Түркістан
облысы
Кентау
қаласы
МКҚК «Дәуір» бөбекжай –
балабақшасы
Әдіскер: Паримбетова Айсулу
Досмахамбетовна
2020
жыл
Мазмұны
-
Кіріспе
бөлім.
-
«Өзін – өзі тану» пәніндегі
бес құндылық мақсаты.
-
«Өзін – өзі тану» пәні бойынша
балабақшада жүргізілген жұмыстар.
Тақырыбы: «Балалардың жас
ерекшелігін ескере отыра мектепке дейінгі ұйымдарда өзін өзі тану
бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану үшін жалпыадамзаттық
құндылықтар атап айтар болсақ,Ақиқат, Махаббат,Ішкі тыныштық, Дұрыс
әрекет,Шындық,Қиянат келтірмеу бағытындағы
әңгімелер,аңыздар,оқиғалардың топтамасын жасау. Әдіскер ретінде
қорытынды жасау.
-
Кіріспе
бөлім.
Идеяның авторы : Қазақстан
Республикасының Бірінші Ханымы Назарбаева Сара Алпысқызы. «Өзін –
өзі тану» пәні «Бөбек» қорының төрайымы Сара Алпысқызы
Назарбаеваның бастамасымен өмірге келіп,
2001 – 2002 оқу жылында Алматы
қаласындағы балабақшалар мен мектептерде жеке сабақ ретінде
өткізіле бастады. 2002 – 2003 жылдан бастап бұл пәнді Отанымыздың
барлық аймақтарында эксперементалдық алаңдарда жүргізу қолға
алынды.
2010 – 2011 оқу жылынан бастап
«Өзін – өзі тану» пәні жеке пән ретінде мектеп бағдарламасына
енгізіліп жүргізілуде.
Жалпы «Өзін – өзі тану»
пәнінің мақсаты:
-
«Өзін-өзі тану» пәні
тәрбиешілерінің жаңа мазмұндағы курс барысында алған теориялық
білімді қолданудағы кәсіби шығармашылық деңгейлерін арттыру, өзара
тәжірибе алмасу;
-
Балаларды рухани-адамгершілік
құндылықтарға баулу, «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылықтарын өмірде
дұрыс қолдана білуге үйрету;
Балабақшаларда «Өзін – өзі
тану» пәнін - «Таным» және «Денсаулық» саласынан 0,5 сағаты
есебінен аптасына 1 сағат көлемінде
жүргізіледі.
Балабақшаға «Өзін – өзі тану»
оқу қызметі не үшін қажет және басқа пәндерден айырмашылығы неде? –
деген сұрақ туады.
Баланың өзін – өзі тануына
ықпал жасау, өз ойын ашық айтуға баулу, басқаларға ойын тыңдата
білуге, басқаларды тыңдай білуге, өз бетінше шешім қабылдау алуға,
қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыру, адамдарды, достарды
және өзін сыйлай білуге, балада сүйіспеншілік сезімін оятуға,
адамгершілік – рухани білімін нығайтуға тәрбиелеу. «Өзін – өзі
тану» пәні абсолюттік жалпы адамзаттық құндылықтарды қамтитын
сала.
-
«Өзін – өзі тану»
пәніндегі бес құндылық мақсаты.
Адам ақиқатты танып,
сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі
тыныштық пайда болады, ішкі тыныштығы бар адам ешкімге қиянат
жасамайды. Ендігі кезекте «Өзін – өзі тану» пәні бойынша бес
құндылықты айтар болсам олар:
АҚИҚАТ
-
Абсолютті ақиқат деп ешқашан
күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға
болады.
-
Әмбебап – Өзгермейтін –
Сезімнен жоғары (уақыт пен кеңістіктен тыс) біртұтастықты
білдіреді.
-
Ақиқат кеңістік және уақытпен
шектелмейді Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат біреу.
Ол өзгермейді, ол жалғыз.
СҮЙІСПЕНШІЛІК
-
Сүйіспеншілік – дүниені
өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты
энергия.
-
Сүйіспеншілік энергиясы
сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, іспен түсінісумен беріледі.
Сүйіспеншіліктің үш түрі бар:
1.Өзімшіл махаббат – сезім
деңгейіндегі махаббат(эгоистік махаббат, ол адам өзін ғана ойлайды,
өзі ешкімді ойламайды. Сезім деңгеіндегі махаббат адамға қуаныш
әкелмейді)
2.Өзара махаббат-санасқан есеп
бар махаббат, сен маған, мен саған. Ерегіс туындап, ауруға
ұшыратады.
