Материалдар / Ана тілім- айбыным
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ана тілім- айбыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Ширату жаттығулары. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. «Он сұрақ» әдісі. ҚБ. «Мадақтау» Топтастыру. «Пазлдар құрастыру». Ана тілі туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді құрастырып, топтасады. ҚБ. «Жарайсыңдар» «Кір жаю» әдісі. Үй тапсырмасын сұрау. «Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» өткен тақырып бойынша жазылған сұрақтарға жауап береді. ҚБ. «Бағдаршам» Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Әли ақынның «Ана тілің – арың бұл» өлеңін тыңдату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2018
1852
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ ЖОСПАРЫ

ҰМЖ тарауы. Ұлттық және отбасылық құндылықтарМектеп: №33 орта мектеп
Күні: Оқытушының аты-жөні: Тайшаева Самал Бекмұратқызы
Сынып: 6Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы:Ана тілім- айбыным
Оқу мақсаты:Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар:Ана тілінің ұлттық құндылық екенін біледі. Дайын тіркестер мен терминдерді қолдана отырып диалогке қатыса алады


Оқушылардың басым бөлігі:Коммуникативтік жағдайға сай диалогке қатысады. Мәтінге түзету және редакция жасайды.


Кейбір оқушылар: Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестерді қолданып диалогте өз ойын анық жеткізе алады, сыныптастарының пікірін түзетіп, редакциялайды
Ойлау деңгейі:Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі: 1.Диалогтік қарым-қатынаста ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады2.Диалогке қатысып, ойын анық жеткізе алады3.Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, редакциялай алады
Тілдік мақсат: Оқушылар: Ана тілінің ұлттық құндылық екенін біледі, диалогке қатысады, пунктуациялық және орфографиялық қателерді түзетіп, редакциялайды


Негізгі сөздер мен тіркестер:Ана тілі – родной язык - native languageҰлттық тіл - национальный язык - national language Мемлекеттік тіл - государственный язык - official language


Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестерҰлттық тіл, ұлттық құндылық,


Талдауға арналған сұрақтар:Неліктен ана тілді ұлттық құндылықтар қатарына жатқызамыз?
Құндылықтарға баулу:Сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілікті сезіну, өзгелердің пікіріне құрметпен қарау, қарым-қатынас жасау қабілеті.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет. Қадыр Мырза Әли «Ана тілің – арың бұл». Өзін-өзі тану
Тақырып бойынша алдыңғы білім:Ана тілінің қызметі, «Тіл туралы» заңның ана тілі туралы тармақтарын біледі
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдеріЖоспарланған әрекеттерРесурстар
Сабақ басы7 мин2мин





1 мин





4мин
Ширату жаттығулары. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. «Он сұрақ» әдісі. ҚБ. «Мадақтау»

Топтастыру. «Пазлдар құрастыру». Ана тілі туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді құрастырып, топтасады.ҚБ. «Жарайсыңдар»

«Кір жаю» әдісі. Үй тапсырмасын сұрау. «Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» өткен тақырып бойынша жазылған сұрақтарға жауап береді. ҚБ. «Бағдаршам»

Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Әли ақынның «Ана тілің – арың бұл» өлеңін тыңдату.

Сабақтық тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін хабарланады.




Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жазылған пазлдар

АКТ мүмкіндіктері Аудиомәтін
Сабақ ортасы29 мин

3 мин

































7 мин





















5 мин





























5мин





























7мин



















2мин
Мағынаны тану. Оқушылар берілген сурет бойынша ресми сөздер мен дайын тіркестерді қатыстыра отырып өз ойларын айтады.



ҚБ. «Басбармақ»

ТЖ. «Әдеби үйірме» әдісі. Оқулықта берілген мәтін мазмұнымен танысады.

Баяндап беруші – өз ойына сүйене отырып, мазмұнын дайындайдыЗерттеуші – басты оқиғаны жан-жақты меңгері және сипаттауСұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын сұрақтар құрастырадыСілтеме табушы – мәтіннің тақырыбын ашатын немесе құптайтын афоризмдер мен мақал-мәтелдер табу

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



ЖЖ. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі. Төмендегі сөйлемдерді негізге ала отырып, «Тіл – ұлттық құндылық» тақырыбында диалог құрастыру.

  • Ұлттық тіл – халық тарихының куәгері, ұлттық руханияттың ажырамас бір бөлігі.
  • Тіл – адамзат баласының өткен өмір жолын, бүгінгі дамуынының жарқын бейнесін әлемнің шексіздігімен сабақтастықта көрсететін ғажайып құбылыс.


  • ҚБ. Дескриптор арқылы

    Кері байланыс. - Бір-бірлеріңмен пікір алмасу ұнадыма?- Тақырыпты талқылауда өзіңе қажетті қандай ақпарат алдың?

    Ж. «Шатастырылған логикалық тізбек» әдісі. Берілген өлең жолдарындағы орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сәйкес түзету жүргізу.

    Көгінде күн нұрын төккен?!Жерінде гүл жұбар себкенНеткен сұлу – неткен көргем,Осы менің туған өлкемЕр ембегі шалқып – тасқан,Ел еркіндей бағыт табқанНеткен сұлу, кеткен көргемОсы менің туған өлкем.(Ө.Тұрманжанов)

    ҚБ. Дескриптор арқылы бағалау

    «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында төмендегі сөйлемдерді негізге ала отырып жинақы мәтін жазу.

