Материалдар / "Ана- әлемдегі ең жақсы сөз" сыныптан тыс шара бастауыш сыныптар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ана- әлемдегі ең жақсы сөз" сыныптан тыс шара бастауыш сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды 8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілікте пайдалануға болады. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай құрылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Тамыз 2019
1561
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: «Ана – әлемдегі ең жақсы сөз»
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу 
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер , гүлдер, шарлар, суреттер
Сабақтың барысы: 
І жүргізуші: 
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің 
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы 
Сейілмесін жанарынан ананың 
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы 
Аялайық аналарды әрдайым 
Қуанышқа бөлейікші өздерін 
Әжелердің,аналардың,қыздардың 
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін 
Аяулы аналарымызды ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: 

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, 
І жүргізуші: 

Аяулы аналар!!!  Арулар! 
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. 
ІІ жүргізуші: 
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, 
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес!

І жүргізуші: 
Той пердесін ашайық 
Аналарды құрметтеп 
Ән маржанын шашайық 
Аманбаева Жаннур «Анашым- Әкешім»

ІІ жүргізуші: 
Құтты болсын ардақты анам 
Асыл анам мерекең 
Құтты болсын ұстаздарым 
Қуанышты берекең 
І жүргізуші: 
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. 
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. 
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды. 
ІІ жүргізуші: 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы әже тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,

«Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар. Габдушева Асем
І жүргізуші: 
-Менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой. 
ІІ жүргізуші: 
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен? 
І жүргізуші: 
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. 

Ортада сынып қыздары көңілді билерімен.


І жүргізуші: 
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. 
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты. 
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді 
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. 
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір ер адам жоқ. 
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. 
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті. 
ІІ жүргізуші: 
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. 
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. 

Жүрекке адалдыктың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Аяулы аналарға шын көңілден

Жолдаймыз алғыспенен сәлем бүгін

«Ұлдар» биі



ІІ жүргізуші: 

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!


-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар! 


1-жүргізуші: Ана баланы көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!