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.

Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

«Күз ханшайымы»

  • Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!

  • Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Балалар, сендерге «Күз ханшайымы» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?

Балалардың жауабы

Қорытынды:

  • Балалар біздер бүгін не туралы айттық?

  • Күз мезгілінде кездесетін қандай құбылыстармен таныстық?

  • Бізге қонаққа кім келіп отыр, оның қасында кімдер бар?

  • Құсқа тоңып қалмау үшін не жасап бердік?

  • Балаларды мадақтау.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!