  • Отанға қызмет ету – біздің парызымыз.
  • Елін, жерін сүйген адамды патриот деп атайды.
  • Ана тілін ардақтайық!
  • Туған тарих – өткеннің белгісі.
  • Салт-дәстүр – ұлттық құндылықтардың бірі


  • ҚБ. «Алақан-жұдырық»

    «Соңғы сөзі мен айтайын» әдісі. Бүгінгі тақырып бойынша өзіндік қорытынды ойларын айтады
    АКТ мүмкіндіктерін пайдалану



















    Б.Әрінова, Г.Раева «Қазақ тілі» 6-сынып. Алматы «Атамұра»









































    Орфографиялық сөздік
    Сабақ соңы4мин

    3 мин



    1 мин

    Рефлексия. «Тоғыз ромб» әдісі. Бүгінгі сабақтан алған ең маңызды ақпараттары мен маңызды емес ақпараттарын жазады.

    Үйге тапсырма: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысу, негізгі ақпараттарды жазып келу.






    Қосымша ақпарат
    Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?Денсаулық және қауіпсіздік ережелері Қауіпсіздік сақтау ережесі
    1.Топтық , жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асады.2.Барлық оқушылар ана тілінің ұлттық құндылық екенін біледі.Оқушылардың көпшілігі коммуникативтік жағдайға сай диалогке қатысады.Кейбір оқушылар ресми сөздер мен тіркестерді қолданып, диалогте өз ойын анық жеткізеді. 3.ОМ-на жету үшін «Әдеби үйірме» әдісі бойынша қабілеті жоғары оқушыларға шығармаға өзіндік көзқарастарын айтуға мүмкіндік беріледі.3. Өзінідік ой қорытындысын жасау үшін жинақы мәтін жазуға тапсырма беріледі1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» қалыптастырушы бағалауы бойынша жетістіктері айқындалады.3.Оқушылар өз-өздерін «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Алақан-жұдырық» әдістері арқылы бағалайды.3. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады4. «Тоғыз ромб» әдісі арқылы кері байланыс жасалады.АКТ мүмкіндіктерін пайдалануда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау
    Жоспарлаудағы рефлексияСабақ мақсаттары/ оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді?Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?Мен өз сабақ жоспарымды SMART өлшемдеріне сай негіздедім. Оқу мақсаттары жүзеге асырылады.Топқа, жұпқа бөліп оқыту өз мәнінде жүзеге асады. Оқушылар сабақ барысында тақырыпты меңгеріп, жеке жұмыстар жасап өз қабілеттерінің деңгейін анықтай алады.
    Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз ( оқытуға және үйренуге қатысты)1: Оқу мақсатымды дұрыс, нақты таңдай алдым2: Жұптық жұмыс. Оқушылар арасында диалог құрастыру, бір-бірлірімен пікір алмасу

    Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ( оқытуға және үйренуге қатысты)1: «Әдеби үйірме» әдісі. Оқушылар топта ынтымақтаса жұмыс жасайды, пікір алмасады.

    2: Берілген тақырып негізінде жинақы мәтін жазу. Берілген тақырып пен өз ойын байланыстыра отырып жинақы мәтін жазады.

    Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?1: Сабаққа негізделген оқу мақсатын нақты таңдау2: Оқушылардың білімін дескриптор арқылы бағалау
    Ықшам сабақ ықпалы: Әріптестермен талқылау барысында саралау тапсырмаларын жасауда кеңес алдым. Сонымен бірге оқу мақсаты мен сабақ мақсатының сәйкестігінде түсінбеушіліктер болды. Әдісті көп пайдалану емес, тиімді әдістерді пайдалану керек екенін түсіндім. Тақырып мазмұнына сай құндылықтарды жоспарлауда басшылыққа алу қажеттілігін білдім. Осы жұмыстарды орындау барысында әріптестерімнің қолдауы маған демеу болды. Оқу мақсаты бағалау критерийлерін жазуда үйлесімділік таппаған кезеңдері болды, дегенмен, тренермен және топта талқылау барысында бағалау критерийлері мен дескриптор құруды және сабақтастыруды үйрендім.














































    Тапсырма 1.Төмендегі сөйлемдерді негізге ала отырып, «Тіл – ұлттық құндылық» тақырыбында диалог құрастырыңдар.
    • Ұлттық тіл – халық тарихының куәгері, ұлттық руханияттың ажырамас бір бөлігі.
    • Тіл – адамзат баласының өткен өмір жолын, бүгінгі дамуынының жарқын бейнесін әлемнің шексіздігімен сабақтастықта көрсететін ғажайып құбылыс.
    Тапсырма 2. Берілген өлең жолдарындағы орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сәйкес түзету жүргізу.Көгінде күн нұрын төккен?!Жерінде гүл жұбар себкенНеткен сұлу – неткен көргем,Осы менің туған өлкемЕр ембегі шалқып – тасқан,Ел еркіндей бағыт табқанНеткен сұлу, кеткен көргемОсы менің туған өлкем.(Ө.Тұрманжанов)

    Бағалау критерийіДескриптор
    1.Диалогтік қарым-қатынаста ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады

    Өз ойын анық жеткізуде ресми сөздер мен сөз тіркестерін қолданады


    Диалогтік қарым-қатынаста дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады


    Диалогтік қарым-қатынаста дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолдана алмайды
    2.Диалогке қатысып, ойын анық жеткізе алады

    Диалогтік қарым-қатынасқа түсе аладыОйын анық жеткізе алады
    3.Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, редакциялай аладыБерілген өлең тармақтарынан орфографиялық және пунктуациялық қателерді табады


    Берілген өлең тармақтарынан орфографиялық және пунктуациялық қателерді таба алмайды


    Өлең жолынан табылған қателерді емле ережелеріне сай түзету жасайды


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!