Материалдар / Ана тілдің айбыны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ана тілдің айбыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі - өте бай,айтылуы орымды,ең көркем тіл. Тіл - адамның рухани байланыс, қарым- қатынас құралы. Өнер- білімді , мәдениетті тіл арқылы үйренеміз. Ал, тіл байлығын игеру - ана тілін жетік менгерген, оны құрметтейтін, мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейтіп, дамуына үлес қосу-әрбір адамның парызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2022
174
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Молдашева Жанар Уразгалиевна Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті № 22 жалпы орта білім беретін мектептің мемлекеттік тіл пәні мұғалімі

Жетістіктер :

І дәрежелі диплом Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына орай «Ұлы даланың дара ұстазы» атты Республикалық қашықтвқ олимпиадасы

І дәрежелі диплом»Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырған қазақ тілінде оқвтпайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасындағы блиц-турнир

Аудандық ІІ орын Қазақстан Республикасы Призеденті Н,Ә,Назарбаевтың,,Ұлы даланының жеті қыры,,атты мақаласының тапсырмаларын орындау мақсатындағы ,,Егемен елдің еңселі ұстаздары,,атты физтиваліне қатысқаным үшін

I дәрежелі диплом «Ұстаз тілегі»Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырған «Ең үздік бағдарлама»

Бас жүлде Қазақстан Реслубликасы «Өнеге»интеллектуалды білім порталының қашықтықтан өткізген «Ұстаз өнері»байқауына өз шығармамды жариялап Бас жүлдеге ие болдым

«Құрмет грамотасы»SanaEducation Интеллетуылды білім портплының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Абай әлемі» байқауына шәкірттерін баптап,ат салысқан үшін

«Алғыс хат» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілген онлайын «Ашық есік» күніне қатысып кәсіби бағдар беру жұмысына белсенділік танытқан үшін.



«АНА ТІЛДІҢ АЙБЫНЫ»


«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте»


«Қ. Мырзағалиев»

Қазақ тілі - өте бай,айтылуы орымды,ең көркем тіл. Тіл - адамның рухани байланыс, қарым- қатынас құралы. Өнер- білімді , мәдениетті тіл арқылы үйренеміз. Ал, тіл байлығын игеру - ана тілін жетік менгерген, оны құрметтейтін, мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейтіп, дамуына үлес қосу-әрбір адамның парызы

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: "Тіл байлығы - елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениеттін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін корсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері "-деп айқын көрсете білген. Ата-бабамыздан қалған, "қанша тілді білсен, сонша байсың" деген сөзі бар. Әрине, дұрыс, дегенмен, өзге тілді білемін деп жүрсенде өз туған тілімізді ұмытып, көз жазып қалмауға тиіспіз.

Қазақ елі- көпұлтты мемлекет, біртұтас ел ретінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, сонымен бірге, өзге халықтар тіліне аса зор құрмет көрсетуді бағыттап отыр. Осы қөзқарасты ұрпақ санасына сіңіріп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда. Тәуелсіздіктің тірегі- ұлттық тіл, ол -қасиетті.

Тіл - әрбір ұлттың аса игілікті әрі өзіне ғана тән ерекше белгісі. Тарихпен бірге өсіп, дамиды, әр ұлттық тілі-оның бақыты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: " Мемлекеттің ең басты дүниесі тек байлық емес ,сонымен қатар, ана тіліміздің болашағы" деген болатын.

Ғұлама ғалым А.Байтұрсынов: "Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады" деген пікірінде терең ой жатыр. Әлемді жаулап алушы елдердің озбырлығынан қаншама тіл жоғалды, жоғалуға аз қалды. Қазіргі жаһандану дәуірінде де аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға күш салуда .

Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес , қазақ жерінде тұратын өзге елдердің, ұлт өкілдерінің тілін сақтап қалуға барынша жағдай жасап отыр . Елбасымыздың 22-қыркүйекті "Қазақстан халықтарының тілдері күні " деп жариялауы да өзге елдер тіліне деген құрметін көрсетеді."Өз тілің-бірлік үшін, өзге тілің-тірлік үшін" деген халық мақалы тілдің халықаралық қатынас құралы ретінде маңызды құрал екенін дәлелдейді

Сондықтан, ұрпағымыз ана тілімен қатар өзге ел тілін меңгеріп жатса , осынау жаһандану дәуіріне сай тұлға болып қалыптасады. Оқу бағдарламасында арнайы тілдік дағдыларды меңгеруін енгізгені -тіл саясатын жан-жақты жүзеге асыруға арналған қадамдар болып саналады.

Тіл түзелмей , қоғам түзелмейді, мемлекеттің де ұлттың да болашағы күңгірт болмақ. Еліміздің қоғамдық-рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын қарқынды дамыту қажет.

Қазақ елінде тәрбие тілден бастау алып , рухани құндылықтарға бет бұру-бүгінгі күннің басты талабы. Өз тілімізді дәріптеп , өзге тілді құрметтеуге оқушыларды тәрбиелеу аса қасиетті ұлттық құндылық ретінде олардың бойына сіңіру қажет. Қазақстан Республикасының "Тіл туралы " заңында : "Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі " - деп айқын жазылған. "Қанша тіл білсең, өзгеден сонша биіксің" дегендей , еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі де тіл саясатына тікелей байланысты

Иә, мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясы барған сайын кеңейіп келеді. "Еліңді сұраса - тарихыңды айт. Оны білмесең,тамыры жоқ тас екенсің. Әркімнің аузынан қалған қағидасын айт" деген шежіреші Әлиасқар Байғұтұлы. Ана тілін білмеген қазақи мінездің қадірін кетіреді деген орынды пікір айтқаны, Мәңгілік ел болуға мұрат еткен ел тілегін білдіреді.

XVIII -XIX ғасырда өмір сүрген италяндық полиглот Джузуппе Меццофанти 39 тілде еркін сөйлеген. Бір қызығы Италиядан өзге елге саяхаттап көрмеген.

Осы ақпарат талайға ой салады деп ойлаймын. Туған жерінің қадір- қасиеті , тілінің өзге тілден биік тұрған мәртебесін сезінген әрбір оқырман өз тілінің сарқылмас байлығы мен қазынасы екенін ұғынады

Тегіміздің тегін еместігі, тіліміздің жасампаз екені ақиқат. Осы ұлы мақсаттар жолында біз, ұстаздар, бар біліміміз бен күш- жігерімізді ұрпақ тәрбиесіне арнасақ, қазақ елі-Мәңгілік Елге ,қазақ тілі-әлемдік тілге айналары хақ.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!