Материалдар / Алтын Орда мемлекетіндегі конфессияаралық күрес
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алтын Орда мемлекетіндегі конфессияаралық күрес

Материал туралы қысқаша түсінік
XIII ғасырдың орта шеңберінде құрылып, XVI бас кезіне дейін өмір сүрген Алтын Орда империясының Еуразия даласының шығысындағы халықтардың тарихында алатын орны ерекше. Өзінің бірнеше ғасырлық тарихында аталған империяның ыдырау нәтижесінде құрылған Ақ Орда, Қазақ хандығы, Қырым, Сібір, Қазан, Астрахан хандықтары мен Ноғай ордасы мемлекеттері тарихында өте зор маңызға ие болды. Алтын Орда тарихының қай мәселесі болмасын, қазіргі таңда өте өзекті. Осы мәселелердің бірі ретінде Алтын Орда дәуірінде Ислам дінінің таралуы мен оның ықпалын қарастырамыз. Аталған мақалада ортағасырлық және қазіргі зерттеулерді негізге алып, Алтын Орда дәуіріндегі исламның ықпалына барынша әділ бағасын беруді мақсат етеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2022
282
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтын Орда мемлекетіндегі конфессияаралық күрес

XIII ғасырдың орта шеңберінде құрылып, XVI бас кезіне дейін өмір сүрген Алтын Орда империясының Еуразия даласының шығысындағы халықтардың тарихында алатын орны ерекше. Өзінің бірнеше ғасырлық тарихында аталған империяның ыдырау нәтижесінде құрылған Ақ Орда, Қазақ хандығы, Қырым, Сібір, Қазан, Астрахан хандықтары мен Ноғай ордасы мемлекеттері тарихында өте зор маңызға ие болды. Алтын Орда тарихының қай мәселесі болмасын, қазіргі таңда өте өзекті. Осы мәселелердің бірі ретінде Алтын Орда дәуірінде Ислам дінінің таралуы мен оның ықпалын қарастырамыз. Аталған мақалада ортағасырлық және қазіргі зерттеулерді негізге алып, Алтын Орда дәуіріндегі исламның ықпалына барынша әділ бағасын беруді мақсат етеміз.

Алтын Ордада 1320 жылдары исламды мемлекеттік дін ретінде жариялануы қысқа уақытта орын алған оқиға емес, ұзақ мерзімде қалыптасқан үдерістердің заңды нәтижесі. Алтын Орда саяси элитасының ұзақ жылдар бойы қайшылықты мәселелерінің бірі - діни сенімді таңдау. XIII ғасырдың алғашқы ширегінде Шыңғыс хан құрған алып империяның қоғамдық қатынастары мен билеуші өкілдеріне қатысты аспектілерін Ұлы Жасақ (Яса) заңдары реттеп отырды. Еуразия даласының үлкен аумағын қамтып жатқан империя үшін сол аймақтағы саяси және қоғамдық конфессия өкілдеріндегі діни төзімділік, ең бірінші кезекте мемлекеттің тұтастығы үшін қажет болды. Ұлы Жасақ (Яса) заңдар негізіндегі діни төзімділік жаулап алынған аумақтарда ислам, шаманизм, христиан, буддизм, иудаизм діндерінің еркін таралып, аталған діндер басшыларынан жоғарғы дәрежедегі қолдауларына ие болып отырды.

Жошы ханның мұрагері Батый хан батысқа жеті жылдық жорығының нәтижесінде империяның географиялық шеңбері кеңейді. Жошы ұлысы құрылған күннен бастап Батый хан мемлекеттің ішкі саясатындағы діни ахуалды бақылауда ұстауда өзіндік басқару тәсілін қалыптастарды. Бұл мәселеде парсы тарихшысы Джувейнидің Батый хан туралы: "Ол діндер мен оның ағымдарының ешқайсысын ұстанбады" деген жазбасы кең танымал[1, с. 21]. Джузджанидің "Батый жасырын түрде мұсылман болып, ислам ізбасарларына толық қолдау білдірді" атты жазбасы Джувейнидің дерегімен сәл қарама-қайшы келеді [1, с. 15]. Келтірілген деректер Батыйдың жаулап алушы болғанымен, діни ұстаным тұрғысынан келгенде, барынша сабырлылық танытқанын көрсетеді. Жошы Ұлысында Батый хан билік еткен тұстағы діни еркіндіктің қаншалықты жоғарғы дәрежеде болғандығын, тіпті, ханның інісі мен ұлдарының әртүрлі діни сенімді ұстанғанынан толық байқауға болады.