3.Риясыз махаббат-рухани
деңгейіндегі махаббат, артынан ештеме сұрамайды. Шынайы жақсы
көреді.
-
Бұл сүйіспеншілікке жету қиын.
Жүрегіміздегі сүіспеншіліктің гүл ашылуына не кедергі келтіреді?
Эгоизм, ашу-ыза, көреалмаушылық, шыдамсыздық, қалаулар, сараңдық.
Жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлінің ашылуына не ықпкал етеді? Біз
тек қана риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі риясыз
сүйіспеншілік гүл жарады.
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
-
Әр
адамның бойындағы бар Ар-ұждан дауысын (интуиция) ажырату және ести
білу қабілеттерін ояту;
-
Күнделікті өмірде дүрыс әрекет ету сапасын
дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын
бекіту.
-
Ақиқат жолымен жүруден дұрыс әрекет туындайды.
Оның қағидаты – өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян
келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдық және мемлекеттің
заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.
ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
-
Философиялық тұрғыдан алғанда
құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нарсе
туралы түсінік. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қағанат аламыз деп
ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан
өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі.
-
Жан тыныштығы мен қуаныш бұл
біздің шынайы ішкі табиғатымыз. Адам ақиқатты танып,
сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде Ішкі
тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Ішкі тыныштықты табу үшін
ой-ниетімізді түзеп, (тек жақсылық ойлап, өкпе реніш, қызғаныштан
аулақ болып, мен ішкі тыныштықты қалаймын деп) менмендігіміз бен
қалауларымызды алып тастасақ, ішкі тыныштық қалады. Яғни, ішкі
тыныштығымызды сезінеміз. Сондықтан да Жан тыныштығын сырттан емес,
оны ештен іздегеніміз дұрыс.
ҚИЯНАТ
ЖАСАМАУ
Жаңа мазмұндағы “Өзін-өзі
тану” пәнінің сабақ құрылымы бойынша айтасам
бұл:
-
Сабақтың
тақырыбы
-
Сабақтың мақсаты:
құндылықтардың мәнін ашу
-
Сабақтың
міндеті
-
Сабақтың
барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық
сәті “Нұрға бөлену”
-
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар қою.
-
Сабақтың дәйексөзі (жеке
айтқызу, қыз балаларға және ұл балаларға бөлек қайталату,
дәйексөздің мағынасын сұрау)
-
Әңгімелеу, тәрбиші сыйы
(әңгіме бойынша сұрақтар қою)
-
Шығармашылық жұмыс, топтық
жұмыс.
-
Топпен ән
айту.
-
Жүректен жүрекке деп
аталады
-
Соңғы тыныштық
сәті.
-
«Өзін – өзі тану» пәні бойынша
балабақшада жүргізілген жұмыстар.
«Өзін – өзі танудағы» нәтижесі
: Руханилылық – адам жанының ізгілігі. Руханилықтың негізінде
адамның мінез – құлқы қалыптасады. Руханилық жолға апаратын бірінші
жол ол – білім алу және сол алған білімді жүзеге асыру. Екінші жолы
– сол алған білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын
өзгертуге әрекет жасайды.
Бұл пәннің жалпы мақсаты –
адамның қоршаған ортаны танып, өзінің жан дүниесіне үңіліп, өзін –
өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуметін көтеру, өзіндік
«Менін» қалыптастыру.
Қалалық білім беру бөлімінің
тапсырмасы бойынша балабақшада «Өзін – өзі тану» пәні –
балабақшада» тақырыбында қалалық семинар
болды.
Семинарда «Буратино» мектепке
даярлық топ тәрбиешісі Д.Таджибаева – «Добрые поступки» және
«Қызғалдақ» ересек топ тәрбиешісі Г.Д.Оспанова «Табиғатқа
құштармын» атты ұйымдастырылған оқу қызметтерін, «Ласточка»
мектепке даярлық топ тәрбиешісі Қ.С.Байкулова – «Красивые уголки
родного краяұйымдастырылған оқу қызметін, педагог – психолог
Ғ.О.Искакова «Экологиялық тәрбие беруді балабақшада пайдаланудың
маңызы» атты «Ақ көгершін» мектепке даярлық топ баларымен
психологиялық топтық жұмысын өткізді. «Өзін – өзі тану» пәні –
балабақшада» тақырыбында баяндаманы егжей – тегжейін слайд арқылы
оқыды.
Сөз соңында айтарым: Өзін-өзі
тану пәні жақсылыққа бастайтын пән.
Ендеше:
Бақытқа жеткізер жол осы дегім
келеді.