Материалдар / Аралас топтағы балалардың сөздік қорын дамытудағы жаңаша оқытудың тиімді жолдары.Іс - тәжірибе шағын орталық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аралас топтағы балалардың сөздік қорын дамытудағы жаңаша оқытудың тиімді жолдары.Іс - тәжірибе шағын орталық

Материал туралы қысқаша түсінік
шағын орталыққа арналған іс - тәжірибелер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
763
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі

























«Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешісіКабдрахимова Асел Талапқызының іс-тәжірибесі





















2017жыл

























Іс-тәжірибе материалдарын жинақтап және баспаға дайындаған: Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі жанындағы «Балдәурен» шағын орталығының аға тәрбиеші А.Т.Кабдрахимова



























Бұл тәжірибе шағын орталық тәрбиешілерімен тәжірибе бөлісу, жас тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.























Мазмұны



  • Негізгі бөлім............................................................................4бет
  • Сабақтардың жоспарлары.
  • Тіл дамыту «Музыкалық ойыншықтар»........................6-7бет
  • Сурет салу «Сылдырмақ».............................................8-10бет
  • Жапсыру «Пирамида».................................................11-12бет
  • Құрастыру «Қыстап қалған торғайлар»....................13-16бет
  • Қарапайым математикалық ұғымдарда қалыптастыру «Саяхатшы ойыншық»................................................16-19бет
  • Музыка «Ақтайлақ»....................................................19-22бет
  • Мүсіндеу «Табақ»........................................................22-25бет
3.8. Ертеңгілік «Ару, көктем, Аналар»..............................26-30бет 3.9. Ертеңгілік «Елімнің –еркіндігі Тәуелсіздік».............30-32бет6.Пайдаланылған әдебиеттер..............................33 бет











































Заман талабына сай шағын оралықтардағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілетін дамыту болып саналады. Шағын орталықта қазақ тіліндегі топтарға сөздік қорын молайту және орыс тілін үйрету жұмыстары әрбір балаға бір не өзге еркіндік беру арқылы оның жеке тұлғалық қабілетін көздейтін әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруға болады.Күнделікті әр сабақта бұл әдісті тиімді пайдалану тәрбиешінің шығармашылық шыңдалуымен қатар, балалардан күтілетін нәтиженің жоғары болуына көмектесетіні көрінеді. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Дұрыс тәрбиенің асылы баланың тәні мен жанына керек деп танылған, істерді істеу. Баланың тәні сау, есі дұрыс, зейіні алғыр болып өсуіне керек істерді бала табиғатының тілеуімен, бала табиғатының әуенімен істеу-сол дұрыс тәрбиелеу», -дегендейбұл жинақта баланың сөздік қорын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту үшін ойлауына, жеке қызығушылығың болуына, дұрыс қажетті деген материалды табуға, сол білімін қажет уақытында пайдалана білуіне көңіл бөлінді.











































Негізгі бөлімҚазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу баршаның ісіне айналған. Отбасының да, мектеп, балабақшаның да, шағын орталықтың да мақсат- мүддесі біреу.-заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесінде балабақшаның да, шағын орталықтың да алатын орын ерекше деуге болады. Бәрі де бір үйдің еркесі, шағын орталықта баланы ең алдымен тәртіпке салып, дамып жетілуі жолында тәрбиешілер қызмет атқарады.Тәрбиенің тал бесігі шағын орталық табалдырығынан басталады. Ізгілік пен парасаттылықты, талғылымды тәрбие мен біліктілікті бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрьи ошағының бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуда шағын орталықтың өзіндікорны мен үлесі бар. «Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң бала тәрбиеле»деген дана сөздің өзінен –бала келешегінің дамуына үлкен мән бергенін аңғарамыз. Сондықтан , тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды қарастыру әрбір тәрбиешінің тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Баланың үйде отырмай шағын орталыққа барғаны жөн. Өйткені бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді,мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады.Мен «Баланың сөздік қорын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанып келемін.«Сөз, сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» демекші қазіргі таңда балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. С онымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеу де бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында аз сөйлеуге тырысада. Қоғамда өзін өолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді.Сондықтанда ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі граматикалық жағынан жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кейбір дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды. Осы ауқымды мәселеге байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамитикалық жағын қалыптастыру негізінде сабақтарымда түрлі тапсырмалар, ойын түрлерін жиі қолданамын. Осындай үлгіде берілген сабақтардың ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасынмен тәрбиелік шаралардың үлгісін ұсынамын.











Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасыТақырыбы: «Музыкалық ойыншықтар» Білім беру саласы: ҚатынасБөлімі: Тіл дамыту Мақсаты: Музыкалық ойыншықтар туралы сипаттай отырып әңгіме құрастыруға, ойыншықтар, олардың сапасы мен белгілерін атауды үйрету.Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту, дауыстың күшін жан – жақты зерттеу (сыбызғы шулайды, қоңырау шылдырлайды, барабан дүрілдейді). Адамгершілікке, сыпайлыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Музыкалық ойыншықтар туралы айтып, түсінік беруӘдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын. Көрнекіліктер: Музыкалық ойыншықтар, суреттер Билингвалдық компонент: Қуыршақ-кукла, мысық-кошка, домбыра-домбра, әліппе-алфавит


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті


Себепті – қызығушылығын ояту


Шаттық шеңбері: Күндей жадырап, Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап,Судай таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық. Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарымды көргенде ,Қуана қарсы аламыз.


Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.











Ұйымдастырушылық – іздену кезеңі
Ғажайып сәт: «Жылтыр қорапшаның топта пайда болуы». - Бұл қорапшаның ішінде не бар екен, ашып көреміз бе? Тәрбиеші жылтыр қорапшаны ашпақ болып, қолын тигізе бергенде оқыстан бір дауыс шығады.- Балалар, бұл жәй қорапша емес, сиқырлы болды гой, а. - Жарайды, ендеше қорапша иесінің тапсырмасын орындап көрейік. - Балалар қорппшаның ішіне қолдарын салып тапсырмалар алады.-Тапсырмада музыкалық ойыншықтардың суреттері көрсетілген, балалар суретіне қарап тұрып атарын атайды.-суреттегі музыкалық ойыншықтар туралы тәрбиеші айтып кетеді.



Әдемі қорапшаға таңырқай қарайды. Ашып көруге асығады.





Балалар одан сайын таң қалады. Қорапшаның ішінен шыққан дыбысқа құлақтарын тосады. Балалар барлығы келіседі.





-Балалар өздері білетін музыкалық ойыншықтарды айтады.


Оқу іс - әрекетті бақылау кезеңі
-Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?-Қандай ойыншықтар мен таныстық?-Олардың атарын кім атайды?

Балалар сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже: Нені білді: Музыкалық ойыншықтар Қандай түсініктерді игерді: Дыбыстардың дұрыс айтылуын Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Дауыстың күшін жан-жақты зерттеуді





Тақырыбы: «Сылдырмақ» Білім беру саласы: ШығармашылықБөлімі: Сурет салу Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту.Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту, сурет сала білуге үйрету, көркемдік талғамын дамыту.Әдемілікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеуАлдын – ала жүргізілетін жұмыс: ойыншықтар(сылдырмақ) туралы айтып, түсінік беру Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын. Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер, түрлі-түсті бояу, сурет салататын парақтарБилингвалдық компонент: сылдырмақ-погримушка, түстер-цвета, қыс-зима


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті


Себепті – қызығушылығын ояту


Шаттық шеңбері: «Қайырлы таң балалар. Бір-бірімізді көргенімізге осы күнге қуанайық Үлкенге де сіз,Кішшіге де сіз,Баршамызды құрметтеп,Бас иеміз біз»





Балалар шеңберге тұрады, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.













