Материалдар / Ана өмір гүлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ана өмір гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешлерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2018
317
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Ана – өмір гүлі!»Мақсаты:Балаларға 8 –наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.(Әсем безендірілген зал. «Апатайым- анашым!» әнімен қол ұстасып билеп кіреді.)Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аяулы аналар, апайлар!«Ақсұңқар» тобының бүлдіршіндері өткізгелі отырған «Ана – өмір гүлі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 – наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!Бала , бала, бала деп,Түнде шошып оянғанТүн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған.Бұл кім?Балалар: Ана, ана, ана!Жүргізуші: -Қанекей балалар аналарымызға тақпақ айтып берейік.Серік:1.Жылдың басы Наурыз,Жердің басы Наурыз.Мерекеге арналсын,Бүгінгі жыр әніміз.Ұлжан:2. Анамыздың мерекесі Келіп қалды жақындапКөңілін қалай тапсам депОйлап жүрем күн-түні.Айзере:3.Ананы мен жаксы көремін,Ана шаттық, бақыт береді.Анаменен барлық адам,Бақытты болып жүреді.Айзада: 4.Әжем ұйықтар алдында,Ертегі айтып береді,Еркелеп ойнап жатқандаЫлғи ұйықтап қаламын.Мейіржан.5.Қарды ерітіп жылғасы,Наурыз келді жыл басы.Шуақ төкті жарық күн,Мейрамында халықтың.Жүргізуші: -Ал енді бәріміз бірге аналарымызды құттықтайық!Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»Тәрбиеші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,Бишілер билеп кетті тербетіле,Аққудай қалықтанған теңіздегі.Бишілер өнерлерін көрсетуде.Би: ВалесьТәрбиеші: «Қуыршақ» әнімен Сүйіндік Шұғыла Жарылғап Айзере шығады. Қошеметтеп, қол соғып отырыңыздар, құрметті қонақтар!Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем музыка ырғағымен кіріп келеді. Көктем: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен кіммін? Сендер мені таныдыңдар ма? Балалар: Иә, көктем.Жүргізуші: Амансың ба , Ару көктем? Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер. Көктем: Көктем ерекшеліктері қандай? Кім айтады?Балалар:Қар ери бастайды, құстар жылы жақтан ұшып келеді, бәйшешек шығады.Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр-деп гүлдерді таратады. Осылай гүлдей құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.Шұғыла: .Біз доспыз гүлдермен,Текке оны жұлмаймыз.Той күні бір-бірденАналарға сыйлаймыз.Олжас:.Бүгін Наурыздың сегізіСұлулықтың егізіӘдемі сөз адамныңАнаға айтар лебізі.Ару: Жере берсен қасындаӘйбат анам, әй анам«Ботам» деген даусыңнанМен мәз боп оянам.Азиза: Анамды мен жақсы көремАйтқан тілін алып жүремҚасымда апам жүргендеШаттанып ойнап күлем.Дария: Әжем менің әйбат.Ешкім оған жетпейді.Күн бойы бірге ойнап,Жаныммен бірге кетпейді.Райымбек:Сендей болса бар адам,Шаттық кетпес баладан.Көктем: Жарайсыңдар. Қандай жақсы тақпақтар.Жүргізуші:-Міне керемет, жігіттер!Арландай , тарландай, біздің жігіттер! Би: «Жігіттер»Сюрприздік сәт:Қуыршақ келеді.Қуыршақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер мені таныдыңыздар ма?Балалар: Қуыршақсың біз ойнайтын.Қуыршақ: Дұрыс айтасыңдар. Мен қайда келдім, Сендерде қандай мереке болып жатыр? Бәрің әдемі киінгенсіңдер. Балалар: Бізде аналар мерекесі.Қуыршақ: «Аналар мерекесі» ол не ? Оны немен жейді? Ол тәтті ме?Балалар: Ол тәтті бірақ оны жеуге болмайды.Қуыршақ: Балалар тек мен ойынды жақсы көремін.Тәрбиеші: Қуыршақ сен біздің мерекемізде қал. Бізбен бірге ойын ойна, және біздің балалар ана сөзінің мағынасын түсіндіретін болады.Тәрбиеші : Балалар менің қолымдағы не?Балалар: Қолшатыр.Тәрбиеші: Осы қол шатырмен бір ойын ойнағыларың келе ма?Балалар: ИаТәрбиеші: Олай болса мерекеміз қызық болсын – деп, бір ойын ойнап алайық. Қазір мен қол шатырды мында қоямын. Кім ойын ойнағысы келіп отыр қолдарын көтерсін.Ойын:Қол шатыр кімге тиеді?Шарты: Музыка қосылған кезде, қол шатырды айнала билейді, музыка тоқтағанда қолшатырды қолымызға аламыз, кімде қол шатыр жоқ сол ойыннан шығып отырады.Тәрбиеші: Мың бұралып билеген,Аруды кім сүймеген.Күміс көмей аруларға,Кімдер басын имеген – дей отырып келесі кезекті қыздардың орындауындағы «Қамажай» биіне береміз.Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар,Өнерлі ғой баршасы,Міне осындай қойылым,Көрсетті «Еркемай» балабақшасы.Ән: Ақ мамамТәрбиеші: Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Ақсұңқар» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әр қашан аман болсын.





















































МКҚК «Еркемай» балабақшасы







Бекітілді__________________Балабақша әдіскері: Темірова Н.











Орындаған: Түселбай М











































































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!