«Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық» (Мерекелік іс-шараның сценарийі) 8-наурыз сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық» (Мерекелік іс-шараның сценарийі) 8-наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық» (Мерекелік іс-шараның сценарийі) 8-наурыз сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры









«Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық»


(Мерекелік іс-шараның сценарийі)

































«Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық»



(Мерекелік іс-шараның сценарийі)

Іс-шараның мақсаты:

Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлін айқындап, аяулы аналарға қуаныш сыйлау. Әріптестердің ізгі ниетін ұстаздарға көрсету.

(Мерекелік ән кешінің ашылуын білдіретін музыка үні қойылады)

І-жүргізуші:

Көкпеңбек дала, туымдай асқақ көгілдір,

Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр.

Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,

Жадырап қалған көңілді күндей өңір бұл.



Армысыздар, аяулы ұстаздар, қырмызы қыздар, білім көшін ілгері жылжытып жүрген әріптестер! Барлығымыз асыға күткен көктемнің тамаша мерекелерінің бірі «Аналар күні» келіп жетті. Бұл-бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Аяулы аналарымыздың, гүл қыздарымыздың, әріптестеріміздің құрметіне, аналар мерекесіне орай «Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық» тақырыбымен ұйымдастырылып отырған мерекелік іс-шарамызға қош келіпсіздер!


Хор: (----------- бірлесуімен «Ана» туралы ән айтылады)


І-жүргізуші:

Әлемдегі ең асыл жан ол-Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару-көңілдің гүлі, Ару-өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.





І-жүргізуші:

Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде егеменді Қазақстан бар, оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Біздің білім көкжиегіндегі сенімімізді нығайтып, жарқын болашаққа жол сілтеп жүрген мектебіміздің көшбасшысы ----------------- және аға буын ұстаздарымызға сөз кезегін беріп, мерекелік ізгі тілегін тыңдау үшін қошеметпен сахна төріне шақырамыз!



І-жүргізуші:

Келді көктем, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып жайнайды әлем паң күліп.

Жақсылықтардың жаршысы болған арулар

Сіз өмірімнің көктеміндейсіз мәңгілік.


І-жүргізуші:

Арулар-аяулылар, ардақтылар,

Өмірге тірек болып қалмақ бұлар.

Арулар-тіршілікке күре тамыр,
Өмірді келешекке жалғап тұрар.



І-жүргізуші:

Сіздер-күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер-өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер-ана, сіздер-жар, сіздер-қыздар,

Сіздер-жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


І-жүргізуші:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз,

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз,

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.


ІІ-жүргізуші:

Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Сау-саламатта болыңыздар!
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі