Материалдар / аналар мерекесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2019
374
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерекелік ертеңгілік сценарийі


Тақырыбы: «Наурыз ел ішін аралап жүр»

Мақсаты: Қазақ халқының Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдерін көрсете отырып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлтжандылық сезімін ояту. Ұлттық дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Киіз үй, нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, бесік, бесіктің жабдықтары.

Барысы:

Зал мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар» күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарламалық жерге орындарына келіп тұрады.

Жүргізуші:

Армысыңдар қадірлі халайық!

Ақ қар кетіп, қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп,

Шаруаның бұл кенелген,

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл Наурыз!

Құрметті қонақтар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер және балабақша ұжымы!

Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,

Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер-азамат,

Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін! – дегендей, Наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын! «Шағала» ІІ-кіші тобында өткелі отырған «Наурыз ел ішін аралап жүр» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Қадірменді халайық, бүлдіршіндеріміздің әдемі жыр шашуы бар екен, қане қошеметпен қарсы алайық!

Ән: «Зеңгір көктен»

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Киіз үйде дастархан басында әжелер отырады.

(Залға бала жүгіріп кіреді) :

-Сүйінші, сүйінші, сүйінші!

Жүргізуші: Айтпақшы, бүгін Жұмагүл әжейдің үйінде Бесік тойы болады деп естідім. Ендеше бекер отырмайық, қызықтан құр қалмайық . Бәріміз бірге барып Бесікке салу рәсімін тамашалайық.

Бесікке салу – нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл үйдің әйелдері шашуын, жол жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әжеге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы да бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен тәтті үйлестіреді. Бесікті отпен аластап, бесікке бөлейді. Бесікке салған әжелерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп баланың ер жетуіне ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.



Би:

Жүргізуші: Балалар, қар еріп, жер көгерді. Күн жылынып, мал төлдеп, ақ түйенін қарны жарылған күн туды. Бұл күні күн мен түн теңеліп, адамдардың ауызы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.

Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні, Ұлыс күні» деп атаған.

Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтан өз ұлтымыздың салт-дәстүрлерін айтпай кетпеске болмас. Бүгін біздер бесікке салу рәсімін тамашалайтын боламыз.



  1. Асхат:

Кел, балалар, келіңдер!

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Ойынға әбден тойыңдар.

  1. Ә.Көркем:

Көктем тойы – әніміз,

Көктем өнер сәніміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.

  1. Жанбота:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

  1. Санжар:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

  1. София:

Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды болып мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

  1. Амир:

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі,

Наурыз көже береді.

  1. Аяжан:

Наурыз тойы – салтанат,

Наурыз тойы – мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.





  1. Іңкәр:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтмаыз таласа.

Апам, атам той тойлап,

Қуанып жүр балаша.

  1. Т.Көркем:

Армысыздар, халайық!

Әр кез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып,

Жылда қарсы алайық.

  1. Бекзат:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Көже дәмін татыңыз.

  1. Айдаржан:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

  1. Айлана:

Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.

  1. Эльба:

Наурыз тойын тойлайық,

Ойнымызды ойнайық,

Наурыз біздің жаң жыл.

  1. Нұрхан:

Уа, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

  1. Ислам:

Құтты болсын наурыз,

Бейбітшілік сақтауда,

Болмасын еш дауымыз.




  1. Алихан:

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі дәм салды.

  1. Дильназ:

Бақта бұлбұл сайрасын,

Сәнді көктем нұрымен.

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.


  1. Ерхан:

Көктем, көктем көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз

  1. Нұрәлі:

Наурыз келді тамаша,

Ән салайық жараса.






























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!