Ұлы Жасақ (Яса) заңдарының беделіне қарамастан, ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап саяси элитада дінге деген жіктеліс пайда бола бастайды. Батый ханның ұлы Сартақ христиан дініне жақындап, Берке хан ислам дінін қабылдайды. 1258 жылы Батый хан қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері саналып келген Сартақ пен Ұлақшы билігін орнықтырып үлгерместен, көп ұзамай Алтын Орда ханы болып Берке тағайындалды. Христиан дінін ұстанған Сартақ пен Ұлақшыны орталық қолдаса да, билікті тізгіндей алмауын басқарушы элита арасында мұсылмандық топтың ықпалы басым болғандығынан байқаймыз.

Алтын Ордадағы ислам дінінің таралуындағы өзгерістер бірінші мұсылман ханы Берке ханның таққа отырған тұсынан басталды. М.Г. Сафаргалиеваның пікірінше, «Беркенің жеңісін белгілі бір дәрежеде оның кандидаттығын қолдаған мұсылман көпестерінің септігі бар. Дәл осы кезеңде Берке хан Хорезм мен Бұлғардағы мұсылман көсемдеріне қолдауына ие болды. Берке хан тағына отырған тұстан бастап мұсылман көпестері барлық мемлекеттік мекемелерге орналасып, ал мұсылман миссионерлеріне кең далаға жол ашылды».

Беркенің ислам дінін қабылдауы шамамен XIII ғасырдың 40-50 жылдарына сәйкес келеді. Әл Омаридің жазбасы бойынша: «Берке Моңғолиядан қайта оралғанда Бұхараға исламды қабылдау үшін соқты» деп жазады [3, с. 84]. Бұған қарағанда Берке 50 жылдары дінді қабылдаған болса, 60 жылдары өзге де саяси элита өкілдері де исламды ұстана бастаған. Берке хан ислам дінін ешкімге қысыммен таратпады, оның есесіне исламның Алтын Ордада кең қанат жаюына сопы шейхтарының миссионерлік қызметі басты себеп болды.

Жоғарыда келтірілген деректер бойынша Берке ханның ислам дінін қабылдауы билеуші әулетпен қатар биліктегі саяси элитада да мұсылмандық бағытқа өту кең тарады. Сол сияқты бұл үрдіс Дешті Қыпшақ даласында тыс қалмады. Ислам дінінің Дешті Қыпшақ даласында орнығуы, осы уақытқа дейін ықпалды саналып келген рухани құндылықтардан жоғарылай бастады.

Алтын Орда бір-біріне саяси, мәдени әрі діни тұрғыдан мүлдем ұқсамайтын Дешті Қыпшақ, Еділ Бұлғариясы, Қырым мен Солтүстік Кавказ сынды аумақтарды біріктіре алды. Осының нәтижесінде мемлекет кеңістігінде ислам, буддизм, христиан, шаманизм, буддизм, т.б. діни конфессиялар өмір сүруі заңдылық.

XIV–XV ғасырларда исламның жылдам қарқынмен таралуына дейінгі дүниетанымдық түсініктер, әдет-ғұрыптар Дешті Қыпшақ даласында маңызды рөл атқарды. Далада исламмен қатар Тәңір идеясы жалғасын таба берді. XIII ғасырдың ортасында Гильом де Рубрук: «Мен жақында қайтыс болған адамды көрдім. Оның айналасына төрт-төрттен он алты жылқы терісін іліп қойған. Одан өзге оның алдына қымыз ішуге әрі ет жеуге ыдыс тұр» [2, с. 110-118].

Моңғолдар қыпшақ аристократиясының ықпалын азайтқанымен, Қыпшақ даласында Тәңіршілдік сенімі дүниетанымнан ажырай қоймады. Бұл туралы түрік саяхатшысы Э. Челеби: «Шыңғыс хан дәуірінен бұл халықтар ханафилік және шафиғилік мәзхабтағы бір құдайға табынушы елге айналды. Бірақ бұлар мұсылманның сүннеттерін орындаумен қатар, қараңғылық пен адасуда қала берді» [3, с. 11]. Аталған деректерден бөлек, бұндай көзқарастар, тіпті, XIX ғасырдың өзінде айтылып жүрді. Бұдан шығатын қорытынды, демек, исламның Дешті Қыпшақ даласында таралуы өзге дін тараған аймақтардан мүлдем өзгеше. Далада ислам діні көшпелі түркі тайпаларының дүниетанымы мен әдет-ғұрыптарын жоя алмады, керісінше, қатар дамыды. Кей зерттеушілер Тәңір сенімі сол уақытта қалыптасқан діни жүйе болған, исламның енгізген бір құдай – Алла идеясының қабылдауына ықпалдасқан деп санайды.

