Материалдар / А.Құнанбаев. "Он жетінші" қара сөз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

А.Құнанбаев. "Он жетінші" қара сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта топқа бөліп білім алушыларға Абай Құнанбаевың 17-қара сөзі туралы тапсырмалар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
435
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің аты-жөні

Жамалова Арухан Дуйсенбаевна

Күні:29.09.2021ж

Мектебі: №18 жалпы білім беретін КММ

Сынып: 10 ғ

Қатысушылар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Бөлім:


Сабақтың тақырыбы

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.1.1. Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.

10.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: қара сөзді оқиды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: қара сөзге сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады: шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды.

Бағалау

критерийлері:

- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.

-шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.

Талқылауға арналған сұрақтар:


1. Адами қасиеттер дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Ғылымның шешімімен келісесіңдер ме?

3. Қазіргі заманның нағыз адамы қандай болу керек?

Сабақтың барысы.


Сабақтың

кезең

уақыттары

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин










3мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару. «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргізіп,білім алушылардың назарын сабаққа аудартамын. Сыныпты қима қағаздар арқылы топқа бөлу.

1-топ: «Қайрат»

2-топ: «Ақыл»

3-топ: «Жүрек»

Үй тапсырмасын пысықтау үшін «Жылдар сөйлейді» ойыны арқылы конверттегі жылдар жазылған сұрақтарды үлестіремін. Оқушылар жылдар арқылы сөйлеп, жауап беру арқылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайында ойларын жинақтайды.

1-топ:

1904ж

45

3ай

2-топ:

1870

3жыл

1845

3-топ:

45

3

10жас

Жаңа сабақты тақырыбын ребус шешу арқылы жинақтайды, мақсат міндеттерін түсіндіремін.

Ребустағы сөз: Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі

ҚБ: ауызша Мадақтау

Оқу мақсатын таныстыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару. «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргізіледі.


Дескриптор:

-оқушылар жылдарға байланысты сұрақтарға жауап береді.

- өмірі мен шығармашылығы жайында ойларын жинақтайды










Дескриптор:

-ребусты шешу арқылы тақырыпты болжайды

- Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері танысады.


ҚБ: ауызша Мадақтау



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.

Сабақтың ортасы

30 мин





7мин


















7мин










10мин

1-тапсырма. «Ой-толғаныс» әдісі бойынша шашыраңқы сөздерді жинау арқылы «Қара сөз», « Ғақлия» сөздерінің мағынасын ашу

1-топ

1.Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.

2. Қарасөз –арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.

3. Ғақлия-көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

2-топ

1. Абайдың 45 қарасөзінің саны

2. Бұл қарасөздер 1890-1898 жылдар арасында жазылған.

3. Қарасөздер алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы Абай журналында жарық көрді.

3-топ

1. Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды

2. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған.

3. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз.



2-тапсырма. «Мәтінмен жұмыс» әдісі бойынша Абайдың «он жетінші» қара сөзін бірнеше бөлікке бөліп оқу.

Тапсырмалар:

· мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

· әр бөлікке атау беру;

· әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

· кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;

· мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру;


3- тапсырма. «Ойлан, жұптас, бірлес» әдісі бойынша «Он жетінші» қара сөзін көркемдік ерекшелігіне қарай əдеби-теориялық талдау жасау.

  1. Тақырыбы мен идеясын анықтайды

Тақырыбы: Адам бойындағы адамдық қасиеттер.

Идеясы: ізгілікке, ғылымды меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу, адам бойынан жақсы қасиеттерінің табылуы; осы үшеуі де адам бойынан табылса, сол қасиетті адам.

  1. Жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды

Жанры: Көркем әдебиет;мақала, қара сөзбен жазылған еңбек.

Лексикалық сөз қолданысы Ғақлия, ғибадат, мәдмәладқа жету, ахирет, нәпсі, үлкеннен ұят сақтап жаманшылықтан жирену.

Тартыс: үшеуінің тартысы.

Шешім: Ғылымның жүректі жақтауы.

  1. Идеялық мазмұнына талдау жасайды

Түйін ғибрат: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда ғана боларсың елден бөлек


4-тапсырма. «Пікірлер базары» әдісі бойынша әр топ өз кейіпкерінің суреті салынған плакатқа , сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтардан 1-2 оқушы «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.











Дескриптор:

-«Қара сөз», « Ғақлия» сөздерінің мағынасын аша алады

- әр топ бірін-бірі тыңдайды












Дескриптор:

-Мәтінмен толық танысып, идеясына талдау жасайды










Дескриптор

-əдеби-теориялық талдау жасайды

-жанрлық ерекшелігін, идеялық мазмұнын түсінеді.



Форматив

ті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

«Kahoot.it» бағдарламасы бойынша, оқушылар сабақты қосымша сұрақтарға жауап беру негізінде қорытындылайды.



Тақырып бойынша қосымша сұрақ тапсырмалары.

ҚБ: жылдамдық негізінде автоматты түрде бағалау



Кері байланыс

«Рефлексия» кері байланыс.


Бағдаршам

Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады Қызыл түс -БАРЛЫҒЫ

сары түс -КӨБІ,

жасыл түс-КЕЙБІРІ



Сабақтан алған әсерлерін түстер арқылы көрсетеді

«Рефлексия»

Кері байланыс













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!