Ұйымдастырушылық – іздену кезеңі
Балалар бүгін аптаны қай күні?Бір аптада неше күн бар?-Жету үшін мұратқа,Апта бойы құр жатпай,Алға қарай бір атта!Ой жарайсыңдар Балалар қазір қандай мезгіл?Қыс айларын атайық?-Балалардың көңілдерін сабаққа аудару.-Балабақшада, үйде бос уақытымызда не істейміз?-Ия ойыншықтармен ойнаймыз-Біз бәріміз ойыншықтарды жақсы көреміз, сендер сүйікті ойыншықтарды ойнап болғасын лақтырып тастап кетесіңдер ме?-Балалар мына суретке назар аударайық?-Мына сурете не бар?Дұрыс сылдырмақ-Ал мынау не?(ойыншық сылдырмақты көрсету)-Сылдырмақ музыкалық аспаптар тобына жатады, сонымен қатар оның көптеген түрлері бар? Олар әр түрлі дыбыстар шығарады және де бір біріне ұқсамайды.Мына менің қолымдағы ойыншық сылдырмақ, онымен біз кішкентай інілерімізді ойнатамыз. Ойыншық сылдырмақтың да түрлері көп, олар бір-біріне ұқсамайтын дыбыстар шығарады.-Кәне бәріміз сылдырмақ туралы тақпақ айтайық.-Ал балалар енді осы сылдырмақтың суретін салып үйренеміз



-Дүйсенбі бірінші күн-Жеті күн- бір апта

-Бірге қайталайды



-Қыс мезгілі-желтоқсан , қаңтар ақпан,

-ойыншықтармен ойнаймыз

-жоқ олай істемейміз









суреттегі заттың атын атайды-сылдырмақ























Балалар бірге қайталап айтады.Балалар керек құралдын алып сылдырмақтың суретін салуға тәрбиеші көмектеседі.


Оқу іс - әрекетті бақылау кезеңі
-Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?-Қандай ойыншықпен таныстық?-Оның аты қалай атайды?-Сылдырмақ туралы қандай тақпақ білеміз?-Кәне бәріміз салған суретерімізді бір-бірімізге көрсетейік?

Балалар сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже: Нені білді: Сылдырмақтың түрлерінҚандай түсініктерді игерді: Сөздік қорларын байытуМеңгерген дағдылар мен іскерліктері: сурет салуды, көркемдік талғамын



















Тақырыбы: «Пирамида»Білім беру саласы: ШығармашылықБөлімі: Жапсыру Мақсаты: Әлемнің кереметтері жайлы түсініктер беру, жапсырудың дағдыларын қалыптастыру. Дайын үлгілердің өлшемдерін, түстерін келістіре отырып пирамида жасауды үйрету.Желімді ұқыпты пайдалануға дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, белсенді жұмыстануға тәрбиелеу. Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Әлемнің кереметтері туралы айтып, түсінік беру.Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын. Көрнекіліктер: Пиамидалардың суреттері, қорап, түрлі-түсті қиынды қағаздар, желім, қатты қағаздар Билингвалдық компонент: түрлі-түсті қағаздар-цветная бумага, желім-клей, қайшы-ножница


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті


Себепті – қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық-Балалар бүгін аптаның қай күні еді?-Дұрыс-Балалар орнымыздан тұрып бір-бірімізге жарқын жүзбен қарап, алақанымыз арқылы жылылық берейік

-Дүйсенбі





-Қимылмен көрсетеді





Ұйымдастырушылық – іздену кезеңі
Ғажайып сәт-Балалар қараңдаршы біздерге үлкен сыйлық келіпті, қалай ойлайсыңдар, ол қандай сыйлық екен?-Ашып көреміз бе?-Балалар қораптың ішінде қиындылыр бар екен. Менің ойымша бұл қиындылыр пирамиданың қиындылыры болуы керек.Пирамида туралы түсінік беріледі.-Бізге осы қораптың иесі тапсырма береген, тапсырмасын орындаймыз ба?-Олай болса тапсырма мынадай?Осы қиылған қиындылырдың өлшеміне қарап, пирамида құрастырып, оны жапсырумыз керек.Сергіту сәтіКөгімізде алтын күн,Себілгендей алтын күн.Балабақша бағындаЖарқырасын алтын күн

Әдемі қорапшаға таңырқай қарайды. Ашып көруге асығады.

-Ия



Пирамиданың суреттерін көреді, пирамидатуралы ақпарат алады.



-ИяБалалар дайн үлгілердің өлшемдерін, түстерін келістіре отырып жирамиданы жапсырып үйренеді.

-Балалар бірге қайталап, қимылмен қайталайды.