Осылайша, жоғарыда келтірілген фактілерді Өзбек ханның XIV ғасырдың алғашқы ширегінде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялауына арқау болған саяси және әлеуметтік алғышарттар ретінде қарастыруға болады. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында, әлеуметтік-экономикалық дамуында ислам ықпалының рөлі күрт артып кетуіне келесідей факторлар себеп болды:

1. Алтын Ордада ислам дінінің таралуына бастапқыда мемлекеттің құрамында ислам өркениетінің ықпалы тараған аймақтардардың болуы себеп болды. Көшпелі мен отырықшы мәдениеттің синтезі ретінде дамып жатқан Хорезм, Еділ Бұлғариясы, Хорасан аймақтарының бөлігі Алтын Орда құрамында болуы процессті жеделдетті. Аталған аймақтарда исламның ошағы, қоғамдық институттардың қалыптасуы, қалалар мен қолөнердің, сауда мен мәдениеттің дамуындағы маңызы, тіпті, Алтын Орда мемлекет ретінде қалыптастай тұрғанда жоғары болған.

2. Исламды қабылдаудың сыртқы саяси алғышарттары Берке ханның кезінде қалыптасты. Жошы ұлысының мұсылман елдерімен жақындасу үрдісінің негізгі себебі ретінде XIII ғ. 60-жылдары Берке хан Қарақорыммен байланысты үзуге және Ұлы Қағанның ықпалынан шығуға деген ұмтылысынан көрініс берді. Мұсылман елдерімен дипломатиялық қатынастарды едәуір жеңілдеткен Берке ханның исламды қабылдауы мамлүктік Мысырмен сыртқы саяси одақтың негізі қалануына жол ашады. Осылайша, джучидтердің Күнгей Кавказды басып алуға деген ұмтылысы негізінде мамлүктің Мысырымен Хулагу ұлысына қарсы әскери-саяси одақ құрып, бұл өз кезегінде ислам елдерімен дипломатиялық, әскери және сауда байланыстарының кеңеюіне себеп болды.

3. Алтын Орданың мұсылман әлемімен сауда және мәдени байланыстардың кеңеюі сыртқы саясатының басым бағыты ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуымен де байланысты болды. Саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу халықаралық сауданың дамуына мүмкіндік беріп, оны қалпына келтіруді ұйымдастырушылар хорезм және бұлғарлық көпестер болады. Шығыс Еуропадан Күнгей Кавказ, Иран, Орта Азияға сауда жолдары Еділ бойына, Арал маңы мен Қара теңіз қалаларынан апаратын керуен жолдарымен қиылысты, бұл Жошы ұлысының көпестеріне өте тиімді сауда жүргізуге мүмкіндік берді.

4. Алтын Ордада қала өмірінің дамуы отырықшы жерлерде қираған жерлерді қалпына келтірмей, дала оазистерінде жаңа қалалар салу жолымен жүрді.

5. Жошы ұлысының сыртқы саяси векторы ретінде мұсылман елдеріне бағдарлануы, Берке ханның исламды қабылдауы аймақта ислам дінінің әлеуметтік базасының кеңеюіне әкелді. Хорезмнің, Еділ Бұлғариясының, төменгі Еділдің сауда және қолөнермен айналысатын тұрғындар ғана емес, сонымен бірге басқарушы топ, мұсылман ғалымдары, қалалардың дамуы мен сауданың пайдасын арттыруды көздеген моңғол ақсүйектерінің өкілдері исламның таралуына мүдделі болды.

XIV ғасырға дейін Алтын Ордада ислам дінінің ықпалы артып, саяси топтардың қолдауына ие болып, елдің көптеген бағыттарын қамтығанымен, мемлекеттік дәреже қабылданбады. Исламның толығымен әрі түпкілікті түрде мемлекеттің ресми дініне айналуы - Өзбек ханның билікке келуімен байланысты.

Деректерде Өзбек ханның Алтын Орданың хандық билігіне келуіне қатысты әртүрлі нұсқалар бар.

Олардың біріншісі - Шейх-Увейстың жазбасы: «Дешті Қыпшақта осы жылы (1303-1304) Тоқты хан қайтыс болған еді. Оның Елбасмыш атты баласы болды, оны әмір Кадак билікке қоюға мүдделі еді. Осы тұста Тоқтының қайтыс болуына Кадакты жазым етті» -дейді [2, с. 100].

