Материалдар / "Ақсерек көксерек халықтық ойыны"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ақсерек көксерек халықтық ойыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтық ұлттық ойындарды дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
3759
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

(ҚМЖ)

Тобы

Күні

ҚБА-104

6.05.2020


Оқытушы: Турсунбаева Г.Т.

Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ұлттық ойындар.«Ақсерек-көксерек».

Сабақ мақсаттары

Білімалушыларға қозғалмалы ойындар «Ақсерек-көксерек» туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу, студенттердің салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын, спортқа деген белсенділіктерін, шеберліктерін дамыту. Әдептілік, салауатты өмір сүруге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Бағалау

критерилері

- Қозғалмалы ұлттық ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолданады;

- Қозғалмалы ұлттық ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсетеді;

Тілдік мақсаттар


- Қозғалмалы ұлттық ойындары арқылы әр түрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады. (айтылым,тыңдалым)

  • «Қызыл табан»

  • «Тымпи-тымпи»

  • «Арқа»

  • «Ұщты-ұшты»

  • «Арқан тартыс»


Талқылау үшін сұрақтар

  • Осы ойын дағдылары ынтымақтастық дағдысына жәрдемдесе ме және олар нені дамытады?



Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге қызығушылық, шығармашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, дене сымбатын және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Білімалушыларды өз бетімен оқуға, іске баулу дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

Рухани- адамгершілік құндылық

Білімалушыларға қозғалмалы ұлттық ойындары туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.






Пәнаралық байланыстар


Қазақстан тарихы, өзін- өзі тану пәндерімен байланыстыру.


Бастапқы білім

Қозғалмалы ұлттық ойындар туралы мағлұматтар.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері




Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-5






30-35

I.Топты сапқа тұрғызу. Кезекшіден баяндама қабылдау.

Білімалушылардың сабаққа толық қатысуын тексеру және зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау, Миға шабуыл әдісі.

Әлемдік спорт жаңалықтарымен таныстыру.

Сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

II.Жаттығулар:

(Саптық; жүгіру; жүру; топтық жаттығулар; арнайы жүгіру секіру жаттығулары;ЖДЖ)

1.Саптық жаттығулар; сергіту ойыны;

Саптағы жәй жүріс;

Саптағы тез жүріс (спорттық) ;

2.Жүгіру: (жеңіл жүгіріс,) ;

Демді қалыпқа келтіруге арналған арнайы жаттығу;

3.Жүру:

- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда;

- қол желкеде, өкшемен жүру;

- аяқтың сыртымен, қол иықта;

- аяқтың ішімен, қол белде;

- жартылай отыру, қол арқада;

- отыра жүру, қол тізеде;

4.Арнайы жүгіру секіру жаттығулары:

-аяқты артқа сермей жүгіру;

-тізені көтере жүгіру;

-аяқты алдыға соза қайшылай жүгіру;

-оң аяққа сол аяққа секіре тізені көтере жүгіру;

-велосипед тебу тәріздес жүгіру;

т.б

5.Кешендік ЖДЖ

Мойын буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- оңға және солға бұрылу;

- оңға және солға иілу;

- алдыға және артқа иілу;

- айналмалы қозғалыс;

Қол буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- саусақтарды ашып жұму;

- қол білезіктеріндегі айналмалы қозғалыс;

- шынтақ-иық деңгейіндегі шынтақпен ішке сыртқа айналмалы козғалыс;

- иық буындарының қол созылған, иілген түрдегі айналмалы қозғалыс;

- қол иықта, иықты алдыға, артқа айналдыру;

Дене буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- оңға және солға бұрылу;

-оңға және солға иілу;

- алдыға және артқа иілу;

- айналмалы қозғалыс;

Аяқ буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

- сол аяққа отырып, оң аяқты жанға созу, денені сол аяқтан оң аяққа ауыстыру;

- сол аяққа отырып, оң аяқты артқа созу, денемізбен астыға устіге серпілу, алдыға артқа ;

- Отырып тұру;

- Тізені алдыға артқа айналдыру

Секіру

- бір аяқпен,

- екі аяқпен

6.Топтық жаттығу:

Екі топқа бөлініп, бірлесіп орындалатын топтық жаттығулар.

7.Он алтылық жаттығу жасату;

8.Аэробикалық жаттығу жиынтығын жасау.

Демді қалпына түсіру

Бастапқы қалып: аяқ иық деңгеиінде, қол астыда

- қол жаннан жоғары қарай – дем мұрынмен

- жылдам алдыға еңкеиу – қолды алдыға – астыға– демді ауызбен шығару

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

оқытушыға

ысқырық , өлшем құралдары, гимнастикалық таяқша, арқан, музыкалық жабдық.