Оқу іс - әрекетті бақылау кезеңі
-Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?-Не жапсырдық?-Пішіні қандай?-Кәне жапсырған пирамидаларыңды бір-бірімізге көрсетейік

Балалар сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже: Нені білді: Әлемнің кереметтері пирамида туралы Қандай түсініктерді игерді: Дайын үлгілердің өлшемдерін, түстерін келістіре отырып пирамида жасауды үйренді.Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Жапсыру дағдылырын



Тақырыбы: «Қыстап қалған торғайлар»Білім беру саласы: ТанымБөлімі: ҚұрастыруМақсаты: Қыстап қалған торғайлар туралы түсініктер қалыптастыру.. қағазды умаждау әдісін қолдана отырып торғайларды үлгіге қарап жасауды үйрету.Ұқыпты, нәтижелі жұмыстануға тәрбиелеу. Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Құстар туралы(қыстап қалған торғайлар) түсінік беру, жұмбақтар жаттатқызу. Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын. Көрнекіліктер: Құстардың суреттері, қағаздар, құрастырмалы ойыншықтар Билингвалдық компонент: көгершін- голуб, сауысқан-сорока, Торғай-воробеи


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті


Себепті – қызығушылығын ояту


Психологиялық сәтТабиғат біздің анамыз,Табиғатқа баламызИіліп сәлем береміз,Біз әдепті баламыз.Арайлап атқан таңымыз,Қайырлы болсын күніміз.Шуақты күннің сәулесі,Жайнасын бүгін жарқырап.Амансың ба, нұрлы күн!



Балалар шеңберге тұрады, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.













Ұйымдастырушылық – іздену кезеңі
Ой қозғау-Шыңнан сырғып түсті де,Келді етекке қар, міне,Ақ қарлар ақ көбелек,Қонды үйлердің үстінеӨлең жылдың қай мезгіліне арналған?-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?





-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Мына суретке назар аударайық, нелердің суреттері? -Қандай құстардың аттарын білесіңдер?

-Құстардың қандай пайдасы бар?-Осы айтқан құстар біздің ауылымызда бар ма?-Суыққа шыдамды құстарға назар салайық-Бұл құстардың жүні денесіне тығыз орналасады, қанаттарының астына қалың мамық өседі. Құстар қыста үй маңында жүреді, өйткені олар суыққа төзімді болады, ал тамақ табуы қиынға түседі. Қыста құстар суықтан қорықпайды, аштықтан, қорқады екен. Сондықтан суыққа төзімді болып келеді. Өз тамақтарын тауып жейді.Мен сендерге жұмбақ жасырамын.-Итпен бірге таласып,Табаққа қонып қоймайды.Білесің бе, кәне, айта ғой,Танисың ба.................(Торайды)-Құстардың ішінде ең кішкентайы –торғай. Торғайдың жүні денесіне тығыз орналасқан, биікке ұшады, тұмсығы қатты және үшкір, жемді шоқып жейді. Қардан тамақтарын тауып жейді.-Енді балалар құрастырмалы ойыншықтарды және қағазды умаждау әдісін қолдана отырып торғайларды үлгіге қарап жасауды үйренеміз










-Қыс мезгіліне

-Күн суытады, күн аязды, жапалақтап қар жауады, ағаштар қар жамылады, сулар мұз болып қатады.-үш ай, олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан-құстардың

-өздеріне таныс құстардың аттарын атайды.-өз ойларын айтады.

көріп жүрген құстары туралы айтады.





















-Торғай

















-Балалар тәрбиеші мен бірге құрап үйренеді


Оқу іс - әрекетті бақылау кезеңі
-Рахмет балалар өте жақсы құрастырдыңдар, құстарға деген қамқорлықтарың көп болсын.Бәрәмәз бірге торғай туралы тақпақ айтайық. Торғайды қорғауШыр-шыр еткен торғайды,Қорғамасағ болмайды.Кіп-кішкентай торғайлар,Ағаштарды қорғайды,Ұя бқзған оңбайды.Құс өкпелеп кетеді,Бақшамызға қонбайды.

Күтілетін нәтиже: Нені білді: Қыстап қалған құстардың тіршілігі туралыҚандай түсініктерді игерді:
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!