Екінші нұсқа Эннувейриден жеткен. Ол бұл оқиғаларды сарай төңкерісі емес, діни қайшылықтан туындаған қақтығыс ретінде баға береді. Хафиз-и-Абрудың жазбасы бойынша діни қарама-қайшылықтан кейін өте ауыр жазаға кесілген 120 сарай басшылары мен Шыңғыс тұқымдарының ішінде Елбасмыш та бар дейді [1, с. 323]. Егер жаза кесілген Шыңғыс тұқымдарының мен басшыларының санына сараптама жасасақ, бұдан сарайда антиисламдық көзқараста қызмет атқарған топ өте көп болған.

Үшінші нұсқада Ибн Дукмак: «Тоқты өлер тұста оның артында ұрпағын жалғыстыратын ешкім қалған жоқ. Құтлық-Темір одан Өзбектің таққа келуін сұрады» дейді [2, с. 141].

Моңғол мемлекеттері секілді Алтын Ордада да мемлекеттік іс жүргізуде ұйғыр әліпбиін қолдану кең етек алды. Сарайда көптеген ұйғыр шенеуніктері мен дін ұстаздары өмір сүрді. Тоқты хан кезінде (1290-1312) олар үлкен құзыреттерге ие болды [1, с. 174]. Өзбек хан билікке келген тұстан бастап олар саяси қысым көріп, көпшілігі өлім жазасына кесілді.

Қазіргі таңда Өзбек ханның билікке қандай жолмен келгені нақты белгісіз, бірақ бір түсініктісі Өзбек ханды қолдаған мұсылман шейхтары мен саяси элитадағы топ өкілдері еді.

Шығыс деректеріне сүйенетін болсақ, Өзбек ханның тұсындағы идеологиялық реформалар оңайлықпен орындалған жоқ. Тіпті бұл іс репрессиялар мен қанды қақтығыстарға да алып келгендігі анық. Ән-Нувейри дерегінде «Оның (Өзбектің) мемлекетінде ислам дінін менсінбей, оны мойындамағандар бар еді. Ол оларға соғысты немесе дінді қабылдауды таңдауға бұйрық берді. Олар мұсылман болмаймыз деген соң, Өзбек оларға соғыс ашып, ұрып-соғуға бұйрық берді, аман-қалғандары қашуға мәжбүр болды [1, с. 163]. Ал, әл- Бирзали дерегінде «Өзбек хан өте мықты мұсылман және батыр. Ол бірнеше әмір мен дінсіздерді, ұйғырлардың көбісін, ламдар мен сиқыршыларды исламға кіргізді» делінеді [1, с. 174]. Дәл осындай ақпарат әл-Муффадал, аз-Захаби, Ибн Касир еңбектерінде де айтылады [1, с. 197] .

Өзбек ханның реформасының нәтижелерін араб тарихшылары бірдей бағалайды. Әл-Омари Жошы ұлысында Ислам діні қабылданған соң жағымды жақтарын былай деп хабарлайды: «Мұсылман дінін қабылдаған алғашқы хандардың бірі Берке, Жошының баласы, ал ол Шыңғысханның баласы. Содан кейін өңірде ерекше күн шығып, тек кейбір жағдайлар болмаса халықтардың бәрі жақсылыққа кенелді» [1, с. 234].

Ибн Касирдың айтуынша: «Өзбек хан ... мұсылман еді. Ол өз аумағында ислам дінін тарату туралы шешім қабылдап, оған сенімсіздік танытқан әмірлерді өлтірді. Мұхаммед заңы бәрінен де жоғары заңға айналды»[1, с. 277].

Американдық түрколог К.Г.Менгес өзінің жұмысында мынадай дәйек қалдырды: «Моңғолдар мен татарлар өз мәдениеттерін басқа жаулап алған халықтарға таратуға тырыспады. Моңғол шапқыншылығынан кейін Киев Русі мұсылмандандырылды, бірақ татарлар орыстарды мұсылман болуға қыстаған жоқ»[4]. Шыныменде, Алтын орда хандары оларға бағынышты христиандарға (орыстар, аландар, гагауыздар, Қырымдағы армяндарға) ислам дінін қабылдауға күш көрсетпеді. Алайда, несториандар мұсылман дінін қабылдауға мәжбүр болды, олар қарсы келсе, өлімге кесілер еді. Өзбек хан буддисттер мен шаманистерді де дінді мойындамағандары үшін өлтірткізгендігіне көзіміз жетеді.