Сабақтың ортасы






40

Ақсерек пен көксерек - қазақ балаларының дәстүрлі ұлттық ойынының атауы. Әр кезеңде, әр өлкеде түрліше аталғанымен ойналу реті бірдей (толығырақ қ. Айгөлек). Қазақ өлкесін зерттеу Орынборлық коғамының еңбектерінің бірінде (1921 ж.) Орал облысы Темір болысының тұрғыны Дәулетияр Имашев «Мылқау тотай» деген ойын туралы айтады. Оны жылдың жылы мезгілінде ауылды жерде, 6-15 жас аралығындагы балалар жиналып ойнайды. Ойыншылар саны 6 адамнан кем болмауы керек және ойыншылар санының жұп болғаны абзал. Ойын мынадай кіріспемен басталады: ойынға қатысушылардың арасынан бойлары сұңғақ екі ойын басшысын таңдап алады. Ортаға шыққан ол екеуі таяқ ұстасып сайысу арқылы қай жеңгені бірінші болып өзіне ойыншы әріптес таңдайды. Осылай екі топ жасақталады да, әр топ бір- бірінен алысырақ (шамамен 10-15 қадам, кейбір деректерде 20 қадам) барып, қатарласып қол ұстасып тұрады. Әлгі ойынды бастайтын топтың басшысы: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.Содан кейін екінші топқа кезек келеді, басшысы (кейбір деректерде әріптестері қосылып топпен) айқайлап: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп дауыстап сұрайды. Олар қарсы жақтың біреуінің атын атап шақырады. Реті болса, жасы кішкене, әлсіз ойыншыны шақырып, өздерін утып алып, тобын көбейтуге тырысады. Осы тәсілмен ойын, бір топтың адамдары бітіп қалғанша жалғастырыла береді. Жеңген топ, жеңілген топты келемеждеп, әр түрлі сөздер айтып мазақтайды. Болмаса жеңілген топ ойыншылары, жеңген топ ойыншыларын арқаларына салып, белгілі бір межеге дейін апару сияқты айыптарды орындайды. Аталған ойын барлық ұлыстарда қолданылады. Ақсерек пен көксерек ойынының жаңартылып, байытылған нұсқалары көп және оның бірі айгөлек, ақ керек деп аталатын ойында жарысушы екі тарап ойынға қатысуды шақыруды топтасып тұрған қарсы жақ өлеңмен хормен айқайлап айтып жеткізеді.

Ақ серек пен көк серек!

Тауып алдым бәйтерек!

Жалындаған күн керек!

Жалпы достан кім керек?

Анау тұрған үл керек!

Оның аты — Еркебек,

Келсін бізге ертерек! - деп, өлеңдетіп карсы жақтың бір ойыншысының атын атап шақырады


III.Топпен тақырып бойынша төмендегі ойындарды ойнату.

  • «Ақсерек-көксерек»

  • «Айдаһардың құйрығы»

  • «Ұшты-ұшты»

  • «Арқа»

  • «Қызыл табан»

  • «Тымпи-тымпи» 

Дескриптор :

-қауіпсіздік ережесін біледі.

- ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды дамытады.

-әріптесіне көмекке келе алады.

-ойында топты жеңіске жетелейді.


IV. Кері байланыс:

«Бес саусақ» әдісі.


V. Бағалау

Білімалушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай баға қойылады





Қазақ ойындарына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

















































ысқырық , өлшем құралдары, гимнастикалық таяқша, арқан, музыкалық жабдық.

Сабақтың соңы





10

VI. Рефлексия:

«Жатығу» әдісі

Сыртқы интеграция (Сабақта өзін-өзі тану пәндік – тыныс алуды шоғырландыру)

Тыныс алуды шоғырландыру.

Мұғалім: Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға шоғырланған кезде біздің санамыз тынышталады. Тынысты ішке тартқанда біз өзімізге тыныштық пен қуанышты жинаймыз. Тынысты сыртқа шығарғанда біз барлық мазасыздықты сыртқа шығарамыз.

Ал енді дайындаламыз, балалар. Көзімізді жұмамыз..., денемізді тік ұстаймыз.., Тынысты ішке тартамыз... сыртқа шығарамыз (9-10 рет жайлап)

Алған әсерлерімен бөлісу.


VII. Үй тапсырмасы:

- өтілген материалды қайталау ;

- ждж.

- алдын-ала бөлінген топтарға сәйкестендіре отырып үй тапсырмасын беру


Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Керек құрал саймандар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы бағасы

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!