Материалдар / Ақиқат немесе жалған пікірлер құру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ақиқат немесе жалған пікірлер құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиқат немесе жалған пікірлер құру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2019
4257
28 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

«Су – тіршілік көзі»

Күні:22.04.2019ж

Сынып: 3 «Б»сынып

Мектеп:№4

Мұғалімнің аты-жөні:Қарауылбаева Ш

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ақиқат немесе жалған пікірлер құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру

3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

оқулықта берілген тапсырмаларды топта, жұпта, жеке орындайды.

Көптеген оқушылыр:

мұғалімнің көмегімен жаңа білімді түсініп, алған білімін өмірде қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

тақырыпты терең меңгеруге арналған тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері

Тапсырмаларды орындау алгритімін түсінеді.

Сыни ойлайды, алған білімін практикада қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

- көбейтуді қалай орындауға болады?

- көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- бөлуді қалай орындайды?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Мәңгілік Ел,бұл-Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім,құрмет

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

Денсаулық және

Техника қауіпсіздігінің сақталуы

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекеттерді орындаудағы қауіпсіздік

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Ойлау дағдысы

Білу,түсіну,қолдану

Ресурстар

жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Ақиқат.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Сұрақтар жаңбыры.

ҚБ: Басьармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

Тақтаға сюжетті сурет іліп, оқушылардың назарын суретке аудару қажет. Сурет бойынша ақиқат және жалған пікірлер құрастыруды тапсыру.Топтарға түрлі түсті қорапшалар үлестіру. Қорапшаның ішінде пікірлер жазылған. Әр топ мүшесі жазылған пікірлердің ақиқат не жалған екендігін айтып, дәлелдеуі қажет.

Өзіндік жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы 2- тапсырманы өз беттерімен орындайды.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындық туындады?

Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?

Жіберілген қателіктің себебі неде?

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар суретке қарап, берілген пікірлердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.

Өздері сурет бойынша ақиқат немесе жалған пікірлер құрастырады.

Оқулықтағы 4-тапсырманы топпен орындайды. Әрбір оқушы кестені пайдаланып ақиқат және жалған пікірлер құрастырады.

Өткенмен жұмыс.

Оқулықтағы 5-тапсырманы жұппен орындайды. Мұғалімнің үлгі бойынша тексеруді ұйымдастыруына болады.

Мұғалім 6-тапсырмадағы есептерді шығармас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар қояды:

  • Волейболды неше адам ойнады? (6)

  • Футболды неше адам ойнады? (Волейбол ойнаған адамдардан 2 есе артық)

  • Футбол ойнаған адамдың санын анықтау үшін қандай амал қолданамыз (көбейту)

  • Эстафеталық ойындарға неше адам қатысты? (волейбол мен футбол ойнауға қанша адам қатысса сонша)

  • Эстафеталық ойындарға неше адам қатысқанын анықтау үшін қандай амал қолданамыз (қосу, волейбол мен футбол ойнауға қатысқан адамдардың санын қосамыз)

  • Барлығы неше адам спорттық ойындарға қатысты? (алынған қосындыны өз-өзіне қосамыз)

Есепті неше амалмен шығарамыз? (3)

Мұндай есептің түрін қалай атайды? (құрама есеп) Есептерді тақтада орындатуға болады. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздыру қажет. 7-тапсырма зерттеушілік талап етеді. Бұл тапсырманы практикалық жұмыс ретінде орындауға болады. Қорапқа көк және қызыл түсті 7 қарындаш салып, бірнеше оқушыға қораптан қарындаштарды алғызып тәжірибе жасатуға болады.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






Сабақтың соңы

Мен:

фигураларды жіктеуді;

симметриялы фигураларды табуды;

симметриялы фигуралар салуды білемін.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Жетістік баспалдағы» кері байланыс.











Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!