Өзбек хан және оның баласы Жәнібек хан (1342–1357 тұсында мемлекет өзінің гүлдену мен даму шегіне жетті. «Ескендір анонимы» (Муин-ад-дин Натанзи) Жәнібектің Көк Ордадағы (нақтысы Ақ Орда) ислам дінін тарату деңгейін айтады. Жәнібек хан сол аумақта көптеп медресе, мешіттерді салдырып, діни тұлғаларды тартып, ғылымның дамуына үлес қосты [2, с. 128]. «Ол (Жәнібек) пейілі таза мұсылман еді» [1, с. 146]. Д.М.Исаховтың айтуынша, Жәнібек әкесіне қарағанда исламдануға көңілін бөлді [5].

Мемлекетке ислам дінінің белді өкілдері әр жақтан келе бастады. «Мелик Ашрефтың кетуіне байланысты, Тебриз, Серах, Ардебил, Байлекан, Берд, Нахечиван аумақтарын көптеп қожалар қоныс аударды. Зейн Ад Динның айтуынша, «Мухьи-д-дин Бердаи қажы Сара Беркеге қоныс аударып, ислам дінінің дамуына үлес қосып, танылды» [2, с. 101].

Ираннан Еділ аймағына шиіттердің қоныс аударғандығын назарда ұстауымыз қажет. Бірақ, бұл жағдай Жошы ұлысында аса текетірес тудырмады. Соған қарағанда, сол кезеңде шиіттер мен сүнниттер өзара жақсы қарым-қатынаста болды. Ибн Баттута деректерінде Алтын Орда тұрғындарының сүнниттер және ханафи мазғабынан болғандығын біле аламыз [1, с. 310] .

Бірақ, шын мәнінде Жошы ұлысының түркі халықтары арасында Яссауи тариқатының рөлінің жоғары болғандығы анық. Кубравийа тариқаты алғашқыда Орта Азияның отырықшы халықтарында маңызға ие болды. [6, р. 138].

XII-XIII ғғ. деректерде білім алушылар бір шейхтан екіншіге білім іздеп ауысқандығын байқай аламыз. Сол себептенде XIV ғ. тариқаттар туралы айтқанда тек бірнеше сопылық бағыттарды ғана атаған жөн. XVI ғ. Шайбанидтердің яғни Яссауи тариқатын ұстанушылар бұл бағыттың Орта Азияда белең алуына жол ашты. Осы жайт жайында Саид Атаның ұрпағы Мухаммад Касима Ризванның 1626 жылы аяқталған «Манакиб ал-ахйар» (басқа атауы– «Макамат-и Саййид Ата-и») дерегінде айтылады.

Жалпы Девин Де Виздың айтуынша Нақшбандийа тариқатының негізінде жазылған жұмыс және сол кезеңде (XVII ғ.) ол өте үлкен рухани ықпалға ие болды. Себебі, ең соңғыс сопылық тариқат туралы көлемді ақпаратты жеткізді.

Моңғолдар Еуразия даласында тарих сахнасында көтерілген тұста, олармен бір кезеңде ықпалды өркениеттер өмір сүріп жатты. Моңғолдар алғашында мемлекет саясатына қарса келмейінше діни төзімділк танытып келді. Бірақ діни сенім таңдау саяси элита дәрежесіне көтерілген тұста діни ахуал шиеленісіп кетті. Алтын Ордада ислам дінінің таралуы көшпелі өркениеттің қайта өрлеуі болды. Ұлыста ерте кезден Хорезм, Еділ Бұлғариясы аймақтарында исламизация үдерісі жоғарғы деңгейде болуы мемлекеттік дін мәртебесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

Алтын Ордада ислам діні Өзбек хан мемлекеттік дін ретінде жарияланды деп түсініу қате тұжырым. Бұл Жошы Ұлысы мен Дешті Қыпшақ даласында бірнеше ғасыр бойы жалғасын тапқан үдерістердің заңды нәтижесі еді. Осының Алтын Ордада ислам діні тек саяси элитадан ғана емес, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси қатынастарын айқындаушы факторлардың негізі болды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. I. СПб., 1884.

2. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. II. СПб., 1884.

3. Малов Н. М., Малышев А. Б., Ракушин А. И. Религии в Золотой Орде. Саратов, 1998

4. Менгес К.Г. Восточные элементы в «Слове о полку Игореве». – Л., 1979. – С. 68.

5. Исхаков Д.М. О дате принятия ислама в Улусе Джучи при хане Узбеке // Урал-Алтай: через века в будущее: Материалы V Всерос. тюркологич. конф., посвященной 80-летию Института истории, языка и литературы Уфимского научного центра РАН. – Уфа, 2012. – С. 168.

6. DeWeese D. Islamization and Native religion in the Golden Horde. Baba Tükles and Conversion to Islamin historical and Epic Tradition. Pennsylvania State University Press, University Park. – Pennsylvania, 